Зоогигиена мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon жануар және hygieinos сау деген мағынаны білдіреді



бет13/23
Дата11.06.2016
өлшемі3.72 Mb.
#128241
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

4.5 Cуды хлорлау



Жұмыстың мақсаты: хлорлы әктегі белсенді хлордың мөлшерін анықтау; берілген су көлеміне арналған хлорлы әк ертіндісінің қажетті мөлшерін анықтау; хлорланған суды хлорсыздандыруды жүргізу.

Суды тұндыру, коагуляциялау және фильтрациялау арқылы тазартқанда оны әртүрлі микроағзалардан, сонымен қатар патогенді микроағзалардан толық тазарту мүмкін емес.

Сондықтан, санитарлық тұрғыдан қауіп төндіретін ауыз суды қайнату арқылы, ультракүлгін сәулелермен, ультрадыбыспен, гамма сәулелендірумен, озондаумен, күмістеумен және хлорлау арқылы зарарсыздандырады.

Қазіргі кезде көбінесе суды хлорлайды, ол үшін хлорлы әкті және хлорды (хлор суымен) қолданады. Хлорлы әкті әк сүті арқылы газ тәрізді хлорды өткізу арқылы алынады.

Судың ластану дәрежесіне байланысты белсенді хлордың мөлшері, 0,5 тен 25 мг/л және одан жоғары ауытқиды. Белсенді хлордың суға әсер ету уақыты да әртүрлі: 15-20 минуттан 1-2 сағатқа дейін болады және судың хлор қажеттілігіне, микроағзалар болуына және суды зарарсыздандырудың қаурыттығына байланысты.

Хлорлы әктің белсенді бөлігі кальций гипохлориды болып табылады, ол сумен әсерлескенде хлорлылау қышқыл түзіп ыдырайды. Соңғысы бөліну кезінде стерильдеуші әсер көрсететін хлор мен оттегіне ыдырайды.

Ауадағы көмірқышқылдың, ылғалдың, жарық пен жоғары температураның әсерінен хлорлы әк белсенді хлорды жоғалтады да оның дезинфекциялаушы қасиеті күрт төмендейді. Сондықтан суды хлорлау кезінде хлорлы әктегі белсенді хлордың мөлшерін білу қажет.

Жақсы хлорлы әкте 35-32 % белсенді хлор болады. Белсенді хлор 20% төмен болса, хлорлы әк суды зарасыздандыруға қолдану үшін жарамсыз деп саналады.



4.5.1 Хлорлы әктегі белсенді хлордың мөлшерін анықтау

Әдістің принципі: қышқыл қатысуымен ертіндідегі хлордың йодты калийден бос йодтың баламалы мөлшерін ығыстыруына және оны күкірттілеу натриймен (гипосульфитпен) титрлеуге негізделген.

Реактивтер: 1) 1 %-ды хлорлы әк ертіндісі (1 г хлорлы әкті фарфор табақшаға өлшеп салып, оған 5-10 мл дистилденген су құяды да таяқшамен ботқа тәрізді масса түзілгенше езеді де, өлшеу стаканына салып, табақшаны аздаған үлеспен дистилденген сумен шайып, 100 мл көлемге дейін жеткізеді); 2) 25 %-ды күкірт қышқылы ертіндісі; 3) 5 %-ды йодты калий ертіндісі; 4) 1 %-ды крахмал ертіндісі; 5) 0,01-н гипосульфит ертіндісі; 6) титрлеуге арналған колба; 7) бюреткалары бар штатив.

Анықтау барысы: Сыйымдылығы 250 мл болатын колбаға 50 мл дистилденген су құйып, 2 мл 1 %-ды хлорлы әк ертіндісін қосады. Содан кейін 1 мл 25 %-ды күкірт қышқылын, 5 мл 5 %-ды йодты калий ертіндісін және 1 мл 1 %-ды крахмал ертіндісін қосады. Бөлінген йод крахмалмен көк түс береді. Қоспаны 0,01-н гипосульфит ертіндісімен түссізденгенше титрлейді.

Белсенді хлордың пайыздық мөлшерін (х) есептеуді төмендегі формула бойынша есептейді:


х = (а · 0,355 · 10) / 2
мұнда: а – титрлеуге кеткен гипосульфит миллилитрлерінің саны; 2 – зерттеуге арналған әк ертіндісі миллилитрінің саны; 0,355 – 1 мл гипосульфит ертіндісімен байланысқан белсенді хлордың мөлшері, мг; 10 – белсенді хлордың миллиграмдарын берілген шарттарда пайыздық мөлшерге айналдыратын көбейткіш.

Есептеу барысы: 2 мл 1 %-ды хлорлы әкті титрлеуге 16,8 мл 0,01 н гипосульфит ертіндісі шығындалды. Белсенді хлордың мөлшері: х = ( 16,8 · 0,355 · 10) : 2 = 29,8 % тең болады.

4.5.2 Берілген су көлемі үшін қажетті хлорлы әк ертіндісінің санын анықтау

Шаруашылық жағдайларда суды хлорлау үшін хлорлы әктің қажетті санын келесі жеңілдетілген әдіспен анықтайды.

Зерттелген суды колбаларға әрбіреуіне 100 мл-ден құяды. Содан кейін әртүрлі мөлшерде 1 %-ды хлорлы әк ертіндісін: бірінші колбаға – 0,5 мл, екіншіге – 0,6 мл, үшіншіге – 0,7 мл және төртінші колбаға – 0,8 мл құяды. Ертіндіні суға қосқаннан кейін араластырып, хлормен жанасуы үшін 1,5-2 сағатқа қалдырады.

Содан кейін әрбір колбаға 5 тамшыдан 25 %-ды күкірт қышқылын, 5 тамшы 1 %-дық крахмал ертіндісін, 3 тамшы 5 %-дық йодты калий ертіндісін қосып, шыны таяқшалармен араластырады.

Әрбір төрт колбада судың түсі біркелкі болмайды. Белсенді хлор толығымен органикалық заттардың тотығуына жұмсалған колбада су түссіз болады. Артық хлоры бар колбаларда су көк түске боялады.

Суға хлордың қажетте мөлшері қосылған колбада су көгілдір түске боялады. Мысалға: 0,6 мл 1 %-ды хлорлы әк құйылған су сынамасында көгілдір түс пайда болды делік, яғни бір литр құдықтағы суды зарарсыздандыруға 6 мл 1 %-ды хлорлы әк ертіндісі қажет болады деген сөз. Құдықтағы, су қоймасындағы, цистернадағы су мөлшерін біле отырып, хлорлы әк ертіндісінің қажетті санын немесе белсенді хлордың миллиграммдарын есептеу оңай болады.



4.5.3 Суды дехлорлау

Суды хлордың жоғары мөлшерімен зарарсыздандыру міндетті түрде дехлорлауды қажет етеді. Суды гипосульфитпен хлорсыздандырудан кейінгі қалдық хлордың мөлшері 0,3-0,5 мг/л болатындай етіп есептеп, дехлорлайды. Хлорланған суда хлордың иісі мен дәмі болмауы керек.



Анықтау барысы: Колбаға хлорланған 0,5 л суды алады да оған 1 мл 5 %-ды йодты калий, 1 мл 1 %-ды крахмал ертіндісін қосады да 0,01-н гипосульфит ертіндісімен көк түс жойылғанша титрлейді.

Гипосульфиттің қажетті мөлшерін есептеу келесі формуламен жүргізіледі:


х= ((а · 2 · 0,355) – 0,5) / 0,355 · 2,48
мұнда: х – 1 л зерттелетін судағы артық (рұқсат етілетін мөлшерден артық) хлор мөлшерін дехлорлауға гипосульфиттің қажетті саны (мг); а – 0,5 л судағы артық хлорды титреуге кеткен гипосульфит ертіндісінің мөлшері, мл; 2,48 – 1 мл 0,01-н ертіндісіндегі гипосульфиттің мөлшері, мг; 0,5 – 1 л судағы белсенді хлордың рұқсат етілетін мөлшері, мг.
35-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу

Су сынамасы

Белсенді хлордың пайыздық мөлшері

Хлорлы әк ертіндісінің қажетті саны

Хлорсызданған артық хлор үшін гипосульфит мөлшері, мг

1










2










3










4










5














Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет