1 Амперметрлерге шолу
Амперметр құрылғысының тарихына келетін болсақ, Ампер Андре Мари (1775 жылы Лион қаласы – 1836 жыл) – атақты француз ғалымы. Ампер өзiнiң дифференциалдық теңдеулер бойынша жеке туындылар еңбегi үшiн 1814 жылы Ұлттық ғылым академиясына сайланды. Физика саласында Ампер жарық дифракциясымен шұғылданып, бұл тақырыпта бiрнеше еңбектерiн жарыққа шығарды. 1820 жылы қыркүйектiң аяғында ол екi параллель ток өткiзгiшi арасындағы тартылу күшi бар екендiгiн паш еттi. Бұл еңбектерiн жалғастыра отырып, катушка (тогымен) тұрақты магниттiк әсер туғызатынын тапты (кейiннен бұл саланы жалғастырып, Майкл Фарадей электромагниттiк индукция құбылысын ашты). Ампер iлiнген инеден тұратын құрылғыны ойлап тапты, ол ине катушка арқылы берiлген токтың әсерiнен ауытқиды, ток күшi көп болған сайын ауытқуда жоғары болады. Бұл құрылғы жетiлдiрiлiп, гальванометр — атты өлшеуiш құрылғы пайда болды.
1820 ж. жарияланған Эрстедтiң тәжiрибесi оны таң қалдырды. Ампер дат ғалымы жасаған тәжiрибенiң мәнiсi орасан зор екенiн түсiнiп, электр тогы мен магнетизм арасындағы байланысты зерттей бастады. Ампер Эрстедтiң тәжiрибесiн ток кеңiстiкте магнит өрiсiн тудырады деген болжаммен түсiндiрдi. Магнит өрiсiнiң бағыты өткiзгiштегi ток бағытымен қалай байланысқанын анықтады және магнит өрiсiнiң кернеулiгiн токпен байланыстыратын формуланы тапты. Сонымен қатар тогы бар екi өткiзгiш арасындағы әсерлесу күшiнiң формуласын қорытып шығарды (Ампер заңы). Магнетизмнiң молекулалық токтар жөнiндегi болжамға негiзделген алғашқы теориясын құрды. Ток күшiнiң анықтамасын ұсынды. Ғалымның дүниежүзiлiк ғылымға қосқан үлкен еңбегi үшiн ток күшiнiң өлшем бiрлiгiн ампер (А) деп атады.[1]
Қазіргі уақытта барлық құрылғылар ауқымды өзгерістерге ұшыраған. Амперметрлердің көптеген түрлі түрлері кездеседі. Алайда барлық әр түрлі құрылғыларды жалпы бір қағидалар біріктіреді: өлшеуіштен өтіп жатқан барлық электрлік зарядтар амперметр арқылы өтуі қажет. Сонымен қатар, бұл қажетті құрылғылардың қазіргі уақытта көптеген түрлері бар екені барлығына белгілі.
Электр тізбегінде амперметрдің белгіленуі. Амперметрдің өзі сызбада, суретте электр тізбектерін қосушы шеңбер оның ішінде А әріпі жазылған түрінде болады. Басқа да кез-келген құрылғы сияқты амперметр ауқымды өлшеуде оған әсер етпеуі керек, себебі ол тізбектегі ток күшінің бірлігін өзгертпеу үшін құрастырылған, яғни өлшеу үшін қолданылады
Амперметр құрылғысында айқын А әріпі белгіленіп тұрады, бөліну шкаласы, өлшеуіштер қосылатын қысқыштар электр сымын ұстатқыштар болады. Олар «+» (оң ток бірлігіне қосылуы үшін), ал кейде «-» теріс болып белгіленеді7
Достарыңызбен бөлісу: |