Кіріспе: Биоиндикация- қоршаған ортаның жағдайын тірі ағзалардың реакциясы бойыншы бағалау. Биоиндикаторлар ретінде жануарлар, өсімдіктер, бактериялар, вирустар қолданылады.
Инфузориялары қоршаған ортаның ластаушыларының улылық дәрежесін анықтауда өте қолайлы объект болып табылады. Себебі, лоарды зертхана жағдайында өсіру, тәжірбиені жүргізу салыстырмалы түрде арзан, жылдам және дәлдігі жоғары нәтижелер алып, зерттелетін заттардың улы әсері туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Мақсаты: пестицидтердің мысалында қоршаған ортаны ластайтын заттардың жоғары дәрежедегі улы, орташа және созылмалы улылық деңгейін инфузориялардың көмегімен зерттеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: инфузория дақылы, атразин, пропазин, симазин (қоршаған ортаны ластаушы басқа да заттар) гербицидтерінің ерітінділері, сағат шынысы, термостат, пробиркалар, пробрикаларды қоятын штативтер, бинокулярлық микраскоп.
Жұмысты орындау барысы.
Сағат шынысы 2 мл зерттеліп отырған заттың ертіндісін құйып, оған инфузориялардың 15 дарағын орналастырыңыздар. Белгілі бір уақыттан кейін (15 минут, 24,72 сағат) дарақтардың саны және олардың белсенділігі есепке алынады. Зақымданбаған дарақтар оңай жоғары көтеріліп, ерітінді бетінде қалқып, жүзіп жүреді. Ал зақымданбаған жануарлар ерітіндінің түбіне шөгіп, баяу қозғалады, ал өлген инфузориялар түссізденеді.
Егер 15 минуттан соң инфузориялар тірі болса, онда инфузориялары бар пестицид ерітінділерін пробиркаларға құйып, 23 С термостатқа 24 сағатқа қойылады.
Бір тәуліктен соң ертінділер микраскоп астында зерттеледі. Егер 24 сағаттан соң инфузориялардың өлімі байқалмаса, онда дақылдары бар препараттарды термостатқа қойып, 72 сағаттан соң тағы да зерттеуге алынады.
Бақылау ретінде 2мл таза суға 15 инфузория дарақтары орналастырылды. 24,72 сағаттан соң тәжірбие жағдайындағы жануарлардың табиғи өсімі есепке алынады.
Тәжірбие нәтижелерін кестеге толтырыңыздар
Алынатын сынама
|
Алынған нәтежелерді толтыру
|
|
|
|
|
|
|
Алынған нәтижелер бойынша зерттеліп отырған заттардың улылық дәрежесі туралы қорытынды жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |