199
7.23.Тәжірбиелік сабақ. «Жайылым территориясын орналастыру».
Әдістемелік ұсыныстар: Жайылымның территориясын ұйымдастыру үшін
көптеген деректерді жинап, талдау қажет. Мысалы, геоботаникалық, су
шаруашылық, агроклиматтық, гидротехникалық, гидрогеологиялық т.б.
жағдайларын, вегетациялық уақытын, жер асты суларының орналасуы,
тереңдігі және басқа өсімдіктердің ісуіне әсер ететін факторлар жайында
мәліметтер жиналуы тиіс. Малдар түріне, табынына қарай топтастырылады
және олардың оптимальді, тиімді мөлшерлері белгіліенеді. Бір табынға тиісті
жердің көлемі мына формуламен анықталады:
Р=Г*Н*К*Д , га
У
онда:
Г – бiр табындағы мал басы, бас
Н – бiр бас малға тиісті бiр күндегі жасыл шөп мөлшерi, ц
К – ауыспалы жайылым коэффициентi;
Д – жайылым мерзiмi, күн
У – жайылым інiмдiлiгi, ц/га
Жайылымды және шабындықты тиiмдi пайдалану үшiн олардың
территориясында ауыспалы жайылым және шабындық жүйелерi енгiзiледi.
Жайылым типiне және шөптiң ісiп шығу тездiгiне қарай керектi жайылым
және ауыспалы шабындық схемасы таңдалып алынады.
Кесте 23 - Ауыспалы жайылым территориясын ұйымдастыру
Пайдалану жылдары
Ауыспалы жайылым учаскесі
1
2
3
Бірінші
Жаз
Күз
Көктем
Екінші
Күз
Көктем
Жаз
Үшінші
Көктем
Жаз
Күз
Достарыңызбен бөлісу: