3.3 Қ.Жұбанов атындағы АӨУ
Инклюзивті білім беру бойынша мамандардың осы саланы дамытуға қосқан үлесін зерделеу (сала бойынша жұмысқа орналасу, жеке орталықтар ашуы және т.б)
1. 5В010500-Дефектология білім бағдарламасының 2018 жылғы түлегі Орынғалиева Гүлсара Ниязқызы Ақтөбе қаласындағы «Сөйлеу орталығы» балаларды дамыту орталығын негізін қалаушы. 2022 жылғы арнайы педагогтарға арналған І және ІІ жазғы Республикалық семинарының ұйымдастырушысы.
2. 5В010500-Дефектология білім бағдарламасының 2019 жылғы түлегі Бауыржанқызы Мөлдір «Тәтті тіл» ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған дамыту орталығының негізін қалаушы. 2022 жылғы арнайы педагогтарға арналған І және ІІ жазғы Республикалық семинарының ұйымдастырушысы.
3. 6М010500-Дефектология білім бағдарламасының 2019 жылғы түлегі Қабақбаев Бағдат Нұрланұлы «Умняшка» балалар орталығының негізін салушы.
4. 6М010500-Дефектология білім бағдарламасының 2020 жылғы түлегі Сембіғалиева Салтанат Рахметқызы «Saltanat Rakhmetkyzy» түзете-дамыту кабинетінің негізін құрушы.
5. 5В010500-Дефектология білім бағдарламасын 2022 жылы бітірген 25 түлек облыс көлемінде түзету кабинеттері мен жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім алып отырған балалармен түзету педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыруда.
6. Университеттің «Қосымша білім беру» департаментінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық білім беру мекемелері (балабақша, мектеп, колледж) педагогтарына арналған «Инклюзивті білім беру» тақырыбындағы қайта даярлау және білім жетілдіру курстарын Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру кафедрасының профессор-оқытушылары М.Н.Есенғұлова және М.Р.Балтымова жүргізді.
7. 5В010500-Дефектология білім бағдарламасының 2021 жылы бітірген түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші-95%, 2022 жылы бітірген түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші-76% құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |