Оқушылардың білімі мен бйіігін тексеру эдістері мен түрлері
Эдістемелік әдебиеттерде оқушылардың білімі мен білігін тексеру
121
дидактикалық мақсаттарына қарай күнделікті, дүркінді жэне қорытынды тексеру деп жіктеледі. К ү н д е л і к т і т е к с е р у д і жеке сабақтарда, д ү р к і н д і т е к с е р у д і бір тақырыпты откен соң, қорытынды тексеруді тоқсаныңсоңында,жыл аяғында жүзеге асырады. Бүлардың әрқайсысы откізу немесе білімнің алыну формасы бойынша ауызша сүрауға, жазба жүмыстарға жэне экпериментік тапсырмаларға болінеді. Бүлардың озі одан эрі жекелеп сүрау, топтық сүрау жэне жапай сүрау, химиялық диктант, қысқа мерзімді бақылау жүмыстары, үзақ мерзімді бақылау жүмыстары, жазбаша үй тапсырмасы, жек-дара корнекті корсету, эксперимент, зертханалық жүмыс, сарамандық бақылау жүмыстары, үй эксперимент болып тамамдалады. Білім мен білікті тексеру қүралдарына қарай машиналармен жэне машинасыз тексеру деп те жіктеледі, соңғысына жататындар; карточкалар, перфокарталар, сүрақтар тізбесі, билеттер, электрленген кестелер, кодепленкалар, диафилмдер, үлестірілетін заттар, қүралдар, модельдер, сызбанүсқалар, т.б.
Тексерудің кез келген түрін қолданғанда оқушылардың біліміне, білігіне жэне дағдысына қойылатын талаптар ескеріледі, олар қазіргі бағдарламада корсетілген. Негізгі талаптарды химиялық теориялар мен заңдарын, деректі жэне ѳндірістік материалдарды игеру мэселелерінің тоңірігіне топтастыруға болады.
Оқушылар химиялық теориялардың; 1) негізгі қағидаларын; 2) ашылу тарихын; 3) эр қағиданы дэлелдейтін тәжірибелер мен деректерді; 4) теорияны оздері танысатын деректерді түсіндіруге,
заттардың қасиеттері мен қүбылыстарды болжай білуге
пайдаланатын дэрежеге жетуі керек.
Оқушылар эр заңның жэне үғымның; 1) мазмүны; 2) отілген
теория түрғысынан анықтамасын; 3) заң жэне үғым түрғысьшан жеке деректердің, қүбылыстардың түсіндірілуін; 4) заңның ақиқаттылығын дэлелдейтін тәжірибелерді; 5) ашылу тарихын білуі тиіс.
Оқушылар орта мектепте оқылатын эр заттың табиғата таралуын, алыну тэсілдерін, қасиеттерін, қүрамы мен қүрылысын, қолданылуын білуі қажет. Химиялық ондіріске байланысты оқушылар; 1) ѳнімінің қүрамын, сипатамаларын, халық шаруашылығындағы маңызын; 2) шикізат қүрамының ондіріске әзірленуі; 3) ѳндірістің негізіне жататын химиялық эрекеттерді; 4)
122
оларды жүзеге асыратын негізгі аппараттарды; 5) ѳндірістің ғылыми негіздерін білуі керек.
Осы кездегі педагогикалық жэне эдістемелік эдебиеттерде айтылып жүрген оқушыларда қалыптасуға жэне тексерілуге тиісті біліктер мен дағдыларды үш топқа біріктіруге болады. Біріншісі - оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты біліктер мен дағдылар: жоспарлау, оқулықпен жұмыс істей білу; білімнің басқа құралдарын пайдалана білу; беретін жауабының жоспарын жасау; айтқанын дәлелдей білу, ѳзін-ѳзі бақылау жэне талдау. Екіншісі - оқушылардың даму ѳрісін керсететін қисынды біліктер мен дағдылар: анализ жэне синтез жасай білу; салыстыру; жіктеу; жалпылау; негізғісін таба білу; аналогия жасау; себеп-салдар байланысын ашу; жорамал жасай білу, оны дэлелдеу, қорытындысын шығару. Үшіншісі - еңбек істей білуге байланысты біліктер мен дағдылар: еңбек етуге ыңғайы, жабдықтарды пайдалана білуі; реактивтермен жұмыс етуге білуі; сақтық шараларының орындауы; тэжірибе жасау техникасын меңгеруі; құбылыстарды бақылай білуі; бақылауды тіркеп жазуга икемділіғі; уақытты тиімді пайдалануы, жұмыс орнының тазалығы.
Осы үш саладағы жалпы біліктер мен дағдылардың эрқайсысы химиялық материалды еткенде жэне химиядан тэжірибелер жасағанда қалыптасуы жэне тексерілуі тиіс.
Тексерудің қай түрі белса да тиімділігі мен дайындылығына байланысты. Оның негізгі түрлері тақырыптық жоспарда керсетіледі. Күнделікті, дүркінді жэне қерытынды сұраулар үшін картечкалар эзірленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |