1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет63/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

7-апта
«Ақылды үй» функциясы
Сын есімдер, анықталатын сөздің алдында тұруы. Көмекші есімдер, септелуі,тілде қолданылуы.
Ақылды үй (smart home, немесе home automation) —әрекеттерді орындауға және адамның араласуынсыз белгілі бір міндеттерді шеше алатын үй құрылғыларының жүйесі. Мұндай әрекеттердің ең көп таралған мысалдары: шамдардың автоматты жанып-өшуі, автоматты жылыту және ауаны тазарту, өрт және басқа төтенше жағдайларда автоматты түрде үй иесіне хабарлама жіберу.
Қазіргі таңда үйді автоматтандыру өте ыңғайлы және икемді болып жасалған. Пайдаланушы қажеттіліктеріне сәйкес баптауларды өз бетінше түзей алады. Әрине бұны жүзеге асыру үшін ақылды үй иесі, құрылғылардың қайда орналасқанын, қандай міндеттер атқаратынын және оларды қалай орындауға болатынын білуі тиіс. Ақылды үй - қазіргі заманғы үлгідегі үй автоматтандыру құралдарымен және жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған тұрғын үй. «Ақылды» үй деп барлық пайдаланушылардың қауіпсіздігін және жайлылығын қамтамасыз ететін жүйені түсінген жөн. Қарапайым сөзбен айтқанда, ол орын алған нақты жағдайларды анықтап, оларға тиісті жауап бере алуға қабілетті болуы керек: жүйенің бір бөлігі басқалардың әрекетін алдын-ала жазылған алгоритмдер арқылы басқара алады. Сонымен қатар, бірнеше кіші бөліктерді автоматтандыру арқылы бүкіл кешенде синергетикалық әсер қалыптасады.


Сын есімдер, анықталатын сөздің алдында тұруы. Көмекші есімдер, септелуі, тілде қолданылуы.
Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске ұшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.
Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық (мақал).
Көмекші есімдер негізгі есімдермен ілік септігі арқылы байланысып, заттардың кеңістіктегі орналасу қатынастарын көрсетеді. Олар: үсті, асты, алды, арты, жаны, қасы, сырты, іші, арасы, ортасы, т.б. Негізгі есімдер ілік септігінде, көмекші есімдер тәуелдік жалғауында келеді.
Мысалдар: Үйдің іші таза. Үйдің жанында жеңіл машина тұр. Үстелдің үстінде қалам, журнал жатыр.Терезенің алдында үстел тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет