1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ПИФАГОР, Пифагор Самосский



Pdf көрінісі
бет135/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   236
Totin Filosofia (1)

ПИФАГОР, Пифагор Самосский (б.д.д.570–490ж.ж.) — 
көнегрек философы әрі математигі, пифагорлік діни-
философиялық мектепті құрушы. Осы кезеңде оңтүстік 
Италия мен Сицилияда «Пифагршылар мектебі» деп аталған 
одақ құрылып, онда қоғамдық өмірді діни-әдептілік 
тұрғыдан реформалау қажеттігі туралы ілім кең өріс алды. 
Пифагоршылар қоғамда анархияның етек алуына қарсы 


308 
болып, құдайдың айтуымен жасалған мемлекеттік заңдарды сақтау керектігін 
уағыздады. Оның пікірінше, сандар - барлық заттардың, ғарыштың негізі
Пифагордың Ғарыштың бастамасы, негізі деп отырған сандары жай 
күнделікті өмірде қолданып жүрген сандар емес, олар  Ғарыштың реттілігін, 
үйлесімділігін көрсететін сандар.
ПИТТАК, Питтак Митиленский (б.д.д. 651–569 ж.ж.) — 
ұлы ойшыл және әйгілі жеті данышпанның бірі. Ол биліктен 
кеткенде, митилендықтар қадірлеп оған еншіге жер бөліп 
береді. Сонда Питтак: «Жарты – бүтіннен үлкен» деп, ол 
жердің кішкентай бір бөлігін ғана алыпты. Сосикраттың 
айтуынша, ол онсыз да ақшам керегінен екі есе көп деп Крез 
патша берген пұлды алмай қойыпты. Бұлай дейтін себебі
Питтак артында баласы жоқ, қайтыс болған ағасының мұрагері екен. Оның 
Тиррей деген баласын Ким қаласында шаш алдырып отырғанда бір ұста 
балтамен шауып өлтіріпті. Қаланың азаматтары қылмыскерді тұтқындап
Питтактың алдына жібереді. Сонда Питтак оқиғаның қалай болғанын 
анықтап біледі де: «Өкінгеннен кешірген жақсы!» деп, оны қоя береді. 
ПЛАТОН (б.д.д.428 немесе 427ж.ж. – б.д.д.348 немесе б.д.д. 
347ж.ж.) — көнегрек философы, Сократтың шәкірті
Аристотельдің ұстазы. Шын аты – Аристокл, (денесі ірі 
болғандықтан «плато», яғни – дәу деп аталып кеткен). 
Адамзаттың ұлы ойшылы, диалектика, таным теориясы
педагогика, эстетика, өнер, мемлекет теориясы, обьективтік 
идеализм философиясының негізін салды. Шығармалары
«Сократ апологиясы», «Лахес», «Кратил», «Той», «Федон», 
«Горгий», «Мемлекет», «Парменид», «Тимей», «Теэтет», «Заңдар» (диалог 
түрінде жазылған), т.б. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық 
емес, ол тек шындықтың көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндіреді. Таным 
дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет