1. 2,45 г қышқылды бейтараптау үшін 2,80 г қышқыл жұмсалады. Қышқылдың эквиваленттік массасын анықтаңыз.
2. Гей – Люссактың көлемдік-қатынас заңы. Авогадро заңы және одан шығатын қортынды. Атом – молекулалық теорияның негізгі қағидалары. Атомдар, молекулалар, олардың мөлшері мен массасы. Салыстырмалы атомдық және молекулалық массалар. Авогадро саны.
Реакцияға түскен және шыққан заттар газ күйінде болатын үрдістердің теңдеулерін жазып көрелік:
2СО + O2 = 2СO2 Теңдеуде берілген заттардың зат мөлшерін жазсақ, ол 2:1:2 қатынасындай болатынын көреміз. Енді осы газдардың қалыпты жағдайда көлемдерінің қатынастарын алсақ:
V(CO) : V(O2): V(СO2) = 44,8 : 22,4 : 44,8 = 2:1:2.
Сонда 2СО+ O2 = 2СO2 Осы мәліметтерге қарасақ, заттардың көлемдерінің қатынастары теңдеудегі газдардың формулаларының алдындағы коэффициенттерінің қатынасындай болады екен.
Реакцияласушы және реакциядан шығатын газдардың көлемдерінің қатынасы (бірдей жағдайда өлшенген) кішкене бүтін сандар қатынасындай болады. Бұл заңды Гей-Люссак ашқан.
Мысалы, N2 + 3H2 = 2NH3 v, моль 1 3 2
V, л 22,4 22,4 22,4
V(N2):V(H2): V(NH3) = 22,4 : 67,2 : 44,8 = 1:3:2.
Бұл заңнан шығатын қорытынды: есеп шығарған кезде көлемдер қатынасы үшін газдардың формулаларының алдындағы коэффициенттер қатынасын алуға да болады.
Авогадро заңы — идеал газға қатысты негізгі заңдардың бірі; температурасы (Т) мен қысымы (p) бірдей әр түрлі газдың бірдей көлеміндегі (V) молекулалар саны да бірдей болады. Оны 1811 жылы Италян ғалымы А. Авогадро (1776 — 1856) ашқан. АВОГАДРО ЗАҢЫ бойынша 1 кмоль-ге тең кез келген идеал газ қалыпты жағдайда (р=101325 Па=760 мм сынап бағанасы және Т=0 C) 22,4136 м³ көлемді алады. Ал 1 мольдегі молекула саны Авогадро тұрақтысы деп аталады.
Атом дегеніміз − жай және күрделі заттардың молекулаларының құрамындағы химиялық элементтердің ең кіші бөлігі. Атомдар бір-бірімен әрекеттескенде молекулалар түзіледі
Молекула дегеніміз – заттың химиялық қасиетін сақтайтын ең кішкене бөлшегі. Молекулалар әртүрлі атомдардан және тек бірдей атомдардан құрылады. Егер зат атомдардың бір түрінен құрылса, оны жай зат дейді. Ал әртүрлі атомдардан құрылған зат - күрделі зат деп аталады. Мысалы, О2 – жай зат, СаСО3 – күрделі зат.