254
орналастырады. Бұдан кейін тексеруді қайталайды. Дөңгелек қондырғы
деңгейлеуіші болған жағдайда, оның осі аспаптың вертикаль осіне параллель
болуы керек. Аспапты тексеру үшін цилиндрлік деңгейлеуіш бойынша оны
горизонталь орналастырады. Содан кейін дөңгелек деңгейлеуіштің дәлдеу
бұрандасымен, оның көпіршігін ортасына салады.
4. Көру дүрбісінің жіп торы дұрыс орнатылуы тиіс. Көру дүрбісі
арқылы қандай да бір анық көрінетін нүктені бақылап, тексеру жүргізіледі.
Дүрбіні горизонталь және вертикаль жазықтықта ауыстыру кезінде тор
штрихының (горизонталь не вертикаль) нүкте бейнесімен үйлестігін
тексереді. Тор орнын түзету үшін оның жақтауын қажет бағытта, бейнелейтін
түзету бұранда көмегімен бұрайды.
5. Көру дүрбісінің көздеу (визир) осінің орнын тексеру. Нивелирде
көру дүрбісінің көздеу осі мен деңгейлеуіш осі арасындағы бұрыш минималь
(ең аз), яғни нормативтік құжаттамада белгіленген шектен аспауы керек.
Теодолитте дүрбінің көздеу осі горизонталь оське перпендикуляр болуы тиіс.
Тексеру үшін нивелирде белгілі әдіспен (мысалы, екі рет нивелирлеу
арқылы) i бұрышын, ал теодолитте – коллимациялық қателікті с – 0,5 (КЛ–
КП) анықтайды.
6. Бұрыш өлшеуіш аспаптың вертикаль дөңгелегінің (шеңбер) есептеу
индексі дұрыс белгіленуі тиіс. Деңгейлеуіш көпіршігі ортасына орнату
кезінде, түтіктің көлденең орнына сәйкес есептеу – нөл орны (зенит орны)
деп аталады. Бұл шарт деңгейлеуіш немесе тордың дәлдеу бұрандасымен
түзетіледі.
7. Аспапқа орнатылған центрирдің қондырылуын тексеру. Оптикалық
центрирдің көздеу осі, аспаптың вертикаль осімен сәйкес келуі тиіс. Тексеру
үшін аспаптың жоғары бөлігінің үш орында (1200 сайын) центрир торының
горизонталь жазықтыққа қиылысу жобасын алу қажет, яғни қателік
үшбұрышын анықтау керек. Дәлдеу үшін центрирдің оптикалық
бөлшектерінің бірін, тордың қателік үшбұрышының ауырлық центрімен
қабысқанға дейін орнын ауыстырады. Кейбір аспаптарда оптикалық
центрирді дәлдеу, тек шеберханаларда жүзеге асырылады.
8. Оптикалық көздеу (визир) осінің орнатылуын тексеру. Оптикалық
көздеу осі, көру дүрбісінің көздеу осіне параллель болуы керек. Тексеру үшін
көру дүрбісін алыстағы нысанаға апарып, содан кейін осы нысананы көздеу
(визир) осі арқылы бақылайды. Егер көздеу осінің сызығы нысана бейнесімен
қабыспаса, онда көздеу осіне түзету жүргізіледі. Ол үшін көру дүрбісінің
қабына орнатылған көздеу осін бекітетін бұрандалары босатылып, көздеуді
нысанға бағыттап, бұрандаларды қатайтады.
Достарыңызбен бөлісу: