57.Шап өзегі, қабырғалары, терең және беткей сақиналары, өзектің құрамы.
Шап өзегі, canalis inguinalis, ер адамдарда бұл өзекше арқылы тұқымдық шылбыр, funiculus spermaticus өтсе, әйел адамдарда жатырдың жұмыр байламы, lig. teres uteri өтеді. Шап өзегі қиғаш бағытта орналасқан, ұзындығы шамамен 4-5 см. Бұлөзектіңтөрт қабырғасы, шап жарығы болған жағдайда теренде орналасқан сақинасы, annulus inguinalis profundus мен беткей сақинасы, annulus inguinalis superfiсialis ажыратылады.
Шап өзегінің қабырғалары:
1. Алдыңғы қабырғасы: іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозынан тұрады.
2. Артқы қабырғасы: іштің көлденең фасңиясы, fascia transversusabdominisжәне ішастардан тұрады.
3. Жоғарғы қабырғасы: ішкі қиғаш бұлшықет пен көлденең бұлшықеттің төменгі жиегінен тұрады.
4. Төменгі қабырғасы: іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің науашығынаннемесе шап байламынан, ligamentum inguinale, тұрады.
Шап өзегінің сақиналары немесе тесікшелері:
1. Шап өзегінің терең сақинасы, fossainguinalis lateralis тұсында орналасқан.
2. Шап өзегінің беткей сақинасы, annulus inguinalis superfiсialis ол шат сүйегі қасағасының маңында орналасып, сыртқы пішіні сопақ тәрізді болып келген.
Бұл тесіктің үш қабырғалары ажыратылады:
а) медиалды және латералды қабырғасы іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозының медиалдыаяқшасы, crusmediale, мен латералды аяқшасынан, cruslateralis;
ә) аралық қабырғасы: аяқша аралық дәнекер тінді талшықтардан, fibrae intеrсrurales және иіліп доға тәрізді байламадан,ligamentum reflexumтұрады.
58.Кіндік қатпарлары және шап шұңқырлары, олардың практикалық маңызы.
Кіндік қатпарлары:
Ортаңғы кіндік қыртысы (тақ) рlica umbilicalis mediana ішінде зәр шығару түтігі (urachus) болады;
Оң және сол жақ медиальды кіндік қатпарлары рlicaе umbilicalеs medialеs dextra et sinistra ішінде кіндік артериялары болады;
Оң және сол жақ бүйірлік кіндік қатпарлары рlicaе umbilicalеs lateralеs dextra et sinistra ішінде кіндік артериялары бар.
Шап шұңқыршалары:
1. Қуық үстілік шұңқырша, fossa supravesicalis, ол қуық-кіндіктік орталық қатпармен төменде шап байламымен, латералды капталы медиалды шап байламының аралығындаорналасқан.
2. Медиалды шаптық шұңқырша, fossainguinalis medialis, ол медиалдық шаптық катпар, plica inguinalis medialis, мен латералды шаптық қатпардың, plica inguinalis lateralis, төменде шап байламының аралығында орналасқан.
3. Латералді шаптық шұңқырша, fossainguinalis lateralis, оллатералды шаптық қатпар, plica inguinalis lateralis, мен шап байламының аралығында орналасқан. Бұл шұңқыршаның практикалық мәні шап жарығы болған жағдайда шап өзекшесінің теренде орналасқан сақинасы сол шұңқыршаның маңында орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |