1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Бақылау пункттерінде станцияларды орнату, қосу



Pdf көрінісі
бет167/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

3.7. Бақылау пункттерінде станцияларды орнату, қосу,
инициализациялау.
Жерсеріктік әдістермен құрылатын геодезиялық тораптап жобалаудың
алғашқы сәті бақылаудың жалпы стратегиясын жасау болып табылады.
Стратегияның негізгі жағдайлары, техникалық жобаны жасау алдындағы
сәйкес концепцияларда айтылады. Мұндай жағдайларға:

жерсеріктік өлшеулерге негізделетін тораптарды құрудың жалпы
принциптері;

жерсеріктік бақылау мен әрі қарай есептеу әдістерін таңдауды
негіздеу;

техникалық құралдардың барлық кешені мен бақылау
жағдайларын таңдап алуға байланысты алғышарттарды құру ;

таңдап алынған жерсеріктік технологияның техникалық-
экономикалық негіздемесі кіреді.
Жерсеріктік өлшеулер негізінде құрылған геодезиялық тораптарды
қамтитын аумақты өлшеу бойынша жіктеу қабылданған. Осыған байланысты
– ғаламдық, континенттік, аймақтық және жергілікті тораптар болып
бөлінеді. Оған ғаламдық және континенттік тораптар жататын ең ірі торап
IGS (Халықаралық геодинамикалық торап, бүкіл жер шарын қамтиды) және
EUREE (Еуропалық референттік каркас) мысал бола алады.
Осылардың ішіндегі ең көп тарағаны – оларды құрудың аймақтық
әдістері жасалған аймақтық тораптар. Осыны ескере отырып, аймақтық және
жергілікті тораптар үшін техникалық жобаларды жасау кезінде
қолданылатын негізгі тәсілдерді талдау, қызығушылық туғызады.
Ең алдымен, геодезияда кеңінен қолданылатын жерсеріктік
координаталық
анықтау,
дифференциалдық
әдістерді
қолдануға
негізделетінін айта кеткен жөн. Мұндай әдістер координаталардың
абсолюттік мәндерін емес, тек бізге қажетті пункттер арасындағы олардың
айырымын ғана анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, құрылатын
тораптардың соңғы нәтижелері тек қана өсімшелер емес, негізінен барлық
пункттердің координаталарының толық мәндері болуы тиіс. Осыдан
шығатыны, желі құрамында үш координаталарының алдын ала белгілі толық
мәндері бар, ең болмағанда, бір тірек пунктінің болу қажеттілігін талап етеді.
Мұндай пунктті – референцтік деп атау қабылданған. Ең тиімді нұсқа –
торап құрамында үш референцтік пункттердің болуы. Нүкте орнын
анықтауда қазіргі заманғы ЖРНЖ-ні қолданған кезде, референцтік пункттің
координаталарын геоцентрлі декарттық координаталар жүйесінде (Х,У,Z)
қолданады. Осы коодинаттардың дәлдігі барлық құрылатын тораптың жалпы
координаталық жүйесіне қатысты.


229
Жерсеріктік өлшеу негізінде есептелетін базистік аралықтың
салыстырмалы қателігі жер серігіне дейінгі арақашықтықты жорамал
қатынаспен анықтау қателігіне байланысты:
мұндағы
және
– қабылдағыштан жер серігіне дейінгі арақашықтық
пен оны анықтау қателігі; D – жер бетіндегі екі бақылау пункттері
арасындағы базистік аралық ұзындығы мен оның қателігі.
Жер серігіне дейінгі арақашықтықты жалпыға мүмкін код негізінде
анықтау қателігі 100 м-ге жетеді,
= 2·10-6 қатынасына сәйкес келеді. Екі
немесе одан да көп референцтік пункттер болған кезде, мұндай қателік көп
жағдайда, құрылатын тораптың масштабына да тиісті болады. Осыны ескере
отырып, референцтік пункт координаларының абсолюттік мәндерін
референцтік пунктте орнатылған қабылдағыштың навигациялық жұмыс істеу
режимі негізінде емес, ғаламдық немесе континенттік тірек торабына (IGS,
EUREF) кіретін пункттерге дейін деференциалдық біріккен өлшеулер
негізінде алады. Бұл кезде референцтік пункт координаталарының
абсолюттік мәндерінің дәлдігі дециметрлік деңгейде қамтамасыз етілуі
мүмкін.
Жерсеріктік геодезиялық қабылдағыштардың:

статикалық режим (Static);

үдетілген статикалық режим (Rapid Static );

қайта оралып өлшеу режимі ( Reoccupation);

«тұрмын- келемін » өлшеу режимі (Stop & go);

кинематикалық өлшеу режимі ( Kinematics);

ұшудағы кинематикалық өлшеу режимі ( Kinematic);

навигациялық режим сияқты жұмыс түрлері бар;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет