1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


СУФИЗМ (арабш. ат-тасаввуф, «суф» –



Pdf көрінісі
бет219/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   236
Totin Filosofia (1)

СУФИЗМ (арабш. ат-тасаввуф, «суф» жүн, шаш) — VIII-IXғ.ғ. пайда 
болған, исламдағы мистикалық-аскеттік бағыт. 
СЦИЕНТИЗМ (латынш. – ғылым-білім) — мәдениет жүйесіндегі ғылымның 
ролін абсолюттеп, асыра мадақтап көрсету. 
СЫНИ РАЦИОНАЛИЗМ — философиялық бағыт ретінде ғылыми білімнің 
даму мәселелерін талдай отырып, қандай болмасын ғылыми білімнің 
болжамды бағытта болатынын мойындайды (К.Поппер). Басты өкілдері: 
И.Лакатос, П.Фейерабенд және т.б. Ғылыми таным процесі дегеніміз – 
әртүрлі ғылыми теория типтерінің өзара үздіксіз сыни пікірталастары. 
Білімнің өзі субьективті сипатта болғандықтан, ақиқаттың өзі де көп түрлі 
болады. Философияның жалғыз-ақ шынайы тәсілі – рационалды сын. 
ТАБУ (полинезиялық тайп. тілінен аударғанда «тыйым салу») — алғашқы 
қауымдық құрылыс мәдениетімен тығыз байланысты діни негіздегі үзілді – 


384 
кесілді тыйым салуды талап ететін ұғым. Терминді енгізген ағылшын 
жиһанкезі – Кук. 
ТАБУЛА РАСА («таза тақта») — адамның жаны, санасы, яғни қоршаған 
дүние, табиғат сол тақтаға өз белгілерін, иероглифтерін түсіреді, таным 
процесі осылай жүзеге асады. 
ТАМАС — енжарлық, шектеулілік пен қараңғылықтың шешуші элементі. 
ТАЛИСМАН (грекш. – арнаулы, арбаулы) — көне сенім, көне ырымшылдық 
бойынша иесіне бақ–дәулет әкеліп, жолын ашады, бәлекеттен қорғайды деп 
сенетін зат, бұйым. Талисманға деген сенім ежелгі сиқыр – дуа, 
фетишизммен тығыз байланысты. 
ТАЛМУД (көне евр. – кітап) — иудейлер дініндегі киелі кітап. Көне өсиеттің 
5-кітабынан және дінге сенушілердің іс-әрекетін құқықтық нормалар 
тұрғысынан реттеуші трактаттардан тұрады. 
ТАНАТОЛОГИЯ (грек мифологиясы бойынша, Танатос - өлім құдайы) — 
өлім туралы ілім, яғни адамның өлімге деген қатынасын анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет