1-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аудар.
Күнпарақ 365 күннен тұрады.
Күнпарақтар әр түрлі болады.
Мен уақытты дұрыс пайдалану үшін күн тәртібімнің кестесін жасадым
Сабақ сегіз отызда басталады.
Үйге келіп біраз демаламын.
Сағат 10- да ұйықтаймын.
Уақытты жоспарлау керек.
Тәртіпке үйренеді.
Уақытыңды босқа өткізбе.
Уақыт алтыннан қымбат.
2-тапсырма. «Төрт сөйлем» тәсілімен пікір, мысал, дәлел, қорытынды арқылы «Уақыт – ол мүмкіндік» деген тақырыпта нәтиже шығарыңыз.
1.Пікір.
Берілген тақырып бойынша екі немесе үш сөйлем жазыңыз.
2. Дәлел.
Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.
3. Мысал.
Айтылған тақырыпты өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.
Қорытынды.
Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.
3-тапсырма. Мына сөйлемдердегі "әлі" деген сөз қайсысында үстеу, қайсысында зат есім? Үстеуді қалай табуға болады?
Әлі (_____?) жетер заман жоқ. (А)
Әлі (______?) ол да өнерлі адам болар
Әлі (______?) талай барармыз
4-тапсырма. Мына үстеулерді қатыстырып, шағын әңгіме жаз.
Мысалы: таңертең, күзде, кешкісін, ілгері, жоғары, төмен
5-тапсырма. Төмендегі қалдырып кеткен үстеулерді орнына қой да, мақалды толық жаз.
1. (Қай уақытта?) тұрған жігіттің ырысы артық.
2. (Қай уақытта?) тұрған әйелдің бір ісі артық.(?)
3. Қатты жауған күн (қалай?) ашылады.(?)
6-тапсырма. «Кешке, түнде, кенеттен, тез, енді» мына үстеулерді қатыстырып, "Қысқы көрініс" атты шағын әңгіме құр, оған өзің ат қой.
Ортадан жоғары деңгей (В2)
9-апта
Қандай көркем – туған өлкем
Күрделі атаулардың тәуелденуі, жіктелуі, септелуі. Іс-қимылдың сын сипаты, өту амалы
Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.
Сондықтан мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде туған еліме, оның көркеюіне өз үлесімді қосамын. Өз үлесімізді қосқанымыз Отан алдындағы борышымызды атқарғанымыз.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев:- «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюіне жан теріңді сығып еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» - демекші, туған жеріміздің көркеюіне атсалысайық. Біз еркін және өркендеген елде өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің арқасында біз бақытты ұландармыз. Халқымыз басынан қандай қиын-қыстау күндерді өткізген кезде ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді сыртқы жаулардан қорғап қалды. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Ерліктері ешкімнің есінен кетпейді. Осындай еңбекпен жеткен жерімізді сақтап аялау, кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізу бәрімізге үлкен міндет. Әр күнімізді бағалай отырып, еліміздің гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне барымызды салайық!
Қимылдың өту сипаты – іс-әрекеттің ішкі өту ағымы «ішкі уақытқа» қатысты болса, шақ – «сыртқы уақытқа» қатысты категория, ал таксис әртүрлі қимылдар арасындағы мезгілдік қатынасты білдіреді. Уақыт идеясы арқылы аспектуалдылық, темпоралдылық және таксис категориялары аспектуалдытемпоралды қатынастар кешеніне бірігіп, предикаттық негіздегі топтаманы құрайды
Достарыңызбен бөлісу: |