1- дәріс Тақырыбы: Психофизиология пәніне кіріспе Сұрақтары: Психофизиология пәні. Жүйке жүйесінің ролі мен маңызы


Тақырыбы: Жүйке жүйесінің онтогенезі



бет5/28
Дата04.09.2023
өлшемі144.64 Kb.
#476500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Лекция 1-15 Психофизиология

Тақырыбы: Жүйке жүйесінің онтогенезі
Сұрақтары:

  1. Жүйке жүйесінің дамуы.

  2. Жаңа туған нәресте жүйке жүйесінің ерекшеліктері.

  3. Бала функционалды дамуының кезеңдері

Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен үрдістерді сыртқыорта құбылыстарына бейімдеп,тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Адамда жүйке жүйесінің ең жоғарғы бөлімі – ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі – ойлау, дүниетану, пікір тудыру.


Адамның ми жарты шарлар қыртысының негізгі айырмашылық белгісі – оның күрделілігі мен көп қабаттылығында, оның жоғарғы қабаттарында аралық нейрондардың саны өте көп.
Қыртыстағы нейрондардың негізгі 4 типін айырады: 1.Эфференттік нейрондар. Бұған пирамидалық және жіп тәрізді клеткалар жатады. Атына сәйкес пирамидалық клеткалардың формасы пирамида тәрізді келеді. Оның жоғарғы ұшынан қыртыстың беткі қабаттарына дейін жетіп тарамдалатын дендрит шығады; қысқарақ дендриттер пирамиданың негізі мен бүйір жақтарынан шығады. Аксон пирамиданың неігзгі жағынан шығып, кері кететін коллатералдар беріп, жарты шардың ақшыл затына беттейді. Қыртыстың жоғарғы қабаттарындағы пирамидалардың көлемдері кішкене келеді, ал тереңіректе орташа, үлкен және 120 мкм-ге дейін жететін алып клеткалар орналасады . Клеткалардың жоғарғы полюсінен тарамдалатын жіп тәрізді дендрит кетеді де , төменгі полюсінен аксон кетеді. 2. Аксоны жоғары кететін нейрондар - қыртыстың терең қабаттарындағы импульстерді беткі қабаттарға жеткізеді. 3. Аксоны горизонталь орналасқан нейрондар - импульсті қыртыс бетіне параллель бағытта таратады. 4. Көп тарамдалған қысқа аксонды қондырма нейрондар - импульсті көрші клеткаларға береді. Оған жататындар : жұлдызды немесе дәнді, бұта тәрізді (оның аксоны кішкентай және орташа пирамидаларды орап алады), өрмекші тәрізді клеткалар .
Тәжірибелік невроздар. Жоғары жүйке қызметі мен негізгі үрдістерінің қалыпты қасиеттерінің әрекеттік ауытқулары көптеген жүйке ауруларына әкеліп соғады. Бұл бұзылудың мәні қозу мен тежелу үрдістерінің шамадан тыс күшеюі немесе олардың соқтығысуы арқасында пайда болатын тәжірибелік невроздар арқылы анықталады.
Тежелу толқынының шамадан тыс күшеюі өте жуық тітіркендірулерді табандылықпен ажыратқанда, тежегіш тітіркендіргіштердің әсерін созғанда, шартсыз нықталудың мерзімін ұзаққа қалдырғанда пайда болады. Адамда осындай невроздық жағдай қиын мәселелерді шешкенде, үздіксіз тыйым салумен ұшырасқанда, мүлдем түңілгенде және үміттері аяқталмағандарда жиі байқалады.
Ширақтықтың шамадан тыс күшеюі- жағымды және жағымсыз шартты тітіркендіргіштердің сигналдық мәнін өте жиі және тез қайта ауыстырудан немесе олардың қалыптасқан стреотипін кенеттен өзгертуден шығады. Сондықтан невроздық күйді адамның көзқарасын немесе тұрмыс қалпын өзгертуге мәжбүр ететін көптеген оқиғалар (әсіресе жас ұлғайған шақта) жиі тудырады.
Қозу мен тежелудің қайшы келіп қалуы немесе жүйке құбылыстарының «қақтығысы», қарама- қарсы сигналдық мәні бар тітіркендірулерді бір- бірімен өте тез алмастырғанда немесе бір мезгілде әсер еткенде білінеді. Алғашқы тәжірибелік невроздар осы жолмен жасалған еді. Ол үшін қорғаныс әсерленуін тудыратын, ауыртатын тітіркендіргіш сигналы тағамдық шартты рефлекс жасағанда қолданылды. Сөйтіп, бір тітіркендіргіштің сигналдық мәнін шатастырудан, жүйке орталығында қозу мен тежелудің «қақтығысы» пайда болады. Осындай тіршілік «қақтығысы» салдарынан невроз ауруына душар болған науқастар көп кездеседі.
Жоғары жүйке қызметінің невроздық ауытқулары бірнеше түрде білінеді. Бұлардың ішінде созылмалы келетін ретсіз шартты рефкстер немесе олардың деңгейінің оралымды алмасуы, теңестірушілік және парадоксалды күйлердің пайда болуы, долдану және жүйкенің ауытқулы салғырттығы байқалады.
Жүйкесі әлсіз немесе ұшқалақ типтерде невроздық олқылық оңай туады және біріншісінде қозу, екіншісінде тежелу үрдістері зиян шегеді. Сонымен қатар жоғары жүйке іс- әрекетінің типологиялық ерекшеліктері бар адамдарда болатын невроздық ол қылық көріністер де осы тұрғыдан түсініктеме алады.
Сонымен невроз- жоғары жүйке қызметінің созылмалы әрекеттік бұзылуы. Оған себепші- ми құрылымдарының өзара қатысының келісімсіз жағдайлары, әр түрлі әрекеттік оның ішінде вегетативтік жүйке қызметінің бұзылуы. Адамдарда невроздың көп түрі болады, оның ішінде жиі кездесетіні неврастения, мезі қылатын күйдің неврозы, истерия және психастения. И.П.Павловтың айтуынша, истерия- көркемпаз типті адамға, ал психастения- ойшыл адамға тән келеді.
Невроз вегетативтік әрекеттердің бұзылуымен қатар жүреді. Бұдан ми қыртысы мен ағзалардың арақатынасының өзгергендігі байқалады. Вегетативтік өзгерістер- невроздың ерте білінетін белгісінің бірі. Олар шартты рефлекстер бұзылмастан бұрын байқалады және ұзаққа созылады.
Вегетативті жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесін морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты денелік және вегетативтік деп екіге бөледі. Денелік жүйке жүйесі (ДЖЖ) қаңқа еттерімен байланысқан, ол организмнің түрлі қимылдарын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Бұл негізінен жануарларға тән қызмет болғандықтан денелік жүйке жүйесін кейде анималдық деп те атайды. Ал вегетативтік жүйке жүйесі (ВЖЖ) ішкі ағзалардың қызметін, заттар алмасуын, өрбу үрдістерін реттейді.
Қазіргі кезде жүйке- психикалық ауытқуларынан туатын вегетативтік аурулардың көбеюіне байланысты, олар көп көңіл аударуды талап етеді. Мәселен, сезімдік зардап, стресс, ышқыну, қан құрамының, жүрек- тамыр, асқорыту жүйелерінің өзгерістерімен қоса кездеседі. Мұның дерттену (патогенездік) негізін К.М.Быковтың медицинаға енгізген миқыртысы- ағзалық теориясы анықтайды.
Жоғары жүйке іс- әрекетін невроздан кейін қалпына келтіру үшін, кейде ұзақ тынығу, жағдайды өзгерту, ұйқыны жақсарту жеткілікті болады. Қозғыштық және тежелгіштік үрдістеріне таңдап әсер ететін фармакологиялық дәрілер (кофеин, бром) орталық жүйке жүйесіне және невроз түріне қарай қолданылады.
И.П.Павловтың жоғары жүйке іс- әрекеті туралы ілімді адамның әрекет- құлығы мен психикасы ауытқуларының көптеген мағынасын ашуға мүмкіндік жасады. Ең бастысы бұл ілім психикалық құбылыстар жөнінде идеалистік түсініктерге тойтарыс жасап, материалистік (мәдениеттік) психологияның, педагогиканың және бейнелеу теориясының ғылыми негізін қалады.
Организмнің қоршаған ортадағы алуан түрлі өзгерістерге және өз ішіндегі пайда болатын қажеттіліктерді өтеуге лайықталған бейімделу процестерін іске асыратын физиологиялық механизмдер арқылы қол жететін ақырғы пайдалы нәтиженің ең негізгісі – ішкі ортаның тұрақтылығын (гемостазисті) қамтамасыз ету екені белгілі. Тек осы жағдайда ғана барлық функционалдық жүйелер өздеріне тиісті, қалыпты қызметтерін атқарады.
Организмдегі мүшелер мен ұлпаларды бөгде денелерден қорғауда, клетка аралық сұйықтықтың құрамы мен қасиеттерінің тұрақтылығын сақтауда ерекше рол атқаратын гемеостатикалық бейімделу механизмдернің бірі гематоэнцифальдық тосқауыл деп есептеледі. Бұл ұғымды ғылымға Л.С.Штерн енгізді.
Нерв ұлпасы мен ми клеткаларындағы ішкі орта тұрақтылығын сақтауда шешуші рөлді гематоэнцефальдық тосқауыл (ГЭТ) атқарады. Бұл механизмге бірігетін анатомиялық туындылар және олар іске асыратын физиологиялық процестер ми-жұлын сұйықтығынаң (МЖС), яғни ликвордың құрамы мен қасиеттерін реттейді.
Гематоэнцефальдық тосқауыл туралы түсінік бойынша қағидалар басшылыққа алынады:

  • Заттардың миға енуі негізінен ликвор арқылы емес, капилляр-нерв клеткасы деңгейіндегі қан жасау жүйесі арқылы іске асады.

  • Гематоэнсефальдық тосқауылды анатомиялық туынды дегеннен гөрі функционалдық ұғым ретінде қабылдуа керек. Оны басқарудың физиологиялық механизмі әдеттегідей нервтік және гуморальдық жүйелердің реттеуші әсерлеріне тәуелді.

  • Гематоэнцефалдық тосқауылды басқаратын факторлардың ішінде нерв ұлпасының әрекеті мен метаболизмінің деңгейі жетекші ролге ие. Гематоэнцефалдық тосқауыл қаннан миға, оның сезгіш құрылымдарына әсер ететін биологиялық белсенді заттардың, метаболитердің, басқа да химиялық заттардың енуін реттейді; оған бөгде денелердің микроорганизмдердің, таксиндердің түсінеуіне кедергі жасайды. Гематоэнцефалдық тосқауылдың морфологиялық субстратындағы жетекші құрамдас ми бөлігі;

  • капилярларының қабырғасы болып есептеледі. Ол тосқауыл қызметін қамтамасыз етеді. Ми клеткаларына заттар енуінің екі механизмі бар: 1. Ми-жұлын сұйықтығы арқылы. Бұл сұйықтық қан мен нерв немесе глиалдық клетка арасындағы аралық буын және қоректік қызмет атқарады; 2. Капилярлар қабырғасы арқылы. Ересек организмде заттардың нерв клеткасына өтуінің негізгі жолы гематогендік (қылтамырлар қабырғасы арқылы) болдып есептеледі. Ликворлық көмекші қосымша ролге ие.

5- дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет