8.5. Сызудың және кадастрлық тордың пішімі.
Қазақстан Республикасының геодезиялық тірек торлары. Қазақстан
Республикасы аумағындағы біртұтас координаттар жүйесі Мемлекеттік
геодезиялық торға (МГТ) негізделіп құрылады. Еліміздегі кезкелген
нысанның координатын анықтауға Ресей Федерациясының ғаламдық
новигациялық жерсеріктік жүйесі (ҒНЖСЖ) мен NAVSTAR GPS (Navigation
Satellite Timing and Ranging Global Positioning System – Америка Құрама
Штаттарының ғаламдық навигация жүйесі) заманауи жерсеріктік навигация
жүйелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының барлық аумағында бастауы Кронштаттағы
футштоктың нөль белгі болып табылатын Балтық биіктіктік жүйесі
қолданылады. Ол Мемлекеттік нивелирлік торлардың қосындарымен
бекітілген.
Жергілікті торлар мемлекеттік торлар қосындарының жиілігі
жетіспеген жағдайда нақтылы топографиялық-геодезиялық міндеттерді
шешу мақсатында құрылады.
Түсіру торларының қосындары топографиялық түсіру жұмыстарын
жүргізу қызметін атқарады.
Арнайы торлар инжеренлік-техникалық міндеттерді шешу қызметін
атқарады. Оған еліміз аумағындағы тектоникалық белсенді аймақтардағы
геодинамикалық алаңдарды да жатқызуға болады. Жер бетінің динамикасын
анықтау үшін бұл қосындардың координаттары мен өзара орналасуы белгілі
бір кезеңде жоғары дәлдікпен қайта анықтап отырылады.
Оқу торлары оқу-әдістемелік мақсатта қолданылады.
Қазақстанның геодезиялық торлары нивелирлік, жоспарлы және
кеңістіктіктік болып бөлінеді.
Нивелирлік торлар биіктікті есептеу жүйесін тіркеп отырады. Оларды
геометриялық
нивелирлеу
әдісімен,
сонымен
қатар,
жерсеріктік
позициялаудың көмегімен тұрғызады.
285
Жоспарлы торлар элипсоидтағы жоспарлы координаттарды бекітуді
қамтамасыз етеді. Оларды:
– әр қосында көршілес қосындар аралығындағы бағыттардың көл де
нең бұрыштары мен арақашықтықтары өлшенетін триангуляция;
– жүріп өткен қосындар аралықтарының арақашықтығы мен
бұрыштары өлшенетін полигонометрия;
– тек қосындардың арақашықтығы өлшенетін трилатерация;
– қосындардың жоспарлы координаттарын жер серіктік бақылаулар
арқылы анықтайтын жерсеріктік позициялау әдістерінің көмегімен құрады.
10.1 кесте Мемлекеттік триангуляция торларының сипаты
Полигон торының бір тармағы 200 шақырым, периметрі 800 ша қырым
құрайды. Тор тармақтары түйілісетін алаңдардың (полигондардың)
шыңдарында үш бұрыштардың базистік тұстарының өлшенген ұзындықтары
мен шеткі нүктелерінің астрономиялық ендіктері мен бойлықтары,
азимуттары анықталады. Тармақтардың аралық қосындардың ара-
қашықтығы 20 шақырым кем болмайды. ХХ ғасырдың 70 жылдары еліміздегі
І класты торларды құру іс жүзінде аяқталды.
І класты геодезиялық торлардың алаңдары (полигондары) жер
бедерінің ерекшеліктеріне сәйкес көршілес қосындардың арақашықтығы 7-20
шақырым аспайтын 2 класты трянгуляцияның немесе полигонометрия
торларының желісімен жаппай жабылады. ІІ сыныпты триангуляция
торының желісіндегі І класты әр алаңның (полигонның) шегінде ұзындығы
өлшенген 4-5 базис тік тұстары болады. Бұл жұмыстар 1980 жылдары іс
жүзінде аяқталды.
286
Достарыңызбен бөлісу: |