1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет183/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

6.4. Өлшеу жұмыстарын жүргізу.
Қазіргі кездегі дәлдігі мен өнімділігі жоғары геодезиялық өлшеу
аспаптарына электронды теодолиттер мен тахеометрлер жатады. Олар
арқылы барлық өлшеулерді автоматтандырылған режимде орындауға
мүмкіндігі туды. Бұндай өлшеу аспаптары бұл жағдай өлшеу нәтижелерін
тіркеу және сақтау, әрі қарай ЭЕМ арқылы өңдеуге мүмкіндігін беретін
оларда орналастырылған есептеу және ақпараттарды сақтау құралдарымен
жабдықталған.
Дыбыс арқылы топографиялық-геодезиялық ақпараттарды далалық
жағдайда өңдеу еңбекті жақсартады және есеп алушының қателерін
азайтады.
Топографиялық түсіріс және басқа инженерлік-геодезиялық жұмыс
түрлерін жүргізуде далалық өлшеулерді автоматтандыру үшін жоғары
дәлдіктегі электрондық тахеометрлер жасалып шығарылған. Ол бұрыш
өлшеу бөлігінен, сәулелі арақашықтық өлшеуіштен және біріктіріп
орналастырған ЭЕМ тұрады. Бұрыш өлшеуіш бөлігімен горизонталь және
вертикаль бұрыштар өлшенсе, сәулелі арақашықтық өлшеуіш арқылы
ұзындық анықталады, ал ЭЕМ әртүрлі геодезиялық есептерді шығаруды
аспаптың жұмысын басқаруды өлшеу нәтижелерін бақылауды және оларды
сақтауды қамтамасыз етеді. Мысал ретінде Ресейде шығарылатын
электрондық тахеометрді ТаЗМ атауға болады: ол арқылы горизонталь
бұрыштарды 4, зенит аралығын 5, көлбеу аралықты 10 мм үйлеспеушілікпен
анықтауға болады және горизонталь салындылар, өзара биіктіктер, көздеу
биіктіктерді координата өсімшелері немесе көздеу нүктелерін координаттары
анықталады.
Аспап үш режимде жұмыс істей алады: жекеленген, жартылай
автоматты, автоматты және бақылау режимінде. Геодезиялық есептер
атмосфераның рефракциясын, жердің қисықтылығын, температураны,
қысымды, аспап штативтерінің және шағылыстырушылар биіктерінің
айырмашылықтарын есепке ала отырып шығарылады.
Электрондық тахеометрлердің қолданыс аясының кеңдігін және
жоғарғы еңбек өнімділігін ескере отыра, түсіріс процесі кезінде рейкаларды
тез жылжытып отыру үшін бақылаушы мен рейка ұстаушының қимыл-
әрекеті де механизациялануда. Мысалы, бақылаушы машинада орналасады.
Соңғы кезде техника мен технологиялардың, оның ішінде
тахеометрлердің жаңа серияларының жасалып шығуына байланысты
көптеген өзгерістер болып жатыр. Электрондық тахеометр геодезиядағы
оптикалық-электрондық аспаптардың ішіндегі ең кең тарағаны. Ол
электрондық теодолиттен, жоғары дәлдікті электрондық қашықтық өлшеуіш
далалық пен компьютерден тұрады және топографиялық түсірістерде кеңінен
қолданыс табуда.
Электрондық тахеометрлердің екі түрлі моделі шығарылады:
шағылыстырғышсыз және класикалық (шағылыстырғышқа көзделінетін).
Электрондық тахеометрде далада жүргізілген өлшеу жұмыстарының
барлығы автоматтандырылған. Ол электрондық теодолит, электрондық


253
дәлдігі жоғары қашықтық өлшеуіштен және далалық компьютерден тұрады.
Ол 2 км дейін арақашықтықты орташа квадраттық қателігі 2 см-ден аспайтын
дәлдікпен өлшеуге арналған.
Электронды тахеометрлер өнімділігін әжептеуір көтеру мен далалық
мәліметтерді алдын ала өңдеу мен камеральдық жұмыстарды жүргізу
мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
2004 жылдан Leica компаниясы жаңа 1200 жүйелі аспаптар шығарды,
оған координаталарды анықтайтын жер серіктік GPS, электронды
тахеометрлер, цифрлі невилирлер мен бағдарламалар комплектісі кіреді.
Топографиялық жұмыстарды автоматтандыруда үлкен үлес қосып
жүрген компаниялар қатарына SETX030R және 220 (Sokkil), 3300 және 3600
сериялы (Trimble) тахеометрлерді шығаратын фирмалар мен Уралдың
оптикалық механикалық зауыты (Ресей) жатады. Бұл тахеометрлердің
барлығында арнайы бағдарламалар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет