Зоогигиена мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon жануар және hygieinos сау деген мағынаны білдіреді


Топырақты санитарлық-гигиеналық бағалау



бет8/23
Дата11.06.2016
өлшемі3.72 Mb.
#128241
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

3 Топырақты санитарлық-гигиеналық бағалау


Топырақ – бұл өнімділік, яғни өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамасыз ету қасиетіне ие жер қыртысының (литосфераның) беткі қабаты. Топырақ – бұл үнемі физикалық-химиялық үрдістер, биохимиялық реакциялар, әртүрлі айналымдар жүріп отыратын ең күрделі табиғи зертханалардың бірі.

Топырақ – әртүрлі өсімдік, жануар, шаруашылықтық –тұрмыстық және өндіріс қалдықтарын қабылдаушы және сіңіруші, көптүрлі микрофлора мен микрофаунаның көзі мен қоры. Ол малдардың денсаулығы мен өнімділігіне үлкен тікелей және жанама әсер көрсетеді. Топырақтың гигиеналық мәні зор, және ол оның механикалық құрамымен, физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерімен анықталады.

Топырақты зоогигиеналық бағалау мақсатымен жер учаскелеріне физикалық, химиялық, бактериологиялық және гельминтологиялық зерттеу әдістерінен тұратын зертханалық талдау үшін топырақ сынамасын ала отырып, санитарлық-топографиялық зерттеу жүргізеді.

Санитарлық-топографиялық зерттеуге учаскенің жер бедерін, су қоймаларына қиыстауын және жарыққа қатысты зерттеу жатады. Бұдан басқа, тексергенде өсімдік жабынын, елді мекендерге қатысты орналасуын, топырақ типі мен су тәртібін зерттейді, топырақтың мүмкін болатын ластану көздерін анықтайды (қоқыстар, көң сақтау орындары және т.с.с.).

3.1 Топырақтың механикалық құрамы мен физикалық қасиеттерін анықтау



Жұмыстың мақсаты: топырақтың механикалық құрамы мен физикалық қасиеттерін анықтауға арналған әдістермен, құралдармен және аппаратурамен танысу.

3.1.1 Топырақтың орта сынамасын алу. Сынама белгілі бір учаскеге тән болуы керек. Бүкіл учаске бойында біртекті топырақ болса, шахмат ретімен орналасқан әртүрлі жерден бірнеше ойық немесе учаскенің ортаңғы сызығымен әртүрлі тереңдікте алады.

Топырақ сынамасын арнайы бұрғымен немесе таза күрекпен алады. Салмағы 2-3 кг болатын әрбір сынаманы үйкелген қақпақты шыны ыдыстарға, таза қапқа немесе тығыз орама қағаздың қос қабатына салады да, мерзімі, үлгіні алған жер мен алу тереңдігі көрсетілген жапсырма қағазбен қамтамасыз етеді. Зертханада топырақтың таңдалып алынған сынамаларын қағаз беттерге жұқа қабат етіп себеді, кесектерін ұсатып, ауада кептіреді. Талдау үшін 0,5-1,0 кг топырақ алынады. Зертханалық зерттеулер алдында топырақтан тамырлар және басқа да тән емес қоспаларды тазартады да, пайыздық қатынасын анықтау үшін оларды өлшейді.



3.1.2 Топырақтың механикалық құрамы мен кесектерінің көлемінің анықтау

Топырақ түзілу шартына және топырақ түзетін жыныстардың сипатына байланысты әртүрлі механикалық құрамды болады. Механикалық құрам деп топырақтағы әртүрлі диаметрлі механикалық элементтердің салыстырмалы мөлшерін айтады.

Топырақ массасы әрқашан әртүрлі мөлшердегі– бірнеше миллиметрден бірнеше микронға немесе миллимикронға дейінгі бөлшектерден түзіледі. Бұл бөлшектердің минералогиялық және химиялық құрамы әртүрлі болады, топырақта дамитын физикалық - химиялық және биологиялық үрдістерге қатысты әртүрлі белсенділікке ие болады, оның су, ауа, жылу және қоректік тәртіптеріне үлкен ықпалын көрсетеді. Топырақтың жеке кішкентай бөлшектерін, яғни минералдардың жеке кесектері мен тау жыныстарының сынықтарын механикалық элементтер деп атайды, олар топтарға немесе фракцияларға бірігеді.

Әрбір фракция оны басқа фракциялардан айыратын физикалық қасиеттердің жиынтығымен сипатталады. Жіктеу мақсатында көбінесе 0,01 мм ірі бөлшектердің барлығын физикалық құм фракциясына, ал 0,01 мм кіші бөлшектердің барлығын ұсағырақ – физикалық сазбалшық фракциясына біріктіреді.

“Физикалық” термині қандай да болмасын фракцияда құм немесе сазбалшықтың физикалық қасиеттерінің барын білдіреді, фракцияның химиялық құрамын болжамайды.

Сонымен қатар, әдетте барлық 1 мм кішкентай бөлшектер топырақ ұсағы деп, ал 1 мм ірі бөлшектер – топырақ қаңқасы деп аталады.


15-кесте – Механикалық элементтердің жіктелуі (Фадеев-Вильямс-Сабаниннің әдісі, Н.А.Качинскийдің өзгертуімен)

Бөлшектер көлемі, мм

Механикалық элементтер атауы

1

2

3,0

Тас

3,0 - 1,0

Қиыршық тас

1,0 - 0,5

Ірі құм

15 кестенің жалғасы

1

2

0,5 – 0,25

Орташа құм

0,25 – 0,05

Ұсақ құм

0,05 – 0,01

Ірі тозаң

0,01 – 0,005

Орташа тозаң

0,005 – 0,001

Ұсақ тозаң

0,001 – 0,0005

Қатты лай

0,0005 – 0,0001

Жұқа лай

0,0001 және кіші (0,1 мк)

Коллоидтар

16-кесте – Топырақтың механикалық құрамын жіктеу (Н.А.Качинский бойынша)



Топырақ атауы

Физикалық сазбалшық мөлшері, %

Сазды

50 және көп

Саздауыт

40 - 50

Орташа сазды

30 – 40

Жеңіл сазды

20 – 30

Құмдауыт

10 – 20

Құмды

10 және аз

Талдауды жүргізу: Топырақ кесектерінің көлемін анықтау үшін бірінің үстінде бірі орналасқан және диаметрлері 10, 7, 5, 3, 2, 1, 0,5, 0,25 мм тесікті Кнопптың електер жинағын қолданады.

Ең үлкен мөлшерлі тесіктері бар жоғарғы елеуішке 100 г ауалы құрғақ топырақ салады және бүкіл жиынтық арқылы біртіндеп елейді.

Топырақты елегеннен кейін әрбір порцияны өлшейді де нәтижесін пайызбен көрсетеді. Нәтижелер бойынша, №1,2,3 елеуіштерде диаметрмен 3 мм үлкен бөлшектер (тас, қиыршық тас);


№ 4, 5 – диаметрі 1 - 3 мм болатын бөлшектер (ірі құм); № 6, 7 – диаметрі 0,25 - 1 мм (орташа құм); терім түбіне ұсақ құм және шаң түсетіндігін ескеріп, әртүрлі мөлшерлі барлық бөлшектерінің арақатынасын, топырақтың механикалық құрамын және типін анықтайды.

3.1.3 Топырақтың құрылымын анықтау

Құрылымдық деп топырақтың жеке әртүрлі мөлшерлі және пішінді кесектерге ыдырай алу қабілеті аталады. Құрылым деп өзара цементтелген механикалық элементтер – құм, шаң, лайдан тұратын кесектердің өздері (агрегаттар) аталады. Құрылымның аса маңызды қасиеті оның суға төзімділік дәрежесі, яғни судың шаюшы әрекетіне қарсы тұра алуы болып табылады.

Суға төзімді агрегаттар нағыз агрегаттар деп аталады және топырақтың нағыз құрылымын анықтайды, суға төзімсіздер – жалған және топырақтың жалған құрылымын құрайды.

Талдауды жүргізу: Химиялық стаканның жартысына дейін су құяды да, оған зерттелетін топырақ агрегаттарын (кесектерін) салады. 15 мин. қалдырады. Егер агрегат жеке механикалық элементтерге ыдыраса, ол жалған құрылымға жатады, егер ыдырамаса – нағыз құрылым.

Топырақтың механикалық құрамы мен құрылымына топырақтың су мен ауа өткізгіштігі, бостығы мен тығыздығы, жылулық және биохимиялық қасиеттері байланысты болады.



3.1.4 Органолептикалық көрсеткіштері

Түсі. Топырақ ондағы органикалық заттар мен қоспалардың мөлшеріне байланысты күңгірт (қара), ашық-сұр, қоңыр және басқа реңді болуы мүмкін. Күңгірт түсті топырақта органикалық заттардың, яғни гумус пен көңмен күшті тыңайтылған топырақтың қарашірігі көп мөлшерде болады. Мұндай топырақта қара топырақпен салыстырғанда патогенді микроағзалар жиі кездеседі. Гумусқа, органикалық заттарға тапшы топырақтар ашық-сұр (күлді топырақ) немесе ашық-сары (құмды, сазды топырақ) реңді болады. Мұндай топырақта органикалық заттар ғана тапшы емес, сонымен қатар биологиялық белсенді минералды қосылыстар– кальций, фосфор, калий мөлшері де аз болады.

Иісі. Гигиеналық тұрғыда таза, ластанбаған топыраққа тән емес: нәжіспен, несеппен, тазаланбаған қалдық сулармен, мал өлекселерімен, химиялық қосылыстармен жаңа ластану кезінде пайда болатын шіріген, аммиакты, күкіртті сутекті иістері бар.

Иісті орта сынама алынуы кезінде сол орында анықтайды. Зертханада топырақтың жас сынамасын колбаға салады да, ыстық су құяды, тығынмен жабады, сілкілеп, содан соң ашады және иісті анықтайды.



Температурасы. Гигиеналық мақсатта топырақ температурасын сирек өлшейді, бірақ оның жазғы мал тұратын орынды, лагерьлер мен ерте көктемде немесе қара күзде жайылымда, сондай ақ загондардағы түнгі тұрақты таңдап алуда маңызы бар. Бұл мақсатқа арнайы термометрлер қолданылады.

3.1.5 Топырақтағы саңылаулардың көлемін анықтау (кеуектілігі)

Топырақтың кеуектілігі деп алынған топырақ көлеміне пайызбен берілген топырақ бөлшектерінің арасындағы барлық бос аралықтардың жалпы сомасын айтады.

Топырақтың кеуектілігі топырақ бөлшектерінің мөлшеріне, олардың пішіні мен құрылымына байланысты болады. Ұсақ кесекті топырақтарда ірі кесектімен салыстырғанда кеуектілік жоғарырақ, себебі топырақ дәндерінің мөлшері азайған сайын олардың арасындағы саңылаулар саны артады.

Топырақ кеуектілігінің үлкен санитарлық - гигиеналық маңызы бар, өйткені оған топырақ су және ауаны өткізгіштігі тәуелді болады.

Топырақтардың әртүрлі түрлерінің кеуектілігі әртүрлі: құм топырақтарда – 30-40 %; сазды – 50 % жоғарырақ; батпақтыда – 84 % болады.

Талдауды жүргізу: Градуирленген 500 мл цилиндрге 250 мл топырақ салып, оған 250 мл су құяды.

Топырақ пен су араласып, барлық саңылаулары толғаннан кейін қоспа көлемін анықтап, есептеуді жүргізеді.


Р = (А – Б) – К / В х 100
мұнда: Р – топырақтың кеуектілігі, %; А – топырақ көлемі, мл;
Б – су көлемі, мл; К – топырақ пен су қоспасының көлемі, мл;
В – топырақ пен су көлемдерінің жиыны, мл.

3.1.6 Топырақтың ылғал сыйымдылығын анықтау

Топырақтың ылғал сыйымдылығы деп топырақтың өзінде белгілі бір мөлшерде суды сыйғызып, ұстап тұру қасиетін айтады.

Талдауды жүргізу: Түбі тор цилиндр алып, өлшейді. Өлшенген цилиндрді ¾ көлемде құрғақ топырақ салады да тағы өлшейді.

Топырағы бар цилиндрді суы бар ыдысқа салып, ыдыстағы су деңгейін цилиндрдегі топырақта деңгейіне дейін жеткізеді. Су топыраққа сіңгеннен кейін, артық суды ағызып, цилиндрдің ылғалданған бетін сүртіп, өлшейді де есептеуді жүргізеді.
А = 100 (с - в) / (в - а)
мұнда: А – топырақтың ылғал сыйымдылығы, %; а – бос цилиндр салмағы, г; в – суға салғанға дейінгі топырағы бар цилиндр салмағы, г; с – сумен қаныққанан кейінгі топырағы бар цилиндр салмағы, г.

3.1.7 Топырақтың капиллярлылығын анықтау

Капиллярлылық деп топырақтың капиллярлармен төменгі қабатынан жоғарыға қарай суды көтеру қабілетін айтады, ол топырақтың механикалық құрамына байланысты, яғни топырақ бөлшегі неғұрылым ұсақ болса, соғұрылым ылғалдың капиллярлық көтерілуі жоғары болады. Жоғары капиллярлылық салдарынан сәйкес шаралар (гидроизоляция) қолданылмаса, төсеніш пен қоралар сыз тартуы мүмкін.

Талдауды жүргізу: Штативке бірқатар (топырақ үлгілеріне байланысты) диаметрлері 2-3 см болатын, биік 50 – 100 см сантиметрлерге бөлінген шыны түтіктерді орнатады. Әрбір түтікті зерттелетін топырақпен толтырады.

Түтіктердің төменгі ұштарын матамен орап, суы бар астауларға 0,5 см тереңдікке батырады. Топырақ түсінің өзгеруі бойынша су көтерілуінің жылдамдығы мен биіктігін бақылайды. Су деңгейін сантиметрмен 5; 10; 15; 20 и 60 минут сайын, кейіннен әрбір сағат сайын су көтерілуі тоқталғанша белгілейді.



3.1.8 Топырақтың су өткізгіштігін анықтау

Су өткізгіштік деп топырақтың суды жоғарғы қабатынан төменге өткізу қабілетін айтады. Су өткізгіштік (фильтрациялық қабілет) уақыт бірлігінде белгілі бір топырақ қабытынан өткен су мөлшерімен анықталады және топырақ дәндерінің мөлшеріне, коллоидты бөлшектер болуына, сондай ақ топырақ үстіндегі судың биіктігіне байланысты.

Құмды топырақтың су өткізгіштігі – 5-8 мин, сазды топырақта – 15 мин және одан көп.

Талдауды жүргізу: Диаметрі 3-4 см, биіктігі 25-30 см болатын шыны түтікті алады.

Түтіктің төменгі ұшын матамен орап, 20 см биіктікке дейін құрғақ ұсақталған топырақпен толтырады да, түтік қабырғасын шертіп біркелкі орналастырады.

Топырағы бар түтікті штативке бекітеді де топырақ үстіндегі су деңгейін 4 см етіп түтіктің мата түбінде алғашқы су тамшысы пайда болғанша тұрақты ұстап, су құяды.

Су өткізгіштікті анықтау барысында суды құюды бастағандағы уақыт пен алғашқы тамшы пайда болған уақытты белгілейді. Уақыт айырмасы 20 см топырақ қабатынан судың өту жылдамдығын көрсетеді.

17-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу


Топырақ сынамасы номері



Топырақтың физикалық қасиеттері

Температурасы, оС


Түсі

Иісі

Кеуектілігі,

%

Су сыйымдылығы,

%

Капилярлылығы,

с/мин


Су өткізгіштігі, сек






































































































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет