TRANSFORM жүйесінің қолданылу саласы
Қолданылу саласы: жерге орналастыру жұмыстары, сызықтық (желілі)
және алаңдық инженерлік ізденістер, пайдалы қазбаларды барлау және қазып
алу кезіндегі маркшейдерлік қамтамасыз ету жұмыстары, кадастрлық
жүйелер үшін ақпараттарды дайындау, сандық топографиялық жоспарларды
құру, өнеркәсіптік, азаматтық және транспорттық құрылыстарды жобалау.
Аспаптан деректерді импортау
CREDO-да жұмыс істеудің алдында Сіздің компьютеріңізге
интерфейстік кабельдің көмегімен электронды тахеометрлерді алдын ала
қосу қажет. Бұл кезде компьютер мен құрал өшірілуі тиіс. Одан кейін,
құралды қосқан кезде,оны деректерді экспорттауға даярлау қажет. Ол үшін
құралдың менюіндегі «MENU / UTILITIES / «CREDO» FORMAT»-қа кірген
жөн.«ДЕРЕКТЕР / Құралдан импорт» функциясын ашыңыз. «Оқу»
операциясын активтеңіз. Пайда болған диалогтік терезеде Yes батырмасын
басып, содан кейін құралдағы Enter-ді басыңыз. Осыдан кейін экранда
деректерді беру процесінің жүруі жөніндегі ақпараттық терезе, содан кейін
өңдеуді жалғастыру жөнінде сұраныс пайда болады. Егер Yes-ті бассақ, онда
файлдың атын енгізу үшін сұраныс шығады («3ta5.rsv» үндемеу бойынша).
Атын енгізгеннен кейін Оk-ді басыңыз, дискіде импорттың
берілгендері бар файл құрылып, алдын ала өңдеуді жасау ұсынысы бар
сұраныс пайда болады.Yes-ті басыңыз, деректердің CREDO-ға автоматты
импортталуы жүреді. «Нәтижеде» импортталған файлды көруге болады.
Файлдан деректерді импорттау
Бұл функцияны жұмыс істету алдында өлшеу мәліметтері тахеометр
жадысының картасынан Сіздің компьютеріңізді қатты диск ісіне жазылуы
тиіс. Мұны екі тәсілмен жасауға болады. Біріншісі — CREDO_DAT
көмегімен (әрекет ету тәртібі алдыңғы параграфта келтірілген). Екіншісі —
3Та5.ехе бағдарламасы арқылы (жұмыс сипаттамасы мен бағдарлама
тахеометрмен бірге қойылады).«ДЕРЕКТЕР / Файл импорты» деген
функцияны ашыңыз. «Формат» операциясына кіріп, менюден регистрдің
сәйкес типін таңдап алыңыз, біздің жағдайымызда — «3ТА5». «Настройка»
операциясында
станциядағы
жұмыс
істеу
әдістемесін
ескеретін
параметрлерді анықтаңыз:«3. Файлды ұлғайту» пунктісінде «TXT»
кеңейтілуін көрсетіңіз; «4. Бастапқы пункт коды» пунктісінде «1» кодын
көрсетіңіз.«Файл» операциясын таңдап алыңыз, сұрау терезесінде «*.TXT»
файлының іздеу маскасы пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |