Зоогигиена мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon жануар және hygieinos сау деген мағынаны білдіреді



бет12/23
Дата11.06.2016
өлшемі3.72 Mb.
#128241
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

4.3 Судың тотығуын анықтау



Жұмыстың мақсаты: далалық жағдайда судың тотығуын анықтау әдістемесін меңгеру. Марганец қышқылды калий ертіндісімен титрлеу әдісі бойынша судың тотығуын анықтау әдістемесін меңгеру.

Судың тотығуы оның органикалық заттармен ластануының маңызды санитарлық-гигиеналық көрсеткіші болып табылады. Суда органикалық заттарды тікелей анықтау қиынға түседі, сондықтан олардың мөлшерін судың тотығуы бойынша бағалайды. Судың тотығуы деп судағы органикалық заттардың тотығуы үшін қажетті оттегіге мұқтаждықты түсінеді. Судың тотығуы 1 л судағы заттардың тотығуына шығындалатын оттегі мөлгері көрсеткішімен беріледі. Неғұрылым органикалық заттар көп болса, соғұрылым оттегі көп қажет болады, сәйкесінше, титрлеуге KMnO4 ертіндісі көп қажет. KMnO4 ертіндісінің ыдырауының аяғы оның түссізденіп бітуімен танылады.

Реактивтер: 1) 1 мл қышқыл ортада 0,08 мг оттегіні беретін 0,01 нормальды KMnO4 ертіндісі; 2) 1 мл тотығу үшін 0,08 мг оттегіні қажет ететін 0,01 нормальды қымыздық қышқылының ертіндісі;
3) 25%-ті күкірт қышқылының ертіндісі.

4.3.1 KMnO4. титрін анықтау барысы:

KMnO4 көбінесе химиялық таза препарат болып табылмауына байланысты, оның титрін қымыздық қышқылы бойынша анықтайды. Осы мақсатпен, сыйымдылығы 100 мл болатын конус колбаға таза дистиллденген су құйып, оған пипеткамен 5 мл 25 %-тті күкірт қышқылының ертіндісін және шыны бұрандалы бюреткадан– 8 мл 0, 01 нормальды KMnO4 ертіндісін қосады. Колбадағы сұйықты қайнау мерзімінен бастап тағы да 10 минут қыздырады. Содан кейін колбаға бюреткадан 10 мл қымыздық қышқылының титрленген ертіндісін қосады, сонда колбаның қызғылт түске боялған ішіндегісі түссізденеді. Түссізденген ыстық сұйықтықты KMnO4 ертіндісімен әлсіз сұйық рең пайда болғанша титрлейді.

Титрлеуге дейінгі және одан кейінгі шығындалған KMnO4 ертіндісінің миллилитрмен алынған мөлшері 10 мл 0,01 нормальды қымыздық қышқылының титріне тең және тотыққанда 0,8 мг оттегін бөледі.

4.3.2 Зерттелетін судың тотығуын анықтау барысы:

100 мл зерттелетін су толтырылған колбаға 5 мл күкірт қышқылының ертіндісі мен 8 мл KMnO4 ертіндісін қосады. Сұйықты қыздырып, 10 минут қайнатады. Егер сынамада органикалық заттар көп болса, ол қайнағанда бірден қоңырланып, түссізденуі мүмкін. Қыздыруды тоқтатқанда колбаға 10 мл 0, 01 нормальды қымыздық қышқылының ертіндісін қосып, сұйықты әлсіз қызғылт рең алынғанша KMnO4 ертіндісімен титрлейді.

Соңында титрлеуге дейін және титрлеу үрдісінде колбаға енгізілген KMnO4 барлық мөлшерін есептейді. Алынған саннан 10 мл 0,01 нормальды қымыздық қышқылының ертіндісімен реакцияға түскен KMnO4 мөлшерін есептейді, ал қалдығы бойынша 1 л зерттелетін суда еріген органикалық заттарды тотықтыру үшін қажет болған оттегі мөлшері туралы айтуға болады.

Есептеу мысалы:

10 мл 0,01 нормальды қымыздық қышқылының ертіндісін титрлеу үшін 11,2 мл KMnO4, зерттелетін суды титрлегенде 14,3 мл KMnO4 шығындалды.

Осылайша, 100 мл зерттелетін судағы органикалық заттарды тотықтыру үшін 3,1 (14,3-11,2)мл KMnO4 шығындалды, бұл 1000 мл суға шаққанда 31 мл болады. Органикалық заттарды тотықтыру үшін шығындалған оттегі мөлшерін (х) есептеу үшін пропорция құрамыз:



11,2 – 0,8

  1. х

бұдан х = 2,21 мг оттегі
Органикалық заттардың үлес салмағы туралы шамамен көрініс тотығуға кеткен оттегінің салмақ санын 20 көбейткенде алынады.
33-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу

Су сынамасы

I титр

(дистилл. су)



II титр

(зерттелетін су)



Титрлер айырмасы

Тотығуы мг/л

1












2












3












4












5














4.4 Судың кермектігін анықтау



Жұмыстың мақсаты: судың карбонатты және жалпы кермектігін анықтау әдістемесін меңгеру.

Судың кермектігі ондағы сілтілі металлдар кальций мен магнийдің еріген тұздарының болуына байланысты. Кейбір жағдайда судың кермектігі темір, марганец, алюминийдің шала тотық тұздарының болуымен шартталады.

Судың кермектігінің артуы оның ыдырау барысында топырақтан кальций мен магнийдің кермек тұздарын сілтілеуге жағдай жасайтын көмірқышқылы түзілетін органикалық заттармен ластануына байланысты болуы мүмкін.

Кермектіктің: жалпы, карбонатты, жойылатын және тұрақты түрлері болады.



Жалпы кермектік- кальций мен магний тұздарының бүкіл жиынтығымен шартталған шикі судың кермектігі.

Карбонатты кермектік- кальций мен магнийдің еріген гидрокарбонаттары және карбонаттарымен шартталған шикі судың кермектігі.

Жойылатын кермектік- судың қайнатқан кезде жойылатын кермектігі, кальций мен магнийдің суды қайнатқанда ыдырап, ерімейтін көмірқышқыл тұздарына айналатын қос көмірқышқыл тұздарының болуымен шартталады.

Тұрақты кермектік- судың бір сағаттық қайнатудан кейін хлоридтер, сульфаттар, бірен саран кальций мен магний карбонаттары қалатын кермектігі.

Судың кермектігі 1 литр суда миллиграмм-эквивалентпен көрсетіледі. Кермектіктің бір миллиграмм-эквиваленті 28 мг кальций тотығының (немесе 1 л судағы 20,16 мг магний тотығының) мөлшеріне сәйкес келеді.

Егер есептеуді кальций мен магнийдің мөлшері бойынша ғана жүргізсе, онда 1 мг/экв кермектік 1 л судағы 20,04 мг кальций немесе 12,16 мг магний мөлшеріне сәйкес келеді, мұнда 20,04 пен 12,16 – кальций мен магнийдің атомдық салмағының жартысына тең болатын эквивалентті салмағы.

Судың кермектігін градуспен де беруге болады. Кермектіктің бір градусы 10 мг кальций тотығының мөлшеріне сәйкес келеді. Бұдан 1 л судың 1 мг/экв кермектігі 2,80 тең.

Кермектігі 100 (1 л суда 3,5 мг/экв) дейін болатын су жұмсақ, 10 нан 200 (1 л суда 3,5-7 мг/экв) – орташа кермектік, 20-300 (1 л суда 7-10,5 мг/экв) – кермек және 400 жоғары (1 л суда 14 мг/экв) – өте кермек болып саналады. Ауыз судың жалпы кермектігі 30-400 жоғары болмағаны жөн.

4.4.1 Карбонатты кермектікті анықтау

Әдіс принципі метил қызғылт сарысы индикаторының қатысуымен карбонаттарды тұз қышқылымен титрлеуге негізделген. Әдістің негізінде келесі реакция жатады:

Ca(HCO3)2 + 2HCl = CaCl2 + H2O + 2CO2

Mg(HCO3)2 + 2HCl = MgCl2 + H2O + 2CO2

Титрлеуге кеткен 1 мл 0,1-N тұз қышқылы ертіндісіне 2,8 мг кальций тотығы сәйкес келеді.

Ыдыстар мен реактивтер: 1) 0,1 нормальды тұз қышқылы ертіндісі; 2) 1 %-ды метил қызғылт сарысы ертіндісі; 3) 100 мл бюреткалар; 4) сыйымдылығы 150 мл болатын конус колбалар;


5) пипеткалар.

Анықтау барысы: сыйымдылығы 150 мл болатын конус колбаға өлшегіш пипеткамен 100 мл зерттелетін су құяды, оған 2-3 тамшы метил қызғылт сарысын қосып, 0,1 н тұз қышқылы ертіндісімен қызғылт түске боялғанша титрлейді. Титрлеуді 2-3 рет жүргізіп, орта шамасын есептейді. Есептеуді келесі формула бойынша жүргізеді:


х = (а · 0,1 · 100) / V
мұнда х – карбонатты кермектік, 1 литрге мг/экв; а –титрлеуге кеткен 0,1 н тұз қышқылы ертіндісінің мөлшері, мл; 0,1 – қышқыл титрі; V – зерттелетін судың көлемі.

4.4.2 Жалпы кермектікті анықтау

Әдістің принципі сілтілі қоспаның көмірқышқылды кальций мен магний тотығы гидратын түзіп тұнбаға түсетін судағы кальций мен магнийге әсер етуіне негізделген.

Ыдыстар мен реактивтер: 1) сілтілі қоспа (0,1-н Na2CO3 және 0,1-н NaOH ертіндісінің тең бөліктерінің қоспасы); 2) тұз қышқылының 0,1 нормальды ертіндісі; 3) 1%-ды метил қызғылт сарысы; 4) сыйымдылығы 200 мл болатын өлшеу колбасы; 5) 100 мл бюреткалар; 6) пипеткалар; 7) қыздыратын құрал.

Анықтау барысы: Карбонатты кермектікті анықтағаннан кейін, бұл колбаға бюреткадан 20 мл сілтілі қоспасын қосып, 3 минут қайнатады.

Сұйықтықты суытады, өлшегіш цилиндрге құяды, 200 мл дейін дистиллденген су қосып, сүзеді. 100 мл фильтратты алып, оған 1-2 тамшы индикатор қосады да 0,1 н тұз қышқылының ертіндісімен титрлейді.

Титрлеуге қоспаның жартысы ғана алынғанын ескеріп (100 мл фильтрата), титрлеуге кеткен ертінді миллилитрі санын 2 –ге көбейтіп, сілтілі жер металдарының тұздарымен реакцияға түспеген сілтілі ертіндінің миллилитрі санын көрсететін санды алады. Бұл санды 20 мл сілтілі ертіндіден алып тастап, 2,8 көбейтіп, жалпы кермектікті табады.

Тұрақты кермектік жалпы және карбонатты кермектіктің арасындағы айырманы береді.

Есептеу мысалы: 100 мл фильтратты титрлеуге 6,5 мл 0,1 н тұз қышқылының ертіндісі шығындалды. Жалпы кермектік 6,5 х 2 = 13 мл, 20 – 13 = 7 мл, 7,мл х 2,8 = 19,60 тең болады.

Тұрақты кермектік жалпы және карбонатты кермектіктің айырмасы ретінде 19,6 –7,0 = 12,60 тең.
34-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу

Су сынамасы

Судың кермектігі

Карбонатты

Тұрақты

Жалпы

1










2










3










4










5














Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет