1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау



Pdf көрінісі
бет89/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

10. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау
10.1 Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы ережелері мен тәртібі
Жердің сапасын есепке алу және кадастрлық бағалау:
-нысаналы мақсатын ескеріп, жер учаскесін пайдалану тиімділігін
айқындау;
-жер учаскесін жеке меншікке сатқан кезде оның бағасын (жер
учаскесін жалдау құқығын сату төлемін) анықтау;
-салық салу;
-жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждықтар үшін мәжбүрлеп алып қою
кезінде және иеліктен айыру жағдайында соттың сатып алу бағасы мен
төлем мөлшерін айқындауы мақсатында жүргізіледі.
Жердің сапасы және оның кадастрлық бағасы туралы мәліметтер әрбір
жер учаскесі бойынша жер-кадастр кітабында көрсетіледі.


115
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншікке
берілген, оларды мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға
берген кезде жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларын, жалдау
құқығын сату төлемақысының мөлшерiн және мемлекеттік меншіктегі және
жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне жекеше сервитут белгілеу
үшін төлемақының мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлейдi.
Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының
базалық ставкалары облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар
қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда,
кенттер мен ауылдық елді мекендерде жергілікті жағдайлар мен
ерекшеліктерге қарай облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімдерімен
белгiленедi.
Бұл ретте жер учаскелерiн пайдалану төлемақысының ставкалары жер
салығы ставкаларының мөлшерiнен төмен болып белгiленбейдi.
Жалдау құқығын сату төлемақысы нақты жер учаскесiнiң кадастрлық
(бағалау) құнына қарай сараланып белгiленедi.
10.2 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері, нысандары және


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет