1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма. Берілген өлең шумақтарын оқып, ақын сезімін білдіретін сөздердің астын сызыңыз



бет86/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

1-тапсырма. Берілген өлең шумақтарын оқып, ақын сезімін білдіретін сөздердің астын сызыңыз.


Туған өлкем байлығы мол қазынам,
Сол байлықтың шуағында шомылам.
Бәрінен де артық көрем мен сені,
Бар қаладан қымбатсың ғой сен маған.
Су мен тасын, өзен-көлін сүйемін,
Аң мен құсын арыстандай көремін.
Туған өлкем ол менің жер жәннатым,
Осындай елде туғаныма мақтанамын 


2-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойығыз.
Туған жердің ауасы да, ...
Туған жердің жуасы да. ...


Туған жердің тасы да ...


Туған жердің күні де ... , түні де ыстық


Туған жердің түйе жейтін жапырағы да, түйе аунайтын шаңдақ топырағы да дәрі


Туған жердің жуcаны ...


Туған жердің күні де ыстық, ... де ыстық.


Қажетті сөздер: шипа, тәтті, таныс, ыстық, жұпар, күлі,


3-тапсырма. Берілген сөздерді тәуелдеңіз.
Жер, халық, еңбек, Отан, ел.


4-тапсырма. Берілген сөздердің ішінен бес сөзді септеңіздер.
Жезқазған, көкқасқа, бозбала, беторамал, қолорамал, асқасық, шәйқасық, кірсабын, иіссабын, ішкиім, ішкөйлек, кіреберіс, шығаберіс, қолайна, қолара.
Қарапайым деңгей (А1)
10-апта
Азық-түлік тауарлары
Ілік септігі (меншіктік мағынаны білдіруі)
Шығыс септік (іс-қимылдың шығу нүктесін білдіруі)
Азық-түлік – адамның тіршілік көзі. Азық-түлік қорымен үздіксіз қамтамасыз ету – адамзат қоғамының басты мақсаты. Азық-түлік молшылығын қамтамасыз ету үшін жер, су тағы басқа ресурстар кеңінен пайдаланылады. Азық-түлікті жыл сайын өндіру ауа райына, құрлықтың жер сипатына тығыз байланысты. Азық-түлік қоры дүниежүзінде әртүрлі қалыптасқан. Қазақстанда 800-ден аса өсімдік және мал өнімдері шығарылады. Тамақ өндірісінің 32%-і ет және одан шығатын өнімдерді шығаруға негізделген. Ет өнімдерін шығаратын өндірістер негізінен Алматы, Петропавл, Орал тағы басқа қалаларда орналасқан. Балық өнімдері Атырау балық өнімдері зауытында өңделеді. Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жаһандық жағдайы адамзат өміріне қауіп төндіруде. Жер шары тұрғындарының саны өскен сайын халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі ушығып отыр.
Бүгінгі таңда ғаламдық мәселеге айналып отырған азық-түлік қауіпсіздігінің алдын алудағы отандық өнімдердің орны ерекше тұр. Жоғары технологияны қолдана отырып, сапалы өнім алу негізгі мақсат. Кейбір ауыл шаруашылығы техникасының жоқтығы, технологияның жедел игерілмеуі салдарынан шикізаттың уақытылы өңделмеуі, ол өз кезегінде арзан бағамен шекара асып жатқаны жыл бойы жанталасқан шаруалар еңбегінің зая кетіп отырғанының көрінісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет