1. Бағдарламаның төлқұжаты Атауы



Дата22.02.2016
өлшемі127.99 Kb.
#1663

Қарағанды облысында 2011-2013 жылдарға арналған

құқықбұзушылықтардың алдын алу
Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы

Қарағанды қ.



1. Бағдарламаның төлқұжаты
Атауы Қарағанды облысында 2011-2013 жылдарға арналған құқықбұзушылықты алдын алу бағдарламасы
Әзірлеу Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқыққорғау қызметінің

негіздері және сот жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша шаралар туралы» 17.08.2010 жылғы №1039

Жарлығы


Әзірлеуге жауапты Облыстың Ішкі істер департаменті, облыс әкімінің аппараты

мемлекеттік органдары
Бағдарламаның мақсаты Құқықбұзушылықтардың алдын алудың облыста біркелкі мемлекеттік саясатты жүргізу,

қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту.



Бағдарламаның міндеттері Азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мұдделерінің тиімді қорғалуын

қамтамасыз ету; қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті жағдайын қамтамасыз ету алдын алу

жұмысын арттыру; құқықбұзушылықтың деңгейін азайту, учаскелік

полиция инспекторларының рөлін көтеріп, олардың тиімді жұмысын

ұйымдастыру; кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы қараусыз және құқықбұзушылықтардың

алдын алу, қылмыстылықпен күрес және құқықтық тәртіпті нығайтуға азаматтардың

қызығушылығын арттыру; қылмыстылықпен күрестің ақпараттық және материалдық-тех-

никалық қамтамасыз етілуін арттыру.


Іске асыру мерзімдері 2011- 2013 жылдары
Қаржыландыру көздері 2011- 2013 жылғы жергілікті бюджеттің қаражаты.

мен көлемдері
Болар нәтижелері - облыстың қалалары мен елді мекендерінде қоғамдық тәртіптің жағдайы жақсаруы;




  • құқыққа қарсы әрекеттерге бейім азаматтарға бақылау күшейтіледі;

  • жалпы қылмысты ахуал сауығады;

  • қылмыстылықпен күрес күшейтіліп, ауыр қылмыстардың төмендеу үрдісі белгіленеді;

- қылмыстардың ашылуы көтеріледі;

- халықтың құқықтық санасының деңгейі мен оның жергілікті атқару билігіне сенімі көтеріледі; - азаматтардың құқыққорғау органдарымен әрекеттесуі жақсарады.



2. Кіріспе
Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқыққорғау іс-әрекеті және соттық жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша шаралар туралы» 17.08.2010 жылғы №1039 Жарлығы, «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 18 наурыздағы №218 қаулысы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» халыққа Жолдауын, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауда қамтамасыз етуде қатысуы туралы» № 590 Заңын іске асыруға бағытталған.

Бағдарлама кешенділік, жүйелілік, сабақтастық, бағыттаушылық пен нәтижелілік функциялық қағидаларын орындауға негізделеді.

Бағдарлама ведомствоаралық және облыс деңгейлерінде шешілетін қағидалық сипатындағы ережелерден тұрады. Ведомстволық және аймақтық іс-шаралар қала және аудан әкімдерінің, басқа мемлекеттік органдардың осындай жоспарларына енгізу көзделеді.
3. Мәселенің қазіргі жай-күйін талдау
Жалпы облыстағы қылмысты ахуал тұрақты, оның жай-күйіне қалыптасып жатқан қолайлы экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай, сонымен қатар бұдан бұрын қабылданылған құқықбұзушылықтардың алдын алу және қылмыстылықпен күрес жөніндегі бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру оң ықпал тигізуде.

Ішкі істер органдарының қылмыстылықпен күресті күшейту, құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту бойынша қабылданған ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар құқықтық тәртіптің жағдайына да жағымды әсерін тигізді.

Мәселен, 2010 жылдың қорытындысы жалпықылмысты (9,8%) қылмыстарды тіркеумен сипатталады. Сол уақытта, жасалған ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны (22,8%) төмендеген, қасақана адам өлтірудің саны (23,3%) және тонау (38,4%) азайды. Бұрын сотталғандар жасаған қылмыстардың саны (9,7%), алкогольді мас күйде болған адамдар жасаған (8,6%), кәмелетке толмағандармен (11,4%) және отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалған қылмыстардың (13,7%) дейін төмендегені байқалады. Сондай-ақ, қоғамдық орында жасалған қылмыстардың (6,5%) дейін, оның ішінде көшелерде жасалғандардың саны (13,2%) төмендеген.

ІІД Жедел басқару орталығы жұмысының тиімділігі өсті. 2010 жылда бейнебақылау камераларының көмегімен 23.608 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды ( оның ішінде ЖП саласы бойынша – 17.169, алкогольге қарсы заңнама бұзушылықтары – 6.439 факт).

Бейнебақылау жүйесінің көмегімен 132 қылмыс ашылды, оның ішінде: 18 тонау, 4 айдап кету, 12 бөтен мүлік ұрлығы, 3 алаяқтық, 4 бөтен мүлікті қасақана жою, 2 қарақшылық, 3 дене жарақаттарын келтіру, 81 зияткерлік меншік құқықтарын бұзу фактілері.

Сонымен қатар, облыстағы қылмыстық әлеуметтік-экономикалық реформаларын іске асыруға, азаматтардың заңды құқықтары мен мүліктілік мүдделерін қамтамасыз етуге кедергі келтіретін, пайдақорлық-зорлық бағыттағы қылмыстық тұрақтанусыздың бірінші факторы болып қалуда. Облыстың бірқатар ІІО бөліністерінде кейбір қылмыс түрлерінің айтарлықтай өсуі белгіленеді, жалпықылмысты қылмыстарды, оның ішінде ауыр және аса ауыр түрлерін ашу бойынша жұмыс нәтижелерінің нашарлауы байқалады. Өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда, облыста тонау (25,6%), бөтен мүліктің ұрлығы (17,6%), о.і. азаматтардан ұрлау (20,7%) және пәтерден ұрлау фактілердің (26,9%) өсуі байқалуда.

Қазіргі уақытта облыста қылмысты әлеуметтік алдын алудың бірыңғай жүйесі әлі қалыптасқан жоқ, ал оның құрама бөлігі болатын элементтері жекеленіп, тиімсіз жұмыс істейді. Құқықбұзушылықтарды жалпы және жеке алдын алу жүйесі нашарлаған (әлсіріген). Бүгінгі танда полицияның алдын алу есептерінде 27406 адамдар тұрады, о.і. 3379 бұрын сотталған, 13212 алкоголик, 5886 отбасы жанжалқойы, 3876 нашақор, 2107 кәмелетке толмаған мен 2286 жайсыз отбасы.

Рецидивті және пенитенциярлық қылмыстылықтың, кәмелетке толмағандар мен жастар қылмыстылығының жай-күйі, бас бостандығынан айырылған адамдардың әлеуметтік оңалту мәселелері алаңдатады.

Кәмелетке толмағандар мен жастардың арасында медициналық емес есірткілерді қолданылудың кең тарауы ерекше алаңдатады. Есірткіні тұтынатындардың үштен екеуі 30 жасқа толмаған азаматтар. Балалар мен жасөспірімдердің нашақорлығы ұлғаюда. Есірткі заттарды алғашқы және одан кейін қолдану орны болатын жалпы білім беру мектептері, колледждер мен басқа да оқу орындары.

Оң нәтижеге қарамастан, көшелер мен басқа да қоғамдық орындардағы жедел ахуал айтарлықтай ауыр болып тұр, бұл құқықтық тәртіптің сақталуын және қоғамдық қауіпсіздіктің қорғалуын қамтамасыз етудің әрі жетілдіруін талап етеді.

Облыстың жолдарындағы жағдай күрделеніп тұр. Осындай мерзіммен салыстырғанда жасалған жол-көлік оқиғаларының және онда қайтыс болғандардың санының өсуі байқалуда. Апат салдарының ауырлығы ұлғаюда. Көп қаза болғандармен бірқатар ірі ЖКО жіберілген.

Кезекші бөлімдер жұмысын ұйымдастыру тиімділігін, жұмыста олардың өзара әрекеттесуін, қабылданатын шешімдердің жеделдігін арттыру мақсатында жұмыс ұйымдастыруды арттыру мен Жедел басқару орталығының техникалық кешенін дамыту бойынша талап қойылады.






4. Негізгі бағыттар және бағдарламаны іске асыру механизмі
Бағдарлама қосымша берілген іс-шаралар жоспарына сәйкес іске асырылады (№1 қосымша).
4.1. Қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті жай-күйін қамтамасыз ету

Көшелер мен қоғамдық орындардағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйіне және полицияға оқиға, құқықбұзушылық пен қылмыс туралы түскен хабарламалар ерекше назар аударуды талап етеді. Облыстың халқы құқыққорғау органдары жалпы жұмысының тиімділігі туралы оқиғаларға нақты әрекет ету бойынша бағалайды.

Бұл мәселеге басқа көзқарас қажет, ол бейнебақылау, байланыс және GPS техникалық құралдарын енгізумен негізделу керек.

2003 жылы облыстың ІІД Жедел басқару орталығы пайдалануға енгізу, кейін оның техникалық мүмкіншіліктерін Теміртау, Абай, Саран, Шахтинск қалаларында және Қарағанды қаласының учаскелік полиция пункттеріне кеңейтілуі бұл бағыттың дұрыстығын және тиімділігін көрсетті.

Оның қолдану ІІД сыртқы қызметтері мен аумақтық полиция бөлімдерінің жедел-қызметтік жұмысын ұйымдастырудағы елеулі кемшіліктер мен олқылықтарды анықтауға және жоюға мүмкіндік берді. Оларды жою жасақшалардың тығыздығын көбейту мен азаматтардың өтініштері бойынша әрекет ету уақытын қысқартумен байланысты бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік берді.

Облыс орталығы Қарағанды қ. бейнебақылау жүйесінің тұрақты модернизациясы мен дамуы қажет, Жезқазған, Сәтбаев, Теміртау, Абай, Саран, Шахтинск, Балқаш қалаларында бейнебақылау жүйесінің құру қажет.

Полицияның сыртқы күштерінің барлық көлік құралдырын, о.і. ЖПБ және УПИ GPS жүйесі байланысымен және заманға сай байланыс құралдармен жабдықтау қажет.
4.2. Жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Жол жүру қауіпсіздігі маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі болып қалуда. Көлік құралдарының саны өсіп келеді, жолдарда қозғалыстың қарқындылығы өсуде. 2010 жылы бойынша облыстың жолдарында 954 жол-көлік оқиғада 276 адам көз жұмған, 1137 жуық адам түрлі дәрежедегі жарақаттар мен зақымдар алған. ЖКО нәтижесінде мемлекет пен қоғамға үлкен материялдық зиян келтіріледі.

Болжауды ескеріп жақын арадағы кезде тасымалдау көлемі мен автомобилизацияның деңгейі өседі, бүгінгі таңда көліктегі апатшылықтың өсуінің алдын алу және көліктік үдерістердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда қажеттілік туындап отыр.

Көліктік қауіпсіздікті іске асыру мақсатында, бір жағынан ырықтандыру, ресімдеуді жеңілдету, ал басқа жағынан ашықтық, бақылау және алдын алу қажет.

Көліктікте заманға сай және тиімді қауіпсіз жүйені құру қауіпсіз жол жүру саласында техникалық бақылау жүйені қайта құрусыз болмайды.

Жылдамдық режимін бұзу және рұқсат берілмеген бағдаршам жарығына өтіп кету зардабы ауыр жол-көлік оқиғаларға әкелетін негізгі құқықбұзушылық болып табылады. Жылдамдық режимін бұзу және рұқсат берілмеген бағдаршамның қызыл жарығына өтіп кетумен күресу үшін жол жүру ережелері бұзушылықтарын тіркейтін автоматтандырылған жүйесін қолдану қажет.

Бұзушылықты анықтаудан әкімшілік өндірісті қозғауға және кінәләлерді жауапкершілікке тартуға дейін процесстің толық автоматтандырылуы мыналарға мүмкіншілік береді:

- адам факторын жоюға және құқыққорғау органдарының қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге;

- жаза бұлтартпастығын бақылау тиімділігін және бюджеттің толтырылуын арттыруға;

- облыстың жолдарындағы қауіпсіздік деңгейін көтеруге.

Шешім кешенді сипатқа ие болып, қысқа мерзім ішінде шығынның орнын толық қамтамасыз етуге тиіс.

Аталмыш міндетті шешу үшін облыстың ІІД ЖПБ және оның жергілікті құрылым бөліністерінің базасында арнайы процессингтік орталықтарды салуды көздейді.

Жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету елеулі мәселе болып табылады. «Қалалық көлік» автоматтандырылған жүйені құру қажет.

Бұл жүйе көлік құралдары бар (жолаушыларды тасымалдау, жинау техникасы, арнайы техника және т.б. ) барлық қалалық қызметтерді біртұтас етіп біріктіріп, біркелкі диспетчерлік орталықты ұйымдастыруға және қалалық қызметтердің көлік құралдарының жұмысы туралы толық статистикалық ақпаратты алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.


4.3. Алдын алу жұмысын жетілдіру

Қазіргі жағдайда қылмыстықтың алдын алу мәселесі , о.і. кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстардың алдын алу бұрын-соңды болмағандай өзекті болып отыр.

Құқықтық тәртіп мәселелеріне тек полицейлік тұрғыдан қарауға болмайды. Олардың тиімділігіне қарамастан, тек әкімшілік және қылмыстық ықпал ету шараларын қолдану сөзсіз жеткіліксіз.

Құқыққорғау мен басқа мемлекеттік органдардың және құқыққорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдарының қызметінде құқық бұзушылықтың алдын алу басымды бағыт болып танылды.

Бұдан бұрын тиімді қолданылатын жалпы құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін ақылға сыйымды мөлшерде жаңғыртуға болады. Бұл саладағы негізгі міндеттердің бірі жергілікті атқару органдармен халықтың, әсіресі жастарды жұмыспен қамту болып табылады, оларды қоғамдық жұмысқа тарту, мамандық бойынша даярлық пен оқытуды өткізу.

Құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық мәселесі ерекше көңіл бөлуді, жоғары және орта оқу орындарында құқыққорғау бағытындағы жастар құрылымдарының жүйесін қайта құру мен даму бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруды қажет етеді.

Жергілікті атқару органдарының маскүнемдік, алкоголизм, нашақорлық пен кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықтың алдын алу бойынша жұмыстың жай-күйіне жауапкершілігін көтеру, сонымен қатар оларды алдын алу бойынша бірқатар ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар қолдану қажет.

Сондай-ақ, жергілікті атқару органдарына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмыспен қамту және оңалту жөніндегі шаралар қолдану, тұрақты мекенжай мен құжаттары жоқ адамдарға әлеуметтік оқшаулау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бас бостандығынан айыру орындардағы адамдарды жаңа мамандық бойынша оқытып, мамандық бойынша даярлауды ұйымдастыру қажет және олардың мерзімін өту орындарда көрсетілген адамдарды кәсіпорында және басқадай жұмыспен айналысуға тарту мүмкіндігін қарастыру.


4.4. Ішкі істер органдары мен халық арасында байланыс буыны ретіндегі учаскелік полиция инспекторларының жұмыс тиімділігін ұйымдастыру және олардың рөлін арттыру

Облыста материалдық қолдауы бар жаңа әлеуметтік-экономикалық негізде құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін қайта құру қажеттілігі көптен бері туындап отыр.

Жалпы және жеке - алдын алу мәселелерін шешуде учаскелік полиция инспекторы әрдайым маңызды рөл атқарып жүрген.

Сонымен қатар, ІІО алдындағы міндеттерді шешу үшін осындай учаскелік полиция инспекторлары тәрізді мықты әлеует толық көлемде қолданылмайды. Олардың ақпараттық-анықтамалық жетіспеушілігі негізгі себеп болып табылады. Бұл мүмкіншіліктер ІІД ЖБО-да қарастырылған, оның тиімділігін учаскелік полиция пункттерінің материалдық-техникалық базасын дамумен кешенді түрде қарау қажет.

ІІД жалпы желісіне дауыс пен мәліметтерді беру үшін облыстың барлық УПП қосылуы қажет. Бұл олар үшін келесі:



  1. Жалпы ақпараттық базаларға қашықтаған енуге рұқсат беру, яғни әрбір учаскелік полиция инспекторы өз бетінше құқықбұзушыларды қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту, іздеу, хабар-ошарсыз кеткендерді, ұрланған заттар мен қару базасы арқылы тексеруге;

  2. ІІД ЖБО-ның геоақпараттық жүйесіне ену әкімшілік учаскесі аумағының электрондық картасына, яғни кез келген уақыт аралығында қалыптасып жатқан қылмысты жағдайға көзбен шолып талдау жасауға;

  3. Барлық құжаттаманы (әкімшілік учаскенің төлқұжаты; азаматтарды есепке алу журналы; алдын алу жұмысы жүргізетін адамдар және т.б.) электронды массивке аудару, ІІД ҚҚБ және полиция бөлімдері қызметкерлерінің іссапарға шықпай, күнделікті учаскелік полиция инспекторының өндірісіндегі азаматтардың арыздары мен басқа материалдарын шешу бойынша жұмысын ұйымдастыруға, нормативтік актілермен көзделген құжаттардың толық іс жүргізуіне үнемі бақылау жасауға мүмкіндіктерді береді.

Әкімшілік учаскенің төлқұжатындағы ақпаратты ІІД ЖБО мен кезекші бөлімдер қолдана алады, бұл қылмыс жасалған аумақта қызмет көрсететін учаскелік полиция инспекторы болмаған кезде кезекшілік тәуліктегі қылмыстарды ашудағы маңызды мәселе.

Учаскелік полиция инспекторларын қылмыскерлер мен қылмыс жасауында негізді күдіктендіретін адамдарды іздеуге бағыттау сияқты маңызды мәселе де жойылады. Әрбір учаскелік полиция инспекторы үшін алмасу папкасы арқылы өзінің компьютерінде күнделікті жаңартылған ақпаратты алып отыруына мүмкіндік болады. Әкімшілік учаскенің аумағынан шықпай, кезекші бөлімге орнатылған байланыс каналдары арқылы атқарған жұмыс туралы ақпаратты жібереді, яғни жұмыс уақытының негізгі бөлігінде қызмет ету аумағында болу маңызды мәселесі шешіледі.

Барлық көрсетілген функциялар аймақтық жедел қызметкерлерге де қол жеткізуге болады.



    1. Қылмыстылықпен күресті ақпараттық және материалдық–техникалық қамтамасыз ету

Қылмыстылықпен күрес тиімділігі ішкі істер органдарымен жүргізілетін жедел, тергеу және алдын алу жұмыстың ұйымдастыру деңгейімен айқындалады. Әкімшілік етудің дәстүрлі тәсілдері сарқылды деуге болады. Бұл жұмыстың нәтижесі заманға сай ақпараттық қолдаудың сапасы мен уақытылы болуына тәуелді.

Облыстың ІІД ақпараттық-телекоммуникациялық кешені даму мен жетілдіру деңгейінде.

ІІД ЖБО-ның бар техникалық кешенін жаңғырту, дамыту және қаржылық қолдау қажет.

ІІД Жедел басқару орталығының жүйесіне облыстың кезекші бөлімдер мен учаскелік полиция пунктерін одан әрі қосу қылмысты ахуалдың өзгеруіне, жасалған ауыр қылмыстарға, жаппай тәртіпсіздіктерге, апатты жағдай мен басқадай төтенше жағдайларға, азаматтардың жеке қауіпсіздігіне, ішкі істер органдарында азаматтардың арыздары мен хабарламарын толық тіркелуіне жедел әрекет етудің тиімді механизмін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.




  1. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету және қаржыландыру көздері

Бағдарламаның іс-шараларын орындау оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, 2011, 2012 және 2013 қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджетте қарастырылған қаражат есебі мен оның шегінде, заңнамамен тыйым салынбаған бюджеттік бағдарламалар мен басқа ұстау көздері бойынша.

2011-2013 жылдарда арналған шығыс сомалары бастапқы болып табылады, қаржыландыру көлемі облыс бюджетін тиісті қаржы жылы бойынша құру кезінде нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.


  1. Күтілетін нәтиже

Облыстың қалалары мен елді мекендерінде қоғамдық тәртіптің жай-күйі жақсарады. Құқықбұзушылықтың әлеуметтік алдын алу жүйесін құру үшін негіз салынады, құқыққа қарсы әрекеттерге бейім азаматтарға бақылау күшейтіледі. Жалпы қылмыстылық жағдайы сауығады, қылмыстылықпен күрес күшейтіліп, ауыр қылмыстардың төмендеу тенденциясы байқалады, қылмыстардың ашылуы өседі.



Ішкі істер органдарының, ең алдымен – қоғамдық қауіпсіздік қызметтерінің материалдық-техникалық базасы жақсарады. Халықтың құқықтық сезімінің деңгейі және оның жергілікті атқару билігі мен қылмыстық қудалау органдарына сенімі көтеріліп, азаматтардың құқыққорғау органдарымен әрекеттесуі жақсарады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет