Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі



жүктеу 37.78 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі37.78 Kb.
Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі

Ауыл округі әкімі көлемінде ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі көзі мал шаруашылығы . Ұзынбұлақ, Ақши ауылдарының қара малы 4967 басқа, жылқы – 2173 басқа, қой-ешкі - 5475 басқа жеткен. Ауылдық округте 26 шаруа қожалығы бар. Округтегі қара мал тұқымын асылдандыру бүгінгі бар малдың 47 пайызды құрап 1343 аналық басты қамтыды. Ұзынбұлақ ауылындағы «Отан» шаруа қожалығы (Ақылов Т) қолындағы қара малдарын 60 пайызға асылдандырып, республикалық асылдандыру палатасына тіркелді.

«Жұмыспен қамту-2020» жол картасы аясында мал шаруашылығын дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға 2 азаматқа шағын несие алуға қолдау жасалды.

Округ көлемінде күні бүгін 6830 мың мал басынан қан алынып нәтижесінде 64 бас бруцуллез ауруына оң нәтиже берді. Ауру малдар мал дәрігерінің бақылауымен оқшауландырылып, жойылды.



Әлеуметтік жағдай:

Округте 2 мектеп, 1 Фап, 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 1 учаскелік полиция, 2 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 1 ауылдық клубы, 1 шағын орталық, 4 сауда дүкені, 1 пошта бөлімшесі ауылға қызмет көрсетеді.



Денсаулық сақтау:

Ауылдық округте денсаулық саласында 1 дәрігер, 3 медбике, 2 санитар, 1 жүргізуші барлығы 8 маман жұмыс істейді.

Жыл көлемінде дәрігерлік қабылдауда - 2950 адам, оның ішінде ауруы бойынша -574 адам, 14-49 жас аралығындағы әйелдер саны -176 адам, 0-15 жасқа дейінгі балалар саны - 263, жасөспірім саны- 44. Биылғы жылы округімізде 16 нәресте дүниеге келсе 6 адам қайтыс болған. Ауылда дәріхана жұмыс атқарады.
Білім саласы:

Өткен 2014-2015 оқу жылында Е.Бекмаханов орта мектебінде білім сапасы 73,3 пайызды құрап, 119 оқушы білім алды. ҰБТ қорытындысы аудан бойынша 94 орташа бал алып 2 орынды иеленді. Е.Бекмаханов, Ақши мектептерінде тегін ыстық тамақпен 75 бала және ата-аналар есебінен 97 бала қамтылған, ыстық тамақ бағасы бір балаға 200 теңгеден. Мектептердің жылу қазандықтары қалыпты жағыдайда жұмыс істеуде. Отын қоры жеткілікті.



Мәдениет саласы бойынша:

Ұзынбұлақ округінде 130 орындық бір мәдениет үй мен 120 орындық бір ауылдық клуб үйі жұмыс атқарады. Онда 4 мәдени қызметкер, 18 жұмыскерлер еңбек етеді. Жыл бойы мемлекеттік, ұлттық мерекелер мәдениет мекемелері қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізіліп келеді.

Округта 2 кітапхана ауыл оқырмандарына қызмет көрсетеді. Ұзынбұлақ кітапханасында 223 оқырман, 1954 кітап қоры бар, Ақши кітапханасында 150 оқырман, 1971 кітап қоры бар. Кітапхана жыл сайын жаңа кітаптармен толықтырылып отырады.

Ауылдық округ әкімі аппаратында жастар ісі және спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстарымызда бар, облыста өткізілген спорттық сайыста Төлеуов Батырбек өз салмағында күрестен бірінші орын алса, қол күрестен Садыков Доскен 2 орынды иеленді. Дегенмен кемшіліктеріміз де баршылық. Барлық түрдегі спорт түрлерінен көрсеткіштеріміз көңіл қуантпайды. Алдағы уақытта бұл жұмыстарды жандандыруда бір шама жұмыстар жүргізуімізге тура келеді.

Биылғы жылғы сәуір айында болған тасқын салдарынан зақымдалған Ұзынбұлақ-Теңдік, Ұзынбұлақ-Ақши автожолдарының жол танаптарына күрделі жөндеулер жүргізіліп, пайдалануға қосылды.

Алдағы уақытта ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында төмендегідей проблемалық мәселелерді шешу мақсаты қойылып отыр:

Олар: Ақши ауылындағы орта мектеп жанына шағын бала бақшасын ашқызу, ойын алаңын салғызу. Округтегі екі ауылдың қатты тұрмыстық қалдықтар орнындарын және мал өлекселерін залалсыздандырып, көму орындарына жер телімдерін заңдастырып, орналастыру. Округтегі 2 орта мектептің барлық есік терезелерін заманауи өнімдермен алмастыру, ішіндегі электр қуаты жүйесіне жөндеулер жүргізу, жылы әжетқаналармен жабдықтау жоспарымызда бар.

Елбасымыздың жаңа Жолдауы-еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік өміріндегі тарихи оқиға. Жолдаудағы төртінші бағыт тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен су және жылу жүйелерінің инфрақұрылымдарын жаңғырту бойынша біздің Ақши ауылында су құбырын салу мақсатында жерасты су қорларын зерттеу жұмыстары биылғы жылы басталды. Ақши ауылындағы 1424,3 га көлеміндегі қорық дамбасының жерге орналастыру құжаттары дайындалып, оны жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық есептері жасалуда.

Ұзынбұлақ ауылдық округінде 2015 жылдың 5 ақпанда өткен аудан әкімінің есепті кездесуінде ауыл тұрғындары тарапынан ауыл өмірінің әлеуметтік-экономикалық салаларына қатысты түрлі мәселелер қозғалған болатын :

Атап айтқанда:

Ақши ауылына бала бақшасын ашып беру;

Ұзынбұлақ ауылындағы су құбырынан ауыз суды үйлерге кіргізуге көмектесу;

Жайлауға шығатын малдар үшін бұлақ бойынан бөгет (дамба) тұрғызуға көмек;

Қарағанды-Павлодар автожолына шығатын далалық жол бойындағы өзенге көпір жасап беру;

Ұзынбұлақ-Теңдік автожолына жөндеу жұмыстарын жүргізу

Ауылдық округі әкімі аппараты жыл бойы ауыл тұрғындарының ұсыныстарын орындауда біршама жұмыстар атқарды.

Ұзынбұлақ-Теңдік автожолындағы екі суағарларының құбырлары үлкен диаметрлі құбырларға ауыстырылды. Жол бойындағы ой-шұңқырларына тегістеу жұмыстары жүргізілді. Ауыз суды үйлерге кіргізу, бұлақ бойына бөгет салу, өзенге көпір салып беру жұмыстары аудандық «Серпіліс» коммуналдық мекемесінің техикалары аудан көлемінде су тасқынан келген залалдарды жою жұмыстарымен айналысуына байланысты кейінге қалдырылды.

Округте ауыз су мәселесі толығымен шешілген. Ұзынбұлақ ауылындағы 22 су алу колонкалары істеп тұр. Ақши ауылында су тұщыту-тазарту қондырғысы пайдаланылады.



Жыл бойы ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, облыс, ауданның өкілетті басқару органдарының шешімдерін орындау жөнінде жұмыстар ұйымдастырылды және олардың іске асуы үнемі назарда ұсталды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет