6.10. Тахеометриялық түсірілім деректерін енгізу және деректерді өңдеу. Бұл кезеңде тахеометриялық түсіру деректерін өңдеу және енгізу
жұмыстары жүргізіледі. Ол мына ретте жүргізіледі:
-
Кестелік редактор терезесінде «өлшеу» қосымшасын активтеңіз.
«Түсіру типі» ауыстырып –қосу тобында «Тахеометрияны» көрсетіңіз.
Терезенің 2 кестесін де «Биіқайырым» бағанының көрінулігін алдын ала
өшіріп, толтырыңыз. Өлшеу кестесінде тахеометрия пункттерінің атаулары
курсивпен ерекшеленген. Қашықтықты анықтау әдісін таңдау, жүгірткінің
сол пернесін әдіс атауына басу арқылы іске асырылады.
-
Графикалық терезеде жүгірткінің оң пернесін басып, контексттік
менюден «Жоба қасиеттері» пунктін таңдаңыз.
-
Тахеометрия нүктелерін теріп болған соң, деректер өңдеу мен
алдын ала өңдеуді орындаңыз.
-
Деректерді WINDAT папкасында Жоба2.gds атауымен сақтаңыз.
6.11. CREDO_DAT, CREDO_MIX(TER) жобаларын, TXT, DXF, PRX, TMD файлдарын импорттау. CREDO MIX жүйесінің мақсаты Мақсаты: алаңдық және сызықтық (желілі) ізденістердің нәтижелерін
өңдеу, жергілікті жердің сандық моделі және жобаның сандық моделін жасау
және редакциялау, горизонталь және вертикаль жоспар жобасын құру; жан-
жақты жоспарлау; инженерлік коммуникациялардың жоспары; автомобиль,
темір жол және басқа да көліктік желілерді жоспарлау; бас жоспар құру; жер
жұмыстарының көлемін анықтау.
CREDO MIX жүйесінің қолданылу саласы Қолданылу саласы: өндірістің бас жоспар, көліктік ғимараттар және
азаматтық тұрғын объектілерді жоспарлау; көлік және темір жолдарын,
карьерлерді жобалау; топографиялық жоспарды жасау; желілі және алаңдық
инженерлік ізденістер; жерге орналастыру, құрылыстарды геодезиялық
262
қамтамасыз ету, пайдалы қазбаларды барлау және қазып алуды маршейдерлік
қамтамасыз ету жұмыстары.