1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Әкімшілік-аумақтық құрылымдардың шекаралары, ерекше



Pdf көрінісі
бет77/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

5.5 Әкімшілік-аумақтық құрылымдардың шекаралары, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар және пайдалану мен қорғаудың ерекше
шарттары бар басқа да жер учаскелері
Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер
учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық
жерге орналастыру жұмыстары келесі тізбек бойынша атқарылады


98
-дайындық жұмыстары;
-жерге орналастыру жобасын жасау;
- жерге орналастыру құжаттарының қарастырылуы, келісілуі және бекітілуі;
-жерге орналастыру жобасын орындау.
Жерге орналастыру жұмыстарының орындалуы жөніндегі келісім-шарт
жасасқаннан кейін Жерге орналастырушы мемлекеттік жер кадастрының
мәліметтері, жерге орналастыру, қала құрылысы құжаттары, картографиялық
және жерді пайдаланумен байланысты мәліметтері мен құжаттары негізінде
жер учаскесі туралы және оның орналасқан аумағы туралы мәліметтерді
зерттеп, талдау жасайды.
Қажетті жағдайда жерге орналастырушы бекітілген тәртіп бойынша жер
учаскесі туралы немесе оның орналасқан аумағы туралы ақпараты бар
ұйымдардан жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу үшін қажет мәліметтер
мен құжаттарды сұрайды.
Ақпаратты айқындау және (немесе) жетіспейтін ақпаратты анықтау
мақсатында дала жұмыстары жүргізілуі мүмкін.
6. Жерді тіркеу және есепке алу
6.1 Жерді тіркеудің мазмұны және құжаттардың құрамы
Жер учаскелерін тіркеу-кадастрлік іс-әрекет ретінде жер кадастрының
барлық құқықтық бөлік негізі деп санаймыз. Нарықтық қатынастарға көшу,
Қазақстанда жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік еңгізумен
байланысты мемлекеттік жерлермен қатар жерге жеке меншіктің құқықтық
қорғалуының қажетті.
Тіркеуді заңды түрде жерді пайдаланушылар және нақты жер
учаскелерін жалға алушылар, меншік иелерінің құқығы рәсімделеді. Бұл жазу
жерді пайдалану, иелену және билік ету заңдылығын дәлелдеуде заңдық,
құқықтық сипатта болады. Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу әр түрлі
бұзушылыққа жол бермейді, жерді пайдаланудың тұрақтылығын және
нысаналық орналуына сәйкес дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік тіркеуде есептік–тіркеу бірлігі болып жер учаскесі алынады.
Бұл жер учаскесі түсінігі ерекшеліктерінен шығады. Жер учаскесі бір
уақытта пайдалану және меншіктеу құқығының объектісі әрі учаскеге құқық
субъектінің шаруашылық немесе басқа іс-әрекет объектісі болып келеді.
Жаңадан құрылған жер учаскесін тіркеу негізі оны бір белгілі мақсаттарда
берілу туралы құзыретті мемлекеттік органның шешімі және жерді үйлестіру
жобаны орындау мен жер учаскесінің шекарасын жергілікті жерде бекіту
туралы құжат болып келеді.
Тіркеу алдында жергілікті жерде шекараны заңды түрде рәсімдеу,
жерді пайдаланудың /жер учаскесінің/ кемшіліктерін жою, шекараның дәл
орналасуын анықтау, шекараларды межелік белгілермен бекіту, учаске
шекарасы бойынша сызықтық және бұрыштық шамаларды өлшеу, алынған
мәліметтерді есептік өңдеу мен ұштастыру, учаскенің жалпы аудандарын
анықтау және жоспарын құру жұмыстары орындалады. Бұл жұмыстар
шаруашылықаралық жерді үйлестіру тәртібінде өткізіледі. Мұнда да


99
компьютерлік техниканы қолданады. Бағдарлама негізінде шекаралардың
бұрылма нүктелері координаттарын және шекаралардың бұрыштық,
сызықтық өлшеулер мәліметтерін компьютерге еңгізіп, оператор барлық
есептелінген аудандарымен, керекті ақпаратпен қоса, жер учаскесінің
дайындалған жоспарын шығарып бере алады. Сонымен қатар компьютерде
жерді пайдалану немесе меншіктеуге құқық беретін мемлекеттік актін және
жоспарды жасайды. Осы көрсетілген жұмыстарды жүргізу жерді
пайдаланушыға немесе иеленушіге негізгі құқықтық құжатты – мемлекеттік
актін беруге мүмкіндік жасайды. Жерді уақытша пайдалану жалға беру
шарттарымен, актлермен, заңдылық органдардың шешімдерімен және жерді
пайдаланудың заңдылығын растайтын басқа құжаттарымен рәсімделеді.
Жер учаскесінің мемлекеттік тіркеу құжаттарында жерді пайдаланушы
немесе меншік иесі аттары, орны, оны беру негізі, ауданы, нысанасы,
орналасуы көрсетіледі. Пайдаланатын жерлердің құқықтық жайларында
болған өзгерістер /учаскені сату, айырбастау, бөлу, ауданын, шекараларын
өзгерту және т.б./ мемлекеттік тіркеу құжаттарында және жерлерді
күнделікті есепке алуда көрсетілуі керек. Тіркеу ауданның /қаланың/ жер
кадастрлік кітабында жүргізіледі. Жер санаттарына қарамай барлық жер
учаскелері тіркелуі керек.
Учаскенің кадастрлік нөмірі, учаскеге құқықты субъектінің аты, оның
орны, атқарушы оргадардың актлері, орны, мөлшерлері, учаскенің және
жерді пайдалану құқығының базалық құны, нысаналы арналуы, бөліну,
бөлінбеуі, сервитуттар және атқарушы органдар белгілеген жерлерді
пайдалану бойынша шектеулер туралы ақпарат /жер кадастрлік іс, магниттік
сақтауыштардағы ақпарат/ жазылып, сақталатын тиісті әкімшілік аудандар
/қалалар/ деңгейінде мәліметтер жинақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет