Практикалық жұмыс №1
1 – тақырып«Математиканы оқыту әдістемесі»-бастауыш мектептегі математика әдістемесінің негіздері жайлы ғылым
Мақсаты: Бастауыш математикалық білімнің базалық мазмұны. Математиканың оқытудың сыныптар, циклдер мен деңгейлер бойынша кіші жастағы оқушылардың құзыреттілігіне (пәндік, коммуникативтік, ақпараттық, проблеманы шешу) қойылатын талаптар. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың әдістері, құралдары мен ұйымдастыру формаларының жүйесі. Математиканы оқыту нәтижелерін диагностикалаудың, бақылау мен тексерудің түрлерін жүргізудің әдістемесін меңгерту
Сұрақтар:
1.Курстың нысаны мен пәні, мақсаты мен міндеттері, бастауыш білім беру жүйесіндегі орны мен рөлі, бастауыш мектептің басқа пәндермен байланысы.
2.Бастауыш математикалық білім берудің мемлекеттік стандарты мен оқу бағдарламасы.
3.Мектепалды дайындық пен бастауыш мектептен кейінгі сыныптардың математика бағдарламалары.
Практикалық тапсырма:
Бастауыш мектетпің математика пәнін оқыту бағдарлдамасына талдау жаса [ҚӘ 1]
1.Курстың нысаны мен пәні, мақсаты мен міндеттері, бастауыш білім беру жүйесіндегі орны мен рөлі, бастауыш мектептің басқа пәндермен байланысы.
Математиканың мектеп курсы математика ғылымы туралы жалпы түсінік беретін, оқушылардың математикалық ойлауын дамытуға қажетті математикалық әдістер жиынтығынан тұрады.
Қарапайым есептеулерді балаларға үйрету туралы алғашқы мәліметтер, алғашқы деректерді ежелгі Шығыс елдерінің тарихи деректерінен көруге болады. Математиканың метептік математикалық білімінің дамуына Ежелгі грек математика мәдениеті елеулі ықпал тигізді. Б.з.д. V ғасырда сауда-саттықпен айналасу бастауыш мектептерде қарапайым есептеулер мен практикалық геометрия оқыта бастады.
Математика пәнінің мазмұны білім беру мақсатының кеңейуін, мектеп дайындығына қойылатын жаңа талаптардың пайда болуына, білім беру стандартарының өзгеруіне қатысты өзгеріп отырды. Сонымен бірге ғылымның үздіксіз дамуы жаңа бөлімдер мен бағыттардың пайда болуына қатысты мектеп математика курсының мазмұны өзгеріп отырды.
Математика оқу пәні ретінде мектеп курсында арифметика элементтері, алгебра, математикалық анализ бастамалары, жазықтықтағы және кеңестіктегі евклид геометриясы, аналитикалық геометрия, тригонометрия атауларымен белгілі.
Оқушыларды математикаға оқыту математикалық білім, икем және дағдыны игеруге, практикалық есептерді шеше білуге, логикалық ойлауды дамытуға кеңістікке қарап бағдарлау қабілетіне, алгебралық түрлендірулер, есептеулер, теңдеулер мен теңсіздіктерді шеше білу қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
Математика ғылымы мен математика пәнінің айырмашылығы тек көлемі, жүйелілігі және қарастыру тереңдігімен ғана өзгешеленбейді, сонымен бірге қарастырылатын сұрақтың қолданбалы бағытына қатысты болады.
Математика оқу пәні ретінде дамуының қазіргі жағдайы үшін төмендегі сипаттамалар тән:
мазмұнның негізін қатаң таңдау;
оқытудың әр сатысында оқушыларды математикалық дайындау талаптары, пән аралық байланыс, оқытудың нақты мақсаты айқын ажыратылу қажет;
математиканың дамытушылық және тәрбиелеуші мәнін артыру, өмірмен байланыстылығын негіздеу;
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын жүйелі түрде қалыптастыру:
Мектеп математикасын әрі қарай жаңарту оқушылардың математикалық біліміне қойылатын өмір талаптарына байланысты, яғни өнеркәсіп, өндіріс, әскери қызмет, ауыл шаруашылық және тағы басқаларының дамуына байланысты.
Бастауыш білім беру концепциясының негізгі көздеп отырғаны, бастауыш мектеп математика курсы дамыта оқыту идеясын жүзеге асырудың құралы болуы қажет. Төменгі сынып оқушылары әр нәрсені білуге, көруге құштар және оны іс-әрекетте қолдана білгісі келеді. Осы ерекшеліктерін ескере отырып баланы жастай шығармашылыққа үйрету керек. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу, олардың дене тәрбиесі және психикалық жағынан денсаулықтарын қорғау және нығайту негізгі мақсат. Бастауыш мектепте берілетін білім негізгі білім берудің бастамасы және жалпы білім беру облыстарымен сабақтас болуы шарт. Бастауышта берілетін білімнің әр бір компоненті басқа білім беру саласының пропедевтикасы ролін атқаруы керек.
Төменгі кестеде бастауыш мектепте берілетін білім мен негізгі мектепте берілетін білімнің сабақтастығы берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |