Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн


Нысандық қоймаларды жобалау



Pdf көрінісі
бет58/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Нысандық қоймаларды жобалау.
Құрылыста, нысандық қоймалар материалдарды, құрылымдарды, 
құралдарды жəне басқа да материалдық қорларды уақытша сақтау үшін 
ұйымдастырылады. Қоймалауға жататын қорлардың көлемі құрылысты 
тиімді ұйымдастырудың, құрылыс-жинақтау жұмыстарын орындаудың 
алдыңғы əдістерін қолданудың, құрылыс жүгін контейнерициялау жəне 
басқа да ұйымдастырушылық-техникалық шешімдердің арқасында 
минимумға келтірілуі қажет.
Объектілік қоймаларды жобалау кезінде үш мəселе шешіледі: 
1) 
қоймалауға жататын материалдардың, құрылымдар мен 
өнімдердің кепілді қоры анықталады; 
2) 
материалды қорлардың негізгі түрлері үшін объектілік 
қоймалардың ауданын есептеу жүргізіледі; 
3) 
қоймалар түрлері жəне оларды құрылыс алаңында орналастыру 
көрсетіледі. 
Белгілі бір типті 
қ
материалдық қорларды сақтау көлемін есептеу 
келесі формула арқылы анықталады 
қ
жалпы
г
, 
(3.14) 


116 
мұндағы 
жалпы
– нысан құрылысына қажетті берілген 
материалдардың, құрылымдардың жəне өнімдердің жалпы саны; 
– бұл материалдық қорды қолдану арқылы орындалатын жұмыстар 
ұзақтығы; 
г
– құрылыс алаңындағы материалдар қорының кепілді 
нормасы; 
– материалдардың қоймаға келіп түсуінің біркелкі еместік 
коэффициенті (автокөліктер үшін - 1,1, темір жол көлігі үшін – 1,3); – 
есептеу кезеңінің ішінде материалды қолданудың біркелкі еместік 
коэффициенті – 1,3. 
Ары қарай уақытша қоймаларды есептеу олардың орын алу ауданын 
жəне жіберу алаңдарын, жолдар мен өтулерді есепке ала отырып 
анықтауда жатыр. 
Қойманың 
қ
есептелген ауданы негізгі материалдардың қорына 
қ

қойма ауданының шаршы метрлерінің санын көрсететін қоймалау 
нормасына 
жəне қойма ауданын пайдалану коэффициентіне 
исп
байланысты келесі формуламен анықталады 
қ
қ
исп
. 
Нысандық қоймалар салынып жатқан ғимараттардың жанынан 
салынады.
Құрылыс материалдары жəне өнімдерінің қоймалары конструктивті 
ашық алаңдар, қалқа жəне жабық үй-жай түрінде жасалады.
Ашық алаңдарда атмосфералық жауын-шашындардан қорғауды 
қажет етпейтін материалдар мен құрылымдар сақталады: бетон жəне 
темірбетон құрылымдар, кірпіш, қиыршық тас жəне т.б.
Қалқалар күн сəулесінің тікелей түсуінен жəне атмосфералық 
жауын-шашыннан қорғауды қажет ететін материалдар мен өнімдерді 
(рубероид, орман материалдары жəне т.б.) сақтау үшін жасалады.
Жабық қоймаларда ғимаратты əрлеу, электротехникалық жəне 
санитарлық-техникалық жұмыс материалдары жəне басқа да құнды 
өнімдер сақталады. Кейбір материалдар үшін сақтаудың басты параметрі 
температура болып табылады, сондықтан кейбір жабық қоймалар жылумен 
қамтамасыз етілуі мүмкін. Жабық қоймалар тұрақты немесе уақытша 
ғимараттарда орналастырылады.
Тұрақты ғимараттар құрылыс мекемелерінің қоймалары, жүк тиейтін 
қоймалар жəне өндірістік кəсіпорын қоймалары ретінде қолданылуы 
мүмкін. құрылыс алаңында орналасатын қоймалардың көбі уақытша болып 
табылады. Бұл мақсатта, əдетте, құрылмалы-бұзылмалы, контейнерлі жəне 
жылжымалы қоймалық үй-жайлар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет