«зубр» әлеуметтік корпоративтік қорының 2012-2013 жылдардағы қызметі бойынша есеп қызметі туралы ақпарат



Дата03.07.2016
өлшемі369 Kb.
#174075
«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қорының

2012-2013 жылдардағы қызметі бойынша

ЕСЕП

Қызметі туралы ақпарат
Компанияның толық атауы «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры

( Қазақстан Республикасының Үшінші секторында 1998 жылдан қызмет ететін

«ЗУБР» консалтинг-орталығымен 2001 жылғы 26 желтоқсанда құрылған)

Директор: Кулик Виталий Олегович, «ИнтерТренинг» (Мәскеу) жаттықтырушылар мен кеңесшілердің Аймақаралық қоғамдық ұйымының мүшесі

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы

Қазақстан к, 158, А корпусы, 2 қабат



Телефон/факс: (7232) 26-22-20, 57-83-74

Эл.пошта: zubr-kz@mail.ru, zubr.ukg@gmail.com



«ЗУБР» ӘКҚ – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар қызметіне әр түрлі басқару және әлеуметтік технологияларды енгізуге жағдай жасау мен апробацияға, құруға мамандандырылатын зерттеу-талдау, оқыту ұйымы.

Қызмет саласы: аумақты дамыту, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар қызметін жетілдіру.

Қызметінің негізгі бағыттары:

  • Азаматтық қоғам дамуы

  • әлеуметтік саладағы қызмет сапасын арттыру

  • аумақ маркетингі: әлеуметтік тартымдылықты қалыптастыру

  • Қоғам көзқарасын қалыптастыру технологиясы, соның ішінде PR, насихат және әлеуметтік жарнама



П 2012-2013 ж.ж. «ЗУБР» ӘКҚ мамандарымен іске асырылған жобалар



Жобалар атауы

Тапсырыс беруші

2012 жыл



«Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету технологиясының дамуы»

«ШҚО Ішкі саясат басқармасы» ММ



«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылатын жастарға арналған әлеуметтік қызметтерді, әлеуметтік маңызы бар жобалар мониторингі»

«ШҚО Ішкі саясат басқармасы» ММ



«Өз құқығымызды қорғай отырып, өмір сүру сапасын арттырамыз»

Партнерский проект с ОФ «Десента» (контракт с Европейской комиссией)



«Аягөз, Үржар, Жарма, Күршім, Көкпекті аудандарында қызметпен қамтылмаған психоневрологиялық ауытқулары бар

балалар мен 18 жастан жоғары тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету»



«ШҚО жұмыспен үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ



«Әлеуметтік қызметтер: қарапайым, қолжетімді, түсінікті»

Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысының қоры



«Аймақтық ҮЕҰ әлеуетін арттыру»

Сорос-Қазақстан қоры



«Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне халықтың көзқарасын зерттеу бойынша әлеуметтік мониторингті ұйымдастыру және өткізу»

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министерлігі



«Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ШҚО тәжірибесін жүйелендіру мен жалпылау жөніндегі аналитикалық зерттеуді жүргізу бойынша қызмет көрсету»

БҰҰ даму бағдарламасы



«Жастарға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру бойынша қызмет – Шығыс Қазақстан облысындағы ресурстық зерттеу-аналитикалық орталық»

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министерлігі



««Үлгілерді құжаттау бойынша ӘҚҚБ грантиеленушілерін супервизиялау және қамтамасыз ету бойынша қызмет» (2013 жылға өтетін жоба.)

«БОТА» ҚҚ



«Мемлекеттік басқару ашықтығын жоғарылату құралы ретінде мемлекеттік қызмет сапасына тәуелсіз мониторинг»

Нидерланды корольдігі елшілігі



«Шығыс Қазақстан облысы әйелдеріне арналған кәсіпкерлік преспективалар Орталығының құрылуы және дамуы»

АҚШ мемлекеттік департаменті



«Мемлекеттік қызмет бағасын анықтау механизмдерінің ашықтығы»

Астана қаласындағы Ұлыбритания елшілігі

2013 жыл



«Үлгілерді құжаттау бойынша ӘҚҚБ граниеленушілерін супервизиялау және қамтамасыз ету бойынша қызмет»

«БОТА» ҚҚ



Үй күтімі жағдайындағы психоневрологиялық, тірекқимыл аппараты ауытқулары бар балалар мен 18 жастан жоғары тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету (Риддер қ., Зырян, Катон-Қарағай, Күршім, Жарма, Үржар, Аягөз, Көкпекті аудандары)

«ШҚО жұмыспен үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ



Психоневрологиялық, тірекқимыл аппараты ауытқулары бар балалар мен 18 жастан жоғары тұлғаларға, 1,2 топ мүгедектеріне, өзіне қызмет ете алмайтын үй күтімі жағдайындағы қарттарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету (Өскемен қ., Жарма, Үржар, Аягөз, Көкпекті ауданы)

«ШҚО жұмыспен үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ



«Қазақстан-2050» СТРАТЕГИЯСЫ Елбасының Қазақстан халқына жолдауының басымдықтарын іске асыру барысын Мемлекет пен ҮЕҰ қарым қаиынасы мәселелері бойынша аналитикалық қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министерлігі



«Аймақтың оң имиджін қалыптастыру және әлеуметтік капиталды өсіру»

«ШҚО Ішкі саясат басқармасы» ММ



«Жастар әлеуетін арттыру – аумақтың тұрақты дамуының факторы»

«БОТА» ҚҚ



«ШҚО Ішкі саясат басқармасы» ММ әлеуметтік тапсырысы аясында іске асырылатын әлеуметтік маңызы бар жобаларға мониторинг жүргізу бойынша қызмет

«ШҚО Ішкі саясат басқармасы» ММ



«Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ШҚО тәжірибесін жүйелендіру мен жалпылау жөніндегі аналитикалық зерттеуді жүргізу бойынша қызмет көрсету»

БҰҰ даму бағдарламасы


2012-2013 жж жұмыстар нәтижесі бойынша барлығы:

  • 2 жылда өткізілген семинар-тренингтердің жалпы саны - 32, соның ішінде 2012 жылы – 22, 2013 жылы – 10.

  • 2012 жылы семинар-тренингтердің қатысушылары 117 мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала қызметкерлері және 303 үкіметтік емес ұйымдар өкілдері. Географиялық қамтылуы жағынан Шығыс Қазақстан облысы, сонымен қатар Павлодар, Костанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Карағанды облыстары және Астана мен Алматы қалалары қатысты. Семинарлар Өскемен және Алматы қалаларында өтті.

  • 2013 жылы семинар-тренинг қатысушылары 136 мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік сала қызметкерлері және 114 үкіметтік емес ұйымдар, бастамашыл топ, өкілдері, аймақ тұрғындары. Өскемен қаласындағы семинар-тренинг қатысушыларының географиялық жағынан Шығыс Қазақстан облысы қалалар мен аудандарыны, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қостанай, Ақмола облыстарының және Астана мен Алматы қалалары тұрғындарын қамтыды. Облыс аумағында семинар-тренингтер Зырян, Риддер, Аягөз, Үржар, Қалбатау, Самарда өтті.

  • Келесі тақырыптарға 8 зерттеулер жүргізілді:

  • 16-24 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру саласында әлеуметтік қызмет көрсетудің нормативтік құқықтық базасын зерттеу

  • ҮЕҰ даму деңгейін бағалау

  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне халықтың көзқарасын зерттеу бойынша әлеуметтік мониторинг

  • Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ШҚО тәжірибесін жүйелендіру мен жалпылау жөніндегі аналитикалық зерттеу

  • Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өзара қатынасын зерттеу бойынша әлеуметтік сауалнама

  • Шығыс Қазақстанның әлеуметтік байланыстар саны (әлеуметтік капитал) мен сапасы деңгейін анықтаудың әлеуметтік сауалнамасы және жалпылама облыстың және елді мекендердің қалыптасқан имидждерін бағалау

  • Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жастарды тарту мүмкіндігіне қоғамдық сараптама

  • «Шығыс» кенті тұрғындарының әлеуметтік сауалнамасы нәтижелері бойынша аналитикалық есепті дайындау және құралдарды әзірлеу

  • Әзірленді:

  • 16-24 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған 9 жолнұсқаулар: «Сенің білім алуға құқығың», «денсаулықты қорғау мен медициналық көмекке сенің құқығын», «Сенің әлеуметтік қолдау мен көмекке құқығың», «Сенің қызметке орналасу құқығың», «Сенің тұрмыстық мәселерге құқығың», «Сен қандай қызметтерді ала аласың», «Медициналық-әлеуметтік мекемеге құжаттарды рәсімдеу», «Протездық-ортопедиялық көмек көрсету үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу», 16-24 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жастарға арнайы әлеуметтік қызмет бойынша жолнұсқау (Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысының қорының жобасы аясында)

  • Аналитикалық есеп Мәдениет және ақпарат министерлігінің жобасы аясындағы тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне халықтың көзқарасын зерттеу бойынша әлеуметтік мониторинг нәтижелері»

  • Әлеуметтік тұрақтылық технологиясының портфелі («ШҚО Ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында)

  • Брошюра Сорос-Қазақстан қоры қолдауымен «Аймақтық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасы аясында «Жаңа жағдайдағы әлеуметтік ұйымдастырушыларды дайындау тәжірибесі»

  • Аналитикалық есеп Сорос-Қазақстан қоры қолдауымен «Аймақтық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасы аясында «Алты аймақтың ҮЕҰ даму деңгейін бағалау»

  • Брошюра «Жастар мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсетудің үздік үлгілерін құжаттау», Алматы қ., 2013ж., «БОТА» ҚҚ

  • «ШҚО Ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Аймақтың оң имиджін қалыптастыру және әлеуметтік капиталды өсіру» жобасы аясында аймақтың қалыптасқан имиджі мен әлеуметтік капитал деңгейін зерттеу нәтижелері бойынша Аналитикалық құжаттама;

  • ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі тапсырысы бойынша 2014-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдармен өзара қатынас бойынша Ұлттық жоспар жобасы

  • «ШҚО жұмыспен үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ тапсырысы аясында «Жұмыспен қамту картасы 2020 бойынша жолнұсқаушы» Брошюрасы

  • Нидерланды корольдігі елшілігі қолдауымен «Мемлекеттік басқару ашықтығын арттыру құралы ретіндегі мемлекеттік қызмет сапасына бірлескен (қоғамдық) мониторинг» жобасы аясында «Қазақстандағы мемлекеттік қызмет сапасына тәуелсіз (қоғамдық) мониторинг (ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет мысалында)» Брошюрасы

  • Оқу-әдістемелік материалдар БҰҰДБ тапсырысы аясында «Арнайы әлеуметтік қызмет сапасын бағалау мен мониторинг»

  • Ақпараттық-әдістемелік құрал Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі тапсырысы аясында «жас сарбаз курсы» зерттеу және талдау»

  • Фильм шығарылды «Үздік тәжірибе зертханасы (ШҚО арнайы әлеуметтік қызмет көрсету мысалында)», әлеуметтік капиталды арттыру мәселесі, 2014-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдармен өзара қатынас бойынша Ұлттық жоспарды әзірлеу бойынша телерепортаждар қатары шығарылды.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет