1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеу



бет11/16
Дата10.11.2023
өлшемі50.04 Kb.
#482891
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Өлшем БҚ ету

20-бап. Шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеу
Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына және шама бірліктерінің эталондарына калибрлеу жүргізіледі.
Типі бекітуге және салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдарына ерікті түрде калибрлеу жүргізілуі мүмкін.
Мемлекеттік реттеуге жататын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген метрологиялық талаптар өлшемдер кезінде қолданылатындарды қоспағанда, аккредиттеу субъектілері қолданатын өлшем құралдары калибрлеуге жатады.
Өлшем құралдарын калибрлеу осы өлшем құралдарын жасаушы, иесі немесе пайдаланушы айқындайтын тәртіппен орындалады.
Шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелері өлшем құралына басылатын калибрлеу белгісімен және (немесе) калибрлеу туралы сертификатпен куәландырылады. Калибрлеу туралы сертификатта өлшемдердің метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндерi, метрологиялық бақылап тексерілуі, өлшем белгісіздігі және белгілі бір метрологиялық сипаттамаларға сәйкестігі туралы мәлімдеме көрсетіледі.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. Мемлекеттік метрологиялық бақылау


20-1-бап. Метрологиялық сараптама
1. Өлшемдерге, өлшем құралдарына, оның ішінде нормативтік құқықтық актілердің, техникалық регламенттердің, мемлекетаралық және ұлттық стандарттардың (сәйкестік дәрежесі бірдей халықаралық және өңірлік стандарттар негізінде әзірленетін стандарттарды қоспағанда) жобаларындағы стандартты үлгілерге қойылатын талаптар мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық жүргізетін міндетті метрологиялық сараптамаға жатады.
2. Өлшемдерге, өлшем құралдарына, оның ішінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі және техникалық регламенттердегі стандартты үлгілерге қойылатын талаптар мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық жүргізетін міндетті метрологиялық сараптамаға жатады.
Ескерту. 5-тарау 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет