1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау



бет13/16
Дата10.11.2023
өлшемі50.04 Kb.
#482891
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Өлшем БҚ ету

24-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау
1. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерге бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне беру және оған әкімшілік жүктемені төмендету бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, оның ішінде:
1) мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар берген;
2) ақпараттық жүйелерден алынған;
3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де ашық көздерден, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан алынған мәліметтер негізінде зерделеу, талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша бақылау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәсілі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жою туралы ұсыным (бұдан әрі – ұсыным) жасалады.
Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным бақылау субъектісіне мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – алғаны туралы ұсынымға белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен – тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен – бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша ұсыным ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылықты жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі – ай сайын 25-інен кешіктірілмей, айына бір реттен артық емес.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бармай профилактикалық бақылауды тіркеудің арнайы журналында есепке алынуға жатады, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.
3. Осы Заңның 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерге мемлекеттік метрологиялық бақылау:
1) мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген метрологиялық талаптардың іс жүзінде орындалуын айқындау үшін;
2) иеліктен шығарылатын өнімнің массасын, көлемін, шығысын немесе санын сипаттайтын басқа да шамаларды айқындаудың дұрыстығын тексеру мақсатында;
3) қаптамадағы өнім санының қаптамада белгіленген шамаға сәйкестігін тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


25-бап. Өлшем құралдарының шығарылуын, пайдалануға берілуін, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық бақылау
Ескерту. 25-бап алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет