99
компьютерлік техниканы қолданады. Бағдарлама негізінде шекаралардың
бұрылма нүктелері координаттарын және шекаралардың бұрыштық,
сызықтық өлшеулер мәліметтерін компьютерге еңгізіп, оператор барлық
есептелінген аудандарымен, керекті ақпаратпен қоса, жер учаскесінің
дайындалған жоспарын шығарып бере алады. Сонымен қатар компьютерде
жерді пайдалану немесе меншіктеуге құқық беретін мемлекеттік актін және
жоспарды жасайды. Осы көрсетілген жұмыстарды жүргізу жерді
пайдаланушыға немесе иеленушіге негізгі құқықтық құжатты – мемлекеттік
актін беруге мүмкіндік жасайды. Жерді уақытша пайдалану жалға беру
шарттарымен, актлермен, заңдылық органдардың шешімдерімен және жерді
пайдаланудың заңдылығын растайтын басқа құжаттарымен рәсімделеді.
Жер учаскесінің мемлекеттік тіркеу құжаттарында жерді пайдаланушы
немесе меншік иесі аттары, орны, оны беру негізі, ауданы, нысанасы,
орналасуы көрсетіледі. Пайдаланатын жерлердің құқықтық жайларында
болған өзгерістер /учаскені сату, айырбастау, бөлу, ауданын, шекараларын
өзгерту және т.б./ мемлекеттік тіркеу құжаттарында және жерлерді
күнделікті есепке алуда көрсетілуі керек. Тіркеу ауданның /қаланың/ жер
кадастрлік кітабында жүргізіледі. Жер санаттарына қарамай барлық жер
учаскелері тіркелуі керек.
Учаскенің кадастрлік нөмірі, учаскеге құқықты субъектінің аты, оның
орны, атқарушы оргадардың актлері, орны, мөлшерлері, учаскенің және
жерді пайдалану құқығының базалық құны, нысаналы арналуы, бөліну,
бөлінбеуі, сервитуттар және атқарушы органдар белгілеген жерлерді
пайдалану бойынша шектеулер туралы ақпарат /жер кадастрлік іс, магниттік
сақтауыштардағы ақпарат/ жазылып, сақталатын тиісті әкімшілік аудандар
/қалалар/ деңгейінде мәліметтер жинақталады.
Достарыңызбен бөлісу: