Галогендер топшасын оқып, үйрену. Галогендер топшасын оқып, үйренудің екі ерекшелігі бар. Біріншіден, галогендердің табиғи
275
тобы периодтық заң жэне периодтық жүйені ѳтер алдында қарастырылып, физикалық, сондай-ақ химиялық қасиеттеріндегі, маңызды қосылыстарының қүрамы мен қасиеттеріндегі үқсастықтары жэне айырмашылықтары анықталған болатын. Хлорсутек, түз қышқылының қасиеттері жэне түздары оқушыларға белгілі.
Екінші ерекшелігі - бүл периодтық заңдылық пен зат қүрылысы теорияларының негізінде оқылатын химиялық элементтердің алғашқы топшасы. Сондықтан периодтық заң мен атом қүрылысының заңдылықтары оқушылардың таным әрекетін жандандыру үшін барынша толық пайдаланылады, оқушылардың ѳздігінен істейтін тэжірибелік жүмыстарына жол ашылады.
Оқушылар галогендердің жалпы сипаттамаларымен ѳздігінен істейтін жүмыстар арқылы танысады. Оқушыларға үш тапсырма беріледі.
1-тапсырма. Галогендердің салыстырмалы сипаттамаларын мына үлгі бойынша кесте түрінде жазыңыздар: 1) электртерістілігінің кемуі бойынша химиялық таңбалары (Ғ, С1, Вг, I); 2) салыстырмалы атомдық массалары; 3) атом қүрылысының электрондық жэне графикалық формулалары; 4) атом қүрылысындағы: а) үқсастықтары; э) айырмашылықтары; 5) жай заттарының электрондық формулалары жэне химиялық байланыстарының түрі; 6) кристалл торларының түрі; 7) агрегаттық күйі.
Кестені талдау арқылы галогендердің үқсастығы электрондық қүрылысының, эсіресе сыртқы энергетикалық деңгейлерінің бірдейлігімен, ал айырмашылығы валенттілік электрондарының ядродан алыстауымен түсіндіріледі. Жай заттар молекулаларындағы химиялық байланыстың түрлерін, кристалл торларының типін салыстырып, физикалық қасиеттерінің ѳзгеруіндегі заңдылықтардың беті ашылады, ол үшін оқулықтагы жэне арнайы дайындалған кестелер пайдаланылады.
2-тапсырма. Галогендердің сутекті қосылыстарын сипаттайтын кесте толтырыңыздар: 1) химиялық формуласы; 2) электрондық формуласы; 3) химиялық байланыстың түрі; 4) түрақтылығы; 5) кристалл торының түрі. Кесте толтыруға қажетті мэліметтерді оқушылар оқулықты ѳздігінен оқу арқылы іздеп табады. Әңгімелесу арқылы жүмыстың қорытындысын шығарғанда химиялық байланыс түзетін электрон бүлттарының пішініне, түзілу сызбанүсқасын
276
сыздыруға, байланыстың сипатына, фторсутегінен иодсутегіне қарай тұрақтылығынЫН кему себебіне назар аударылады.
Галогендердің оттекті қосылыстарын сипаттайтын кесте жазудын кажеті шамалы. Галогендердің бэрі периодтық жүйедегі орнына сэйкес жоғарғы оң тотығу дэрежесін кѳрсетпейтіні анықтап ѳтіледі. Жалпы заңдылыққа сэйкес оқушылардың Ғ2О7 деген формула жазатыны жиі кездеседі. Сондықтан электртерістілігі ең күшті элемент фтордың минус бірден ѳзге тотығу дэрежесін білдірмейтіні баса айтылып, оттегімен қосылысының формуласы ОҒ2 екеніне кѳңіл бѳлінеді.
Галогендердің химиялық қасиеттерін талдағанда, жаңа
бағдарламаның талаптарына сэйкес тотығу-тотықсыздану реакцияларының электрондық табиғаты жонінде алғашқы іұсінік беріледі, электрондық баланс теңдеулері жазылады. Бүл арада фосфордың хлорда жануын оқушыларға бүрыннан таныс оттегінде жануымен салыстырып, электрондық жағынан алғанда бұлардың бір-біріне үқсас процесс екені түсіндіріледі. Басқа да бейметалдармен және металдармен эрекеттескенде галогендер атомдарының тотықтырғыш қасиет кѳрсетіп, ѳздерінің тотықсызданатыны айтылады.
Жалпы сипапамадан кейін галогендердің ішінен хлор элементі жэне оның қосылыстары толық қарастырылады. Мүның мэнісі хлор қосылыстары табигатта кең таралған, халық шаруашылығының түрлі салаларында, медицинада және тұрмыста жиі қолданылады, кѳпшілігі оқушыларға бүрыннан белгілі.
Жалпы заңдылықтар түрғысынан басқа галогендермен салыстыра отырып хлор атомының жэне молекуласының құрылысы, алынуы, жай жэне күрделі заттармен әрекеттесуі талқыланады. Сумен әрекеттесуінің ерекшелігі және маңызы, бүл реакцияда хлор атомының екі жақты қасиеттер кѳрсететіні электрондық баланс теңдеуін талқылау арқылы нақты түсіндіріледі.
Хлордың химиялық қосылыстарынан хлорсутек жэне түз қышқылы айрықша қарастырылады. Бүл қосылысты ѳтумен байланысты газдардың мольдік кѳлемі, Авогадро заңы, газдардың салыстырмалы тығыздығы туралы жаңа үғымдар беріледі. Сан есептерінің жаңа түрлері енгізіледі: 1) химиялық теңдеулер бойынша газдардың колем қатынастарын табу; 2) реакцияға кіріскен немесе шыққан заттардың берілген мѳлшері бойынша келемін табу; 3)
277
газдардың салыстырмалы тығыздыгын есептеу. Бұл есептеулер оқушылардың химиялық реакциялардың сандық сипаттамалары жѳніндегі білімін кеңейтеді.
Оқушылар qp қышқылын жэне оның тұздарын анықтаудың сапалық реақциясымен, галогендердің тотықтырғыш қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасымен танысады, хлоридтерді, бромидтерді жэне иодидтерді ажыратып, тануға байланысты эксперимент есептерін шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |