21-бап. Мемлекеттiк метрологиялық бақылаудың мақсаты
Уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi мемлекеттiк метрологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында жүзеге асырады.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
22-бап. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау объектiлерi
1. Мыналар мемлекеттiк метрологиялық бақылау объектiлерi болып табылады:
1) шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;
2) шама бірліктерінің эталондары мен өлшем құралдары;
3) стандартты үлгілер;
4) нормативтік құқықтық актілер, техникалық регламенттер;
5) өлшемдерді орындау әдістемелері және өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері;
6) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнімнің саны;
7) кез келген түрдегі қаптамаларда өлшеніп-оралған өнімді өткізу кезінде оның саны.
2. Мемлекеттік метрологиялық бақылау осы баптың 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын объектілерге қолданылады.
3. Алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
23-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау саласы
Ескерту. 23-бап алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |