ЖҮРГІЗУШІ:
Көп жағдайда аға буын өкілдері мен жастар бір-бірін түсінбей жатады. Бұл заңды құбылыс. Себебі, уақыт өткен сайын заман жаңаша өзгеріп құбылып отырады. Бүгінгі ойында осы екі заман өкілдерін өзара сынайтын ойын түрі. Олай болса «Ол кім? Бұл не?» ойынына қош келдіңіздер!
Олай болса бүгінгі ойын шарттарымен таныстырып өтейік. Сайыс үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең «сөздер сөйлейді» деп аталады. Бұл сайыста екі заман өкілдеріне, яғни жас буынға ескі, ал үлкендер буынына қазіргі трендттегі заманауи сөздер жасырылады.
Ал екінші сайыс «суреттер сөйлейді» деп аталады. Бұл сайыста да екі жаққа екі заманның танымал тұлғаларының суреттері жасырылады.
Ал үшінші «Кино әлемі» сайысында ескі заманның кинолары мен қазіргі күннің кинолары жасырылады.
4-ші сайыс «Әуенді тап» сайысында 2 топқа бірдей әуен қойылады. Қай топ қатысушысы 1ші қолын көтереді, сол топ жауап береді.
Сайыс ережелері түсінікті болса біз бастаймыз!
Достарыңызбен бөлісу: |