Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн


Жұмысты ұйымдастыруəдістерінің негізгі топтары



Pdf көрінісі
бет46/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Жұмысты ұйымдастыруəдістерінің негізгі топтары.
Құрылыста жұмысты ұйымдастырудың əдістерінің үш негізгі тобын 
ажыратады. 
Ретті əдістер əрбір уақыт мезетінде бір жұмыстан артық емес 
орындалатын жұмыстарды ұйымдастыруды қарастырады. Сонымен қатар, 
жұмыстар кешенінің ұзақтығы оны құрайтын жеке жұмыстардың 
ұзақтығының қосындысы арқылы анықталады. Осылай ұйымдастыру 
кезінде барлық жұмыс кешенінің өндіріс уақыты міндетті түрде көбейетіні 
анық, сондықтан ретті əдістер қолданылмайды. Олар жұмыстарды 
ұйымдастырудың басқа əдістеріне құрам бөлік ретінде кіреді.
Параллельді əдістер əрбір уақыт мезетінде (технологиялық 
мүмкіндіктері қамтамасыз етілген жағдайда) бір уақытта бірнеше жұмыс 
орындалатын жұмыстыруды ұйымдастыруды қарастырдаы. Алайда, 
жұмыстардың екі немесе одан да көп түрлері бар болған кезде параллельді 
əдіс параллельді-ретті əдістерге айналады.  
Параллельді-ретті əдісте əрбір түрдің жұмыстары ұзақтағы əрбір 
айналымдағы ең ұзақ жұмыс (шектік жұмыс) арқылы анықталатын 
айналымдарға 
біріктіріледі. 
Шектік 
жұмыстардың 
ұзақтығының 
қосындысы барлық жұмыс кешенінің ұзақтығын анықтайды. Осылай 
ұйымдастыру кезінде жұмыстарды өндірудің жалпы уақыты минимумға 
дейін азайтылады, алайда, қолданылатын қорлардың саны айтарлықтай 
арта түседі.  
Ағындық əдістержұмыстардың жалпы аймағын жеке жұмыстар 
аймағына бөлу жəне онда əр түрлі жеке жұыстар ағынының параллельді 
орындалуы арқылы пайда болады.  
Айтылған 
жұмыстарды 
ұйымдастыру 
əдістерінің 
топтарын 
салыстыруын көрсететін мысал сурет 3.1 көрсетілген. Берілген мысалда екі 
құрылыс нысанында жұмыстардың екі циклінің орындалуының 
күнтізбелік графигі көрсетілген. Нөлдік цикл жұмыстарына 20 адам 
жұмылдырылған, ал ғимарат қорабын тұрғызу жұмысына 70 адам 
жұмылдырылған. 
Қолданылатын қорлардың минималды шегі ретті əдіске сəйкес келеді 
жəне 70 адамды құрайды, бірақ, сонымен қатар, құрылыстың жалпы 
ұзақтығы 29 айды құрады.
Параллельді əдіс үшін минималды жалпы ұзақтық алынды, бірақ бұл 
əдісті жүзеге асыру үшін қорлардың максимумы - 140 адам қажет.


87 
Ағынды əдіспен орындалатын берілген жұмыстар кешенінің жалпы 
ұзақтығы, қолданылатын қорлардың максимум шегі 90 адамды құраған 
кезде, 24 айға тең.
 
а) 
б) 
 
Қорап монтажы 
4 ай 
2-ші нысан 
Қорап монтажы 
1-ші нысан 
9 ай 
Нөлдік 
цикл 
Жалпы ұзақтығы = 16 ай 
5 ай 
11 ай 
Нөлдік 
цикл 
40 сағ
140 сағ 
Қорлар 
70 
сағ
Қорап монтажы 
2-ші нысан 
1-ші нысан 
4 ай 
9 ай 
5 ай 
11 ай 
Нөлдік 
цикл 
Қорап монтажы 
Нөлдік 
цикл 
Жалпы ұзақтығы = 29 ай 
20 сағ
20 сағ
70 сағ 70 
сағ 
Қорлар 


88 
в) 
Сурет 3.1. Жұмысты ұйымдастыру əдістерінің үш тобын салыстыру 
а – жұмыстарды ретті орындау; б – жұмыстары параллельді орындау;
в- жұмыстарды ағынды орындау 
Жұмыстарды ұйымдастыру əдістерінің ретті, параллельді жəне 
ағынды топтарын ерекшелеу көп жағдайда жұмыстарды ұйымдастырудың 
ағынды əдістерінің басымдылығы анықтауға бағытталған теориялық 
мағынаға ие екенін айта кеткен жөн.
Шынымен де, ортақ жағдайларда құрылыс ағыны деп құрылыс 
кеңістігі арылы өтетін жəне оны дайын (соңғы немесе аралық) құрылыс 
өніміне айналдыратын қорлар ағынын (жеке ағындар) түсінуге болады. 
Онда, осыдан шығатыны əдістердің барлық топтары ағынды əдіске 
жатады, себебі əрбір топта қорлар ағыны кездеседі. Осылайша, ағынды 
əдістер тобын қарастыра отырып, жеке жағдай ретінде оларды сəйкес ретті 
жəне параллельді əдістерге айналдыруға болады. Осының негізінде ары 
қарай мазмұндамада жұмыстарды ұйымдастырудың, ең ортақ жəне 
құрылыс өндірісін ұйымдастыру үшін тəжірибе жүзінде ең маңызды əдіс 
ретінде, тек ағынды əдістер қарастырылады.
Мəні бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың барлық əдістері уақыт 
пен кеңістікте жұмыстардың, жеткізу сипатының жəне қорларды 
қолданудың өзара байланысын анықтайды. Ұйымдастырудың қандай да 
бір əдісін қолданбай жұмыстарды орындау мүмкін емес. Алайда, 
жұмыстарды ұйымдастырудың көптеген əдістері бар жəне болжалған 
бəсекеге қабілетті нұсқалардың арасынан жұмыстарды ұйымдастыру 
əдісінің нақты шарттарға ең сəйкесін таңдау арқылы табысқа жетуге 
болатынын айта кеткен жөн.
Белгілі бір жұмыстар кешеніне кіретін кешеннің екі жұмысының 
басталуы мен аяқталуын анықтайтын кез келген екі жұмыс арасында, 
1-ші нысан 
4 ай 
9 ай 
Жалпы ұзақтығы = 24 ай 
2-ші нысан 
5 ай 
11 ай 
20 сағ 
90 сағ 
Қорлар 
70 сағ 
70 сағ 


89 
анығырақ, кез келген екі жағдай арасында байланыстар немесе тəуелділік 
болуы мүмкін.
Байланыстар – бұл жеке элементтерді жүйеге біріктіретін, қарым-
қатынас, 
өзара 
тəуелділікжəне 
соңында, 
жүйе 
элементтерінің 
ортақтылығын орнатады. Əдетте құрылыста байланыстың екі негізгі түрі 
ескеріледі. 
Қорлық байланыс – бұл бір түрдің екі кезектес жұмыстарының 
(кезектес жеке жұмыс алаңдарында орындалатын) арасындағы тəуелділік, 
келесі жұмыстың басталуы тек алдыңғы жұмыс аяқталған соң ғана жүзеге 
асырылады.
Қорлық байланыстар уақыт ішінде өзгеруі мүмкін (қорлық 
байланыстардың созылуы). Бұдан шығатыны, олар жұмыстарды 
орындаудың үздіксіздік деңгейін көрсетеді, қорытындылай келе, əрбір 
жеке ағын ішінде қорларды қолдану үздіксіздігінің деңгейін көрсетеді.
Фронталды байланыс – бұл бір жеке жұмыс аймағында 
орындалатын əр түрлі кезектес екі жұмыс арасындағы байланыс.
Фронталды байланыс жеке жұмыс аймағы ішінде орындалатын 
келесі жұмыстың басталуы алдыңғы жұмыстың аяқталуына тəуелділігін 
көрсетеді.
Фронталды байланыстар уақыт ішінде өзгере алады (фронталды 
байланыстардың созылуы). Сонымен, фронталды байланыстар жеке 
жұмыстар алаңын игеру кезіндегі үздіксіздік деңгейін көрсетеді.
Жұмыстардың кез келген кешені əр түрлі əдістермен жəне əр түрлі 
басталу жəне аяқталу мерзімдерімен, қорларды қолданудың жəне жеке 
жұмыстар аймағын игерудің əр түрлі сипатымен жəне сəйкес шамасы əр 
түрлі техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен орындалуы мүмкін. 
Негізінен жұмыстарды ұйымдастыруды есептеу əдістері жұмыстар 
арасындағы байланыстарға салынатын шектеулерді ескере отырып 
анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет