1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет74/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Есептік сандарға тоғыз бірліктің аты, тоғыз ондықтың аты және жүз, мың, миллион, миллиард сөздері жатады. Мысалы, бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың, миллион, миллиард.
Есептік сандар дерексіз сандық ұғымды білдіргенде, ол заттанып, зат есімдерше түрленеді. Мысалы, Онды онға қосса, жиырма болады. Жиырмадан бесті алса, он бес болады.
Есептік сан есімдер заттанғанда септеледі, тәуелденеді, баяндауыш қызметінде жіктеледі. Мысалы, Онымыз да батырмыз. Мыңды қостап, бірді жоқтап, жұбымыз жазылмайды.
Есептік сан есімдердің өзіндік бір ерекшелігі олар сөзжасам әрекетіне қатысуға бейім тұрады. Бірсыпыра сан есімдер түбір қалпында тұрып, басқа сөз табына көшкен. Мысалы, бір-есімдікке көшкен, жеті – апта, тоғыз –сыйлық, тоқсан-оқу мерзімі, есептік сандар адам жасын білдіреді, ( қырықтамын ), белгілі сөзтұлғада үстеуге көшеді ( бірге, бірде, бодан ). Өлім рәсіміне қатысты үші, жетісі, қырқы, жүзі-зат есімге көшкен. Морфологиялық тәсілмен жасалған бесті жылқы, үштік, жетілік шам т.б. Аналитикалық тәсіл арқылы сөзжасамға қатысу нәтижесінде жасалған зат есім сөздер көптеп кездеседі. Мысалы,Қырықбай, Алпысбай, Жетікөл, Екібастұз,бесжылдық, онкүндік, сегізкөз, мыңжапырақ, екі жүзді, т.б.


1-тапсырма.
1.Берілген сандарды септе, құрамына қарай талдайды. Жетіншіден, үшіншіге, отыз бесіншіде, біріншімен.
Мысалы: Екінші – екіншінің (ілік септік).
.............................................................................................................................
2. Кез келген саннан реттік сан есім жасайды. Мысалы: 1-бірінші, 2-екінші, 10-оныншы, т.б.
................................................................................................................................
3. Теттік сан есімдерді қолданып, сөз тіркестерін айтады.
Мысалы: бірінші қабат, .....................................................................................
2-тапсырма.
1- Сен қашан дүниеге келдің?
2- Отбасында нешінші баласың?
3- Қазір нешінші курста оқисың?
4- Бүгін аптаның нешінші күні?
5-Қазақ тілін нешінші курстан бастап үйреніп жүрсің?


3-тапсырма.Сәйкестендіру тесті

1ауыз


1 жұтым

1шымшым


1 асым

1атым

тұз

насыбай


ет

су


өлең



4-тапсырма.Сан есімнің мағыналық түрлерін атап, мысалдар келтіреді.
1.Есептік сан есім: бір, екі, он, жүз, мың............................................................................................................................
2.Реттік сан есім: бірінші, екінші, оныншы......................................................................................................................
3.Жинақтық сан есім: біреу, екеу, үшеу...........................................................................................................................
4.Болжалды сан есім: бір-екі, он шақты........................................................................................................................
5.Бөлшектік сан есім: екіден бір, оннан бір..............................................................................................................................
6.Топатау сан есім: екі-екіден, он-оннан ...................................................................................................................................




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет