1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


БАӨЖ: Менің бір күнім тақырыбын әнгімелеңіз 8-апта



бет75/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

БАӨЖ: Менің бір күнім тақырыбын әнгімелеңіз
8-апта.
Орта денгей
1.Табиғат құбылыстары
2.Мезгіл мағыналы сөздер (қыс,көктем,түсте,кеш батқанда)
Салыстыру құрылымдарын берудегі қолданыс( бұған қарағанда,соған қарағанда,осыған қарағанда)
Табиғат құбылыстары
Табиғатта болып тұратын өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Кейбір табиғат құбылыстары жылдың белгілі бір уақытында ғана болып тұрады. Тірі және өлі табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады. Жылдың 4 мезгіліне байланысты табиғатта өзгереді. Мысалы: ағаштар мен шөптер көктейді және құрайды. Жаңбыр, бұршақ, қар жауады. Жел, боран соғады. Осының барлығы табиғат құбылыстары. Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады..Денелер мен заттар үнемі өзгеріске ұшырйды. Ағаш өседі, құлайды, шіриді. Жан-жануарлар да өседі, көбейеді,өледі,күн шығып, жарық болады, кешке күн батады, қараңғылық болады,аспандағы бұлт торлайды,жаңбыр жауады,найзағай ойнап, күн күркірейді,жел соғады,қар ериді,су тасиды.Табиғаттағы өзгерістердің барлығы табиғат құбылыстары деп аталады. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы жел деп аталады .Жер бетінен ауа жоғары көтеріліп,салқындап, мұз түйіршіктеріне айналып, олар шоғырланып бұлт құрайды.Бұлтты құрайтын ұсақ тамшылар бірігіп жерге жаңбыр болып жауады. Қыста биіктегі су тамшылары қатып, мұз түйіршігін түзеді. Олар жабысып қарға айналады. Жер үстіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы кезінде су тамшылары бір-біріне үйкеліп, электрленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет