— 19 —
уақытыңыз
табыла қалса, құр жібермей пайдалы
кітап оқып, өз салаңызды жете зерттей түсіңіз.
Қолыңыз тие қалса болашақ жоспарларыңызды қайта
қарастырып, бүге-шегесіне дейін бір қарап шығыңыз.
Іздену ешқашан артықтық етпейді.
Пайдаға емес, сапаға жұмыс жасаңыз.
Сіз өз
бизнесеңізді жақсы жаққа қарай, сапалы
бағытта дамытсаңыз бизнесеңіз өзінің пайдасын
бере бастайды. Тұтынушылар
сіздің тауарыңызды
іздеп жүріп сатып алатындай әсер қалдырсаңыз,
пайда шаш етектен боларына кепіл беремін. Сіздің
арманыңыз бәсекелестерден ерекшеленуі керек.
Сапа және қызмет көрсету сіздің бизнесіңіздің негізгі
буыны болуы керек.
Есептеу – табыс кілті.
Сіз өзіңіздің тауарларыңыз
бен қызметтеріңіздің
кіріс, шығындарын дұрыс есептеуге мұқият болуыңыз
керек. Американдық «Wal-Mart» деген компания
бөлшек сауда дүкендері арасында
өзінің кірістері мен
шығындарын сауатты есептегендерінің арқасында
бірінші орында тұр. Тауарыңыздың сатылуы немесе
қоймада қалдық
болып сатылмай қалып кетуі
бизнестегі біліміңізге тікелей байланысты.
Оңтайлы шешім қабылдау.
Кәсібіңізді домалатудың тағы бір құпиясы – тез әрі
тиімді шешім қабылдау. Мәселен, сіз тауарыңыздың
сақтау мерзімі өтіп кетті деп қол қусырып қарап отыра
бермейсіз ғой, дұрыс па?
Ары қарайғы әрекетіңіздің
қандай болатынын болжап, шешім қабылдауыңыз
— 20 —
керек. Бұл тәжірибемен келетін білім. Бизнестегі
барлық шешімдер жауапкершілікпен қабылдануы
керек. Ота жасау үстеліндегі
науқастың өмірі хирургқа
байланысты болса, кәсібіңіздің болашағы сіздің
қабылдаған маңызды шешімдеріңізге байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: