57
Құрылысқа дайындықтыұйымдастыру.
ҚНжЕ 12-01-2004 «Құрылысты ұйымдастыруға» сəйкес
жалпы
ұйымдастырушылық дайындық негізінен құрылысышы-салушы-тапсырыс
берушімен жүргізіледі.
Оған кіреді:
жер телімдеріне жеке меншік құқығы жəне бекітілген жобалық
құжаттардың негізінде берілетін құрылысты жүргізуге рұқсат алу;
құрылысты құрылыс мердігерлігі арқылы жүргізу əдісінде
құрылыс мердігерлігі келісімшартынегізіне,
сонымен қатар, мердігерлік
сауда-саттық (тендер) нəтижесінде анықталған мердігерді анықтау;
жобаның бекітілетін бөлігі бойынша мердігерді, атап айтқанда,
құрылысты ұйымдастыру жобасы кіретін тиісті құжаттармен жəне де
толық нысанға немесе белгілі бір
жұмыстар кезеңдеріне жұмыс
құжаттарымен қамтамасыз ету;
нысан құрылысын жүзеге асыруға қажетті əр түрлі жұмыстарды
жүргізу үшін орындаушыға қолдануға беру;
жобалаушыны насанның құрылысы кезінде заңмен қарастырылған
жағдайларда авторлық бақылауды тарту;
қиратылатын ғимараттарда орналасқан мекемелер мен тұлғаларды
көшіру сұрақтарын шешу;
құрылыс кезінде жүк тасымалдауын жүргізу үшін инженерлік
желілер мен магистральдардың жеткізілуін қамтамасыз ету;
құрылыстың басталуы, тақтатылуы,
сақталуы, аяқталуы,
жылжымайтын нысанның пайдалануға берілуі жайлы шешімдер қабылдау;
құрылыс алаңында жұмыстардың қаршаған табиғи ортаға
жəнетұрғындарға, сонымен қатар, құрылысы
аяқталған жылжымайтын
нысанның
қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
жергілікті сəулет жəн қала салу органдарының күшімен немесе
олардың тапсырысы бойынша, маманданған мекемемен геодезиялық бөлу
негізін алаңға шығаруды жəне оны акт бойынша қабылдауды қамтамасыз
ету;
бас
құрылыс
жоспарымен
анықталған
транспорттық
магистральдарды, көшелерде жүруді шектеуді, қоғамдық көліктердің
жүрісінің өзгеруін жабуды қамтамасыз ету шаралары.
Құрылысты дайындықты ұймдастыру
кезеңінде жұмыстарды
орындаушы (мердігер) жобаны белгілі əдістер арқылы жүзеге асырудың
мүмкіндігін тексеруі мүмкін.
Ол қажет болған жағдайда мыналарды анықтауы мүмкін:
жаңа технологиялық қабылдауларды жəне жабдықтарды жасау
қажеттілігі;
58
қолданылуы жобалық құжаттарда анықталған материалдарды,
бұйымдарды жəне жабдықтарды сатып алу мүмкіндігі;
жобалық құжаттарда көрсетілген
құрылыс алаңын энергиямен,
сумен, жылумен, бумен қамтамасыз ету үшін уақытша инженерлік
коммуникацияларды тұрақты желілерге қосудың нақты орындары мен
шарттарының сəйкестігі.
Жобалық құжаттарды алу кезінде мердігер өндірістік сапа
бақылаудың барлық түрлеріне құжатталған рəсімдердің
онымен
қолданылаты ұйымдастырушылық-технологиялық құжаттарды, олардың
толықтылығын тексергені дұрыс жəне де, керек жағдайда, түзетіп,
қажеттілерін əзірлеуі қажет.
Жобалық құжаттар негізінде мердігер
ғимараттардың бөлінетін
осінің орналасу сұлбасын, олардың бекітілу таңбаларын жəне жинақтау
бағытын дайындауы қажет.
Сұлбаларды осьтер мен бағыттар құрылыстың балық деңгейлерінде
құрылым элементтерінің орналасу дəлдігін бақылау үшін
технологиялық
қол жетімді деген шартқа сүйене отырып жасалады. Сонымен қатар, бар
əдістемені түзету немесе қажет болған жағдайда жаңа əдістеме жасау
қажет.
Мердігер қызметшілерге оқу жаттығуларын жүргізуі қажет, сонымен
қатар, мердігер өз күшімен жүргізе алмайтын зерттеуерді жүргізуге
зертханалармен келісімшартқа отыруы тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: