Жұмыстың мақсаты: Судың микробтық және гельминттық ластануын анықтау әдістерімен; берілген құрамды бөліктерінің ауыз судағы мөлшері бойынша нормативтік талаптармен танысу.
Беткі, тіпті жер асты су көздерінің сулары кәсіпорындардың, елді мекендердің, мал шаруашылығы нысандарының қалдық суларымен ластануы мүмкін. Мұндай жағдайда су жұқпалы аурулардың таралу және адам мен жануарлардың улану факторы болып табылады.
Суды санитарлық-бактериологиялық бағалауда қолда бар стандарттың талаптарын ескереді, онда эпидемиологиялық тұрғыдан судың қауіпсіздігі жанама көрсеткіштермен анықталатыны арнайы көрсетілген. Бұл жалпы бактериялық ластану дәрежесі мен ішек таяқшасы тобының бактериялары мөлшері. Осыдан келе, бактериялардың жалпы мөлшері 1 мл ештеңе қосылмаған суға 100 көп емес, 1 л судағы ішек таяқшасының саны (коли-индекс) үштен көп емес, ал коли-титр 300 мл кем емес болуы қажет.
4.6.1 Микроағзалардың жалпы санын анықтау
Су сынамасын араластырып, себу үшін стерильді пипеткамен судың белгілі бір мөлшерін: таза судан 1 – 0,1 мл, ластанған судан 0,01 – 0,001 мл алады. Мөлшері 1 ден 0,1 мл дейін болатын сұйылтусыз стерильді суды Петри табақшасына қақпағын сәл ашып, себеді. 0,1 мл аз мөлшердегі суды сұйылтылған күйінде енгізеді: пробиркаға 9 мл стерильді су мен 1 мл зерттелетін суды құяды да осы пробиркадан стерильді пипеткамен 1 ден 0,1 мл су алып, табақшаларға себеді. Суды сепкеннен кейін Петри табақшасына 10 мл балқытылған және 45 оС дейін салқындатылған агар қосады. Суды агармен табақшаны еңкейтіп, айналдыра отырып, жылдам араластырады. Петри табақшасын орта қоюланғанша столда қалдырады да, содан кейін термостатқа түбін жоғары қаратып 37 оС 24 сағатқа қалдырады.
Колонияларды санауды лупа мен Вольфгюгель торын қолданып, ауданы 1 см2 12 шаршыда жүргізеді. Саналған колониялардың жалпы санын қарастырылған шаршылар санына (12) бөледі, содан кейін см2 берілген табақша ауданына көбейтеді. Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі: (π · r2 · а) : 12
мұнда: π · r2 – см2 берілген Петри табақшасының ауданы; а –колониялар саны; 12 – есептелген шаршылар саны.
Есептеу мысалы: Петри табақшасына 1 мл зерттелген су себілді. Есептегенде 12 шаршыда 189 колония табылды. Петри табақшасының диаметрі 10 см. 1 мл судағы микроағзалар саны (колониялар):
3,14 · 52 · 180 = 1177 микроағзаны құрайды.
12
4.6.2 Ішек таяқшасы титрін (E. coli) анықтау
Ішек таяқшасы үнемі адам мен жануарларың ішегінде тіршілік етеді. Оның суда болуы, әсіресе суда бірмезгілде аммиак, азотты және азот қышқылдары, хлоридтер, сульфаттар болса немесе тотығуы жоғары болса, бұл ішек таяқшасымен бірге суға басқа, патогенді микроағзалар түсуі мүмкіндігінің көрсеткіші.
Судағы ішек таяқшасын сандық анықтау нәтижелерін коли-титр (ішек таяқшасының титрі) немесе коли-индекс түрінде береді.
Коли-титр ішек таяқшасы табылған зерттелетін судың ең төменгі көлемі. Коли-индекс 1 л судағы ішек таяқшасының санын көрсетеді.
Құралдар мен қоректік орта: термостат, 1 л әлсіз сілтілі ет-пептонды сорпадан, 12,5 г манниттен дайындалған Булир ортасы, 6 мл 1%-ды нейтральрот бояуы ертіндісі.
Ортаны колбалар мен пробиркаларға құяды, олардың ішіне түбін жоғары қаратып, ұсақ пробиркалар (газовкалар) салады.
Анықтау барысы: Сумен қамтамасыз ету көздерінен стерильді ыдысқа алынған зерттелетін суды зертханаға жылдам жеткізеді, онда оны колбалар мен пробиркаларға себеді. Салыстырмалы таза құбыр суын, көркейтілген құдықтардан, артезиан ұңғымаларынан 10, 25, 100 мл көлемінде алынған сынамаларды 1 және 5 мл мөлшерде пробиркаларға себеді.
Ашық сулардан алынған суды болжамды ластануына байланысты пробиркаларға 0,01; 0,1; 0,2; 0,5; 1 мл немесе 0,001; 0,01; 0,1; 1 мл (стерильді суда сұйылту арқылы) мөлшерде себеді. Себілген су мен қоректік ортаның арақатынасы 2 : 1 болуы қажет.
Пробирка немесе колбаны сілку арқылы себілген ортамен салынған ұсақ пробиркалардың (газовкалардың) бүкіл көлемін толтыруға тырысып, суды ортамен жақсылап араластырады.
Себіндіні 45 оС 24 сағатқа термостатқа қалдырады.
Нәтижелерді есептеу: Ішек таяқшасының өсуі мен тіршілігі әсерінен маннит газ түзіп ыдырайды, ол газовкадан жақсы байқалатын көпіршік ретінде көрінеді, соның салдарынан газовка тігінен орналасып, біршама қалқиды.
В. Coli өсуі барысында ортада қышқылдар жиналады, олар ортаның түсін қызылдан сарыға өзгертеді.
Орта түсінің өзгеруі және газ түзілуі бойынша ішек таяқшасы табылған судың ең аз көлемін анықтайды, бұл көлемді коли-титрге санайды, ол табылған су мөлшері неғұрылым аз болса, соғұрылым су ластанған деп саналады.
Коли-индексті ішек таяқшасының титрі бойынша есептейді: 1000 / коли-титр.
4.6.3 Суды гельминт жұмыртқаларына зерттеу
10 - 15 л мөлшеріндегі зерттелетін суды Гольдман воронкасына салынған қағаз сүзгілер арқылы зерттелетін судың әрбір 0,5 – 1,0 л ауыстырып, сүзеді. Фильтрацияны жылдамдату үшін Бунзен колбасындағы ауаны сирету қол насосымен жүргізіледі.
Қағаз фильтрлерді ондағы тұнбасымен қосып, 3-5 минут бойы тұз қышқылы ертіндісімен түссіздендіреді, кептіреді де, бөлшектерге бөліп, микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қарайды.
Жұмыртқалардың түр құрамын паразитологиялық атластардағы сипаттамаларына сәйкес анықтайды.
36-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу
Көрсеткіштер
|
Су сынамасы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Микроағзалар саны
|
|
|
|
|
Коли-титр
|
|
|
|
|
Коли-индекс
|
|
|
|
|
Гельминттер жұмыртқасының болуы
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |