Жұмыстың мақсаты: Қалдық суларды тазалау сапасымен және зерттеу әдістерімен танысу.
Мал шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындарының қалдық сулары қоршаған ортаның санитарлық жағдайына, адам мен жануарға үлкен қауіп төндіреді. Оларда көптеген микроағзалар, сонымен қатар патогенді микроағзалар жақсы сақталады. Мал шаруашылығы кешендері гидрошаю, гидробалқыту жүйелерін қолданғанда, зарарсыздандыруды, малдәрігері мамандары мен технологтардың зарасыздандыру тиімділігін бақылауын қажет ететін өте көп мөлшерде қалдық сулар өндіреді. Әсіресе мұндай бақылау гидрошаюдың рециркуляциялық жүйелерін пайдаланғанда аса маңызды.
Қалдық сулар келесі көрсеткіштері болса, жеткілікті мөлшерде тазаланған болып есептеледі: қалқымалы заттары – 14-70 мг/л; құрғақ қалдығы– 100 – 4700 мг/л; ХПК (бихроматты әдіспен тотығуы) – 20-150 мг/л; БПК5 (оттегіні биологиялық қажет етуі) – 10-40 мг/л; Аммонийлы азот 6-7 мг/л; рН – 6,5-8,5.
Қалдық судың санитарлық жағдайын және оларды тазалаудың тиімділігін бақылау үшін қалқыған заттарын, құрғақ қалдығын, тотығуын, БПК5 (5 тәулік бойы оттегіні биологиялық тұтыну), рН анықтамаларын қолданады.
Көрсетілген қалдық суларды зерттеу әдістері тазартылмаған ағын суларды санитарлық бағалау үшін және тазалау тиімділігін бағалап, зарарсыздандыру үшін қолданылады.
4.7.1 Қалқымалы заттарды анықтау
Су сынамасын шайқап, стаканға 1 л құйып алады. Суда 50 мг/л көп қалқымалы заттар болғанда 1 л азырақ алуға болады.
Алынған су сынамасын күлсізденген 105 оС тұрақты салмағына дейін кептірілген, 0,0002 г дейінгі дәлдікпен өлшенген қағаз сүзгі арқылы сүзеді. Сүзгіден өткізгеннен кейін сүзгі қағазды шөгіндісімен қайтадан тұрақты салмағына дейін кептіреді де 2 және 1 өлшеу айырмалары бойынша қалқымалы заттардың мөлшерін формула бойынша есептейді:
Х = (1000 (d1 – d2)) / V
мұнда: d1 – фильтрациядан кейінгі сүзгі қағаздың салмағы; d2 – сүзгі қағаздың фильтрацияға дейінгі салмағы; V – сүзілген судың көлемі (1 л).
4.7.2 Құрғақ қалдықты анықтау
Сүзілген суды табақшада буландырады да, қалдығын 105 оС температурада кептіреді. Буландыру үшін қыздырылған және суытылған табақшаға 50 – 250 мл талданатын суды құйып, электрлі плиткаға қояды. Суды құрғағанша буландырып болғаннан кейін табақшаны кептіргіш шкафқа салады. Құрғақ қалдықты формула бойынша есептейді:
Х = ((А – В) 1000) / V , мг/л.
мұнда: А – құрғақ қалдығы бар табақшаның салмағы, мг; В – бос табақшаның салмағы, мг; V – талданатын судың көлемі, мл.
4.7.3 БПК5 анықтау
Судағы органикалық заттардың аэробты биохимиялық ыдырауы барысында белгілі бір уақыт интервалында шығындалған оттегі мөлшері оттегіні биологиялық тұтыну немесе БПК5 деп аталады.
Анықтау су сынамасындағы оттегінің стандартты шарттарда инкубацияға дейін және одан кейінгі мөлшерлерінің айырмасы бойынша жүргізіледі.
Стандартты шарттарға:
1) +20 оС температурада судың ауасыз бес тәуліктік инкубациясы.
2) Сынаманы сұйылтатын сумен оттегі 5 тәуліктен кейін 3 мг/л төмен болатындай етіп сәйкесінше сұйылту.
3) Сынама тәжірибенің алдында 8-9 мг/л концентрацияға дейін оттегімен қанығуы қажет.
Талдауды жүргізу. Мүмкін болатын БПК 6 мг/л жоғары болса, келесі түрде сұйылтады:
37-кесте – БПК5 анықтау
1 л қоспадағы Қалдық су сынамасының көлемі, мл
|
БПК5 анықтау диапазоны
|
500
|
4 – 12
|
200
|
10 – 30
|
100
|
20 – 50
|
50
|
40 – 120
|
20
|
100 – 300
|
10
|
200 – 600
|
5
|
400 – 1200
|
2
|
1000 – 3000
|
1
|
2000 - 6000
|
Талдау үшін алынған суды 10 минут аэрациялайды. Содан кейін сыйымдылығы 100 мл болатын 2 оттегілі үйкелген қақпақты құтыға құяды. Суды құтыда ауа қалмайтындай етіп, ернеуіне дейін құяды. Құтының бірінде судағы оттегіні бірден анықтайды. Екіншісін жабық күйінде температурасы 20 оС болатын судың астына 5 тәулікке қалдырады. 5 тәулік өткеннен кейін бұл құтыда да оттегіні анықтайды.
Оттегіні анықтау үшін суы бар құтыға маранец тұзының қаныққан ертіндісі бар пипетканы салады да 1 мл тамызады. Содан кейін дәл осылай 1 мл калий йодидінің сілтілі ертіндісін қосады да, құтыны тығынмен жабады. Мұнда 2 мл сұйықты төгіп тастайды, бұл есептеу барысында ескеріледі. Жабық құтыны бірнеше рет түбімен төңкеріп, қайта орынына келтіріп, араластырады. Құты түбіне тұнба жиналуына мүмкіндік беріп, оған 1 мл концентрлі күкірт қышқылыны қосып, бірден тығында жабады да, құтыны аударып, төңкеріп ішіндегісін әбден араластырады.
Тұнба толығымен еріп болғанда, сұйықты колбаға ауыстырып, бөлінген йодты натрий тиосульфиті ертіндісімен титрлейді, титрлеу соңында 1 мл крахмал қосады. Еріген оттегі мөлшерін формула бойынша есептейді:
О2 = (А · 0,08 · 1000) / (V - 2); мг /л
мұнда: А – титрлеуге кеткен 0,01-н натрий тиосульфиті ертіндісінің көлемі, мл; 0,08 – 1 мл 0,01-н натрий тиосульфиті ертіндісіне балама оттегінің мөлшері; V –анықтау жүргізілген құтының көлемі, мл; 2 – құтыға құйылған күкірт қышқылынан басқа реактивтердің көлемі.
4.7.4 рН анықтау
Ең бір қарапайым әрі жылдам әдіс – әмбебеп индикатор қағазын қолдану. Стаканға 50 – 100 мл зерттелетін қалдық суды құйып алып, оған индикатор қағазының жолағын салады. Үлгі бойынша түсін салыстырып, рН анықтайды.
38-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу
Көрсеткіштер
|
Қалдық сулардың үлгілері
|
Қалқыған заттардың мөлшері, мг/л
|
|
|
Құрғақ қалдығының салмағы, мг/л
|
|
|
БПК5, мг/л
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |