Термиялық ыдырау
(+) шикізаттың аз шығыны, аралық өнім Н2 + СН4 қоспасын немесе СО алынады, оны қолдану С2Н2 өзіндік құнын төмендетеді.
(–) ацетилен сұйылтылған және ол күрделі тазарту мен концентрациялау жүйесін қажет етеді.
2.Каучук және резеңке. Медицинада қолданылуы
Каучук — эластикалық, су жəне электр өткізбеушілік қасиеттерімен сипатталатын табиғи немесе синтетикалық эластомерлер, оларды вулканизациялау арқылы резеңкелер мен эбониттер алуға болады. Резеңке — каучукты вулканизациялау арқылы алынған эластикалық материал.
Каучук түрдері: Табиғи каучук (көксағыз, таусағыз) және жасанды (хлорпренді каучук, натрий бутадиен каучугі, силиконды каучук). Табиғи каучукты, негізінен, Бразилияда өсетін гевея ағашынан алады. Каучук алу үшін өсімдіктің қабығын кертіп тіледі. Сол тіліктен ағатын сүтті шырынды (латексті) — каучуктың коллоидті ерітіндісін жинап алады. Сосын ерітіндіге электролитпен əсер етіп немесе қыздырып коагуляциялап (ірілендіріп) каучук жасайды.
Жасанды каучук алу мақсатымен 1826 ж. ағылшын физигі М.Фарадей каучуктың молекулалық құрылысын анықтады. Жасанды каучук, этил, метил спирті, мұнай, табиғи газ, бутадиен, стирол, изобутилин сияқты органикалық заттарды полимерлеу арқылы алады. Елімізде жасанды каучукты көбінесе дивинилден алынады.
Каучук — қатты зат. Молекулалық массасы 150000—300000 шамасында. Каучуктың аса маңызды қасиеті — оның майысқақтығы. Каучук суды, газды өткізбейді жəне электроқшаулағыш. Ол этил спиртінде аздап ериді, ал бензин мен хлороформ сияқты еріткіштерде əуелі ісініп, сосын ериді. Температура жоғарылағанда — каучук жұмсарып жабысқақ, ал температура төмендегенде — қатайып морт сынғыш болады. Ұзақ сақтағанда, каучук қатайып кетеді.
Резеңке – майға, əртүрлі агрессивті орталарға, үйкеліске берік, созылғыш изолятор, тербелісті тұту қабілеті күшті, беріктік шегі жоғары органикалық зат. Сондықтан резеңке басқа материалдармен салыстырғанда құнды материал болып табылады.
Каучукты вулканизациялап (вулкандап), яғни күкірт қосып қыздырып, резеңкеге айналдырады. Ол үшін каучукке күкірт пен толықтырғыштар (күйе мен бор сияқты) қосып, 130—140°С шамасында қыздырады. Каучукты вулканизациялағанда, оның массасының 2-3%-індей күкірт қосады. Вулкандау үрдісі 125-180 температурада арнаулы аппаратта (қыздыратын қазан, пресс, автоклав пресс) 0,3- 0,5 МПа қысымда, қаныққан бу атмосферасында, ыстық ауада жəне т.б. жағдайда жүреді. Резина бұйымдарын өндіру: шикі резинаны дайындау, формалау, вулкандау сияқты үш негізгі сатыдан тұрады.
3.Күкірт қышқылын өндіру: контактілі әдіс
Таза күкірт қышқылы түссіз, май тәрізді сұйық зат. Tқат=10,4°С, Тқай=296,2°С
Күкірт қышқылының контакт әдісімен алу жолы мынадай сатылардан тұрады:
l) Газды зиянды қоспалардан тазалау. Күйдірген газдан тозаңдарды бөліп алғаннан кейін оны катализаторға зиян келтіретін мышьяк, селен, фтор т.б. заттардан тазартады. Осымен қатар газдан өте қымбат қоспалар селен, теллур жəне т.б. бөліп алады
2) Күкірт диоксидін тотықтыру (қатты катализатормен контакт жасау). Катализатор ретінде: Pt, темір оксиді, ванадий (V) оксиді қолданылады. Ең активті катализатор – Pt, бірақ құны өте жоғары жəне тез уланады. Күкірт қышқыл зауыттарында промоторланған 7% V2O5-ді, промотр ретінде сілтілік металдар оксиді (К2О) қолданылады.
2SO2+ O2-----2SO3 + 193,4 кДж
SO₂ -нің тотығуы бірнеше сатыдан тұрады:
1)реакцияласушы компоненттердің катализатор бетіне диффузиялануы;
2)SO₂ жəне O ₂ катализатор бетіне адсорбциялануы;
3)катализатор бетінде O₂ жəне SO₂ молекулалары реакцияға түсіп адсорбцияланған SO₃ молекуласының түзілуі;
4)SO₃ десорбцияланып газ фазасына диффузияланады.
Катализатор орналасқан аппараттың бірінші қабатында тотығу үдерісі 600С температура шамасында жүрсе, соңғы қабатында температураны 400-450 С дейін төмендету керек.
Контакт аппаратында күкірт диоксидінің тотығу дəрежесі 99,5-99,7%. Контакт аппаратынан шыққан газ салқындатылып (30-500 С) абсорбция цехына жіберіледі.
3. Күкірт үштотығын күкірт қышқылымен абсорбция жасау.
SO3+H2O-----H2SO4
Бұл үдерісті негізінен ішінде насадкасы бар мұнарада жүргізеді. Мұнараның төменгі жағынан газ қоспасын, жоғарғы жағынан күкірт қышқылын жібереді. Ол төмен қарай жүріп насадканы толтырады.
4.Гендік инженерия. Мысал келтіріңіз
Достарыңызбен бөлісу: |