1. Басқару құрылымы бұл өзара тұрақты қарым-қатынаста болатын және қызмет етумен қамтамасыз ететін өзара байланысқан элементтердің жиынтығы


Қоғам күрделі жүйе болып табылатындықтан басқарудың негізгі қағидасы ретінде жүйелілік қағидасын атауға



бет3/14
Дата01.07.2016
өлшемі0.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қоғам күрделі жүйе болып табылатындықтан басқарудың негізгі қағидасы ретінде жүйелілік қағидасын атауға болады. Қоршаған ортамен өзара әрекетінің сипатына қарай жүйелер жабық және ашық болады. Сол сияқты қоғам да жабық және ашық болуы мүмкін. Жабық қоғамда баскару объектісі мен субъектісі арасында кері байланыс үлкен мәнге ие болмайды. Мақсатқа жету үшін мұндай жүйенің дамуын басқару директивті басқару қағидасына сүйенеді. Мұның айқын мысалы кеңестік жоспарлы жүйе. Оның салдарының қандай болғаны белгілі. Нәтижесінде кеңестік диpeктивтi-жocпapлы экономика мейлінше тиімсіз болып шықты. Екінші түрі - ашык қоғам, дамудың қатаң белгіленген варианты тэн емес жэне мақсатқа жету қағидасы ретінде терминалдық басқару, яғни «қозғалысты» дамуды еркін бағдарламалау.

Қоғамның ашықтық деңгейі жоғары болған сайын, онда де­мократия орын алып, басқару объектісі мен субъектісі арасындағы кері байланыс қағидасы жоғары мәнге ие болады. Басқару субъектісі объектінің реакциясын дәл және уақытында білуі тиіс, өйткені ол соған сәйкес оперативті түрде басқарушылык шешімдерді қабылдайды. Кері байланыс мемлекетгік басқару аппаратының қызметкерлеріне қатысты бақылау функциясын орындайды деуге болады. ,Бүл қағидамен ақпараттык жеткіліктілік қағидасы тығыз байланысты. Қоғамда коммуникациялық процестердің пәрменділігі мен ақпаратгық ағымдардың көлемі барған сайын өсуде және соған орай жүйе элементтерінің (объект, субъект) байланысы күшейе түсуде. Бұл қағиданы дұрыс қолдану ақпаратты алушылар деңгейі жоғарылаған сайын оны ретке келтіруі тиіс. Яғни басқарудың қай деңгейі үшін қандай ақпарат қажет екендігін анықтап, ретке келтіру керек. Ондай болмаған жағдайда жоғары басқарушылық деңгейде артық ақпарат «жиналып» қалуы мүмкін.

Онтайлылык қағидасы (аз шығынмен жоғары нәтижеге қол жеткізу) шығындар белгілі бір шектен шықпайтындай жеткілікті болуын блдіреді. Олай болмаса еңбек жағдайы төмендеп, заңдалық бұзылуы мүмкін. Сондықтан басқару оңтайлы болу үшін келесі шарттар орындалуы керек: басқарылатын объектіге функционалдық жағынан сәйкес келетін басқару оргагының болуы; басқару объектісінің жай-күйін шынайы бейнелейтін объективті ақпарат негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау; қойылған міндеттерді шешу үшін ресурстардың мүмкіндігінше жеткілікті болуы; жолға қойылған жақсы кері байланыс механизімінің болуы.

Мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруда демократизм қағидасына ерекше мән беріледі. Бұл қағиданың орнығуы халықтың биліктің бірден-бір бастауы және егеменді иесі өзі болып табылатындығын мойындату үшін және адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін күресінің нәтижесінде мүмкін болды. Демократия-мемлекеттік баскаруда халыктың билігін білдіреді. Бұл қоғам мен мемлекет және олардың құрамдас бөліктері арасында терең қарым-қатынас орнатуды талап ететін күрделі де көпқырлы қағида. Демократизм қағидасы басқарылатындардың (әлеуметтік топтардың, ұжымдардың, жеке тұлғалардың) мемлекетті және қоғамды басқаруға тікелей немесе сайланбалы органдар арқылы қатысу құкығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал мемлекет болса халықтың басқарушылық функциясын атқаруға тиісті ұйымдастырушылық, саяси және ма-териалдық-техникалық жағдай туғызады. Басқарылатындардың жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге және мемлекеттік шешімдерді бекітуге қатысуы тек қағаз, сөз жүзінде ғана емес, нақты болуы үшін, біріншіден, олардың тиісті ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндігінің болуы; екіншіден, талқыланатын мәселелерге қатысты өз ойларын еркін білдіру мүмкіндігінің болуы; үшіншіден, қоғамның келісімі бойынша бекітілген ережелер шеңберінде билік пен басқару функциясының орындалуын қамтамасыз ететін жүйенің барлық деңгейіндегі басқарушылардың қызметіне бақылау орнату құралдарының болуы шарт; төртіншіден, басқарылатындар азаматтық билік функциясын атқару барысында мәжбүрлеудің кез келген нысанынан мемлекетпен қорғалуы тиіс.Сонымен бірге бұл қағида басқарушылардың шешім қабылдау" барысында көпшілік мүддесін ескеруін көздейді, халықтың қолдауына сүйенуді жә­не қабылданған шешімдер үшін жауапты болуды талап етеді. Басқарушы субъектінің қызметі қоғам үшін ашық, айқын болуын ұйғарады, өйткені көпшіліктің бәрін білуге құқығы бар.

Аталған қағида мемлекеттік баскаруды толықтыру және қоғамдық процестерді реттеуді одан әрі өрбіту нысаны ретінде қоғамдық өзін-өзі басқаруды дамытуды ұйғарады. Демократиялық мемлекет қоғамдық өмірдің барлық элементтері мен үрдістерін басқаруды және оларды тікелей өзінің бакылауына алуды мақсат тұтпайды. Өйткені қоғамдық өмір азаматтық қоғам шеңберінде әрекет етеді, оның институттарының функциясы болып табылады.

Демократизм қағидасы мемлекетгік басқарудың жариялылық қағидасымен үндеседі. Жариялылық демократияның, қоғамның саяси өмірінің ажырамас элементі болып табылады. Ол басқарушы субъектінің келесідей қызмет түрлерін қамтиды: басқарылатындарды қазіргі тандағы экономиканың, әлеуметтік сфераның, қоғамдық қатынастардьщ жағдайы, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясаты туралы жан-жакты хабардар ету; барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар қызметін сипаттайтын ресми құжаттарды, аналитикалық есептерді, статистикалық мәліметтерді, социологиялық зерттеулер нәтижесін және басқа да материалдарды үнемі баспасөз бетінде жариялау; ұлттық және аймактық деңгейдегі мақсатты бағдарламалардың жобасын, белгіленген саяси бағыттарды, сонымен қатар оларды жүзеге асыру жолдары мен әдістерін ашық талдау; басқарушы органдардың қызметіне ашық халықтарапынан бақылау жасау, бағдарламалар мен жоспарлардыц нәтижесін және салдарларын талдау мен бағалауға қоғам мүшелерін кеңінен тарту

Плюрализм қазіргі саяси режимдерге тән сипат. Плюрализм түсінігі мемлекеттік өмірге мүдделері, ой-пікірлері, ұстанымдары үнемі әрқилы, салыстырмалы, бәсекелес болатын әр түрлі өзара байланысты, сонымен қатар тәуелсіз әлеуметтік және саяси топтардың, партиялардың, ұйымдардың араласуын мойындауды білдіреді. Ол демократия элементі ретінде кез келген нысандағы монополияның болмауын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік басқару теориясында плюрализм түсінігін онтологиялық және гносеологиялық-методологиялық аспектілерде қарастыруға болады. Онтологиялық аспект мемлекеттік басқару жүйесінде алуан түрлі және қарама-қарсы элементтердің, идеялар мен ұстанымдардың, мүдделер тобының көрініс беруі мен әрекет етуі. Ол методологиялық категория ретінде басқару жүйесін әр алуан билік пен басқару буындары шоғырланған, әр түрлі деңгейдегі басқару субъектілерінің үйлесімділік қағидасы негізінде тәуелсіз әрекет етуі ретінде қарастыратын көзқарасты сипаттайды. Бұл басқару мақсаттарын қалыптастыру, баламалы жобаларды тандау және шешім қабылдау, оларды жүзеге асыру құралдары мен әдістерін анықтау барысында басқарушылардың еркін пікірталасын негіздейтін ұстаным. Плюрализм-бірыңғай жүйе шеңберінде әр түрлі және баламалы құлщылықтардың, бас-қарушылар мен басқарылатындардың мінез-құлық үлгілерінің бәсекесін және жүзеге асуын ұйғаратын басқарушшлық мәдениет құрамындағы дүниетанымдық идея.

Сонымен бірге зандылық және қоғамның мойындауы, яғни мемлекеттік органдар құрылымының, олардың қызмет ету ережелерінің, нысандары мен әдістерінің және басқарылатындардың мінез-құлықтарының занды (легитимді) болуы да мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларына жатады. Заңдылық қағидасы заңдарды сақтау және орындау талабының жалпы міндеттілігін білдіреді. Мемлекеттік билік органдары және лауазымды тұлғалар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, азаматтар және олардың бірлестіктері Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға міндетті. Мемлекеттік басқаруға қатысты бұл қағида заңның үстемдігін және Конституцияда бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуін, басқарушылық функциялардың зандар және заң актілері негізінде жүзеге асуын көздейді. Жүйенің құқықтық қамтамасыз етілуі және қоғамның қолдауына ие болуы - оның өміршеңдігіне, әрекеттілігіне кепілдік беретін негізгі фактор.

Мемлекеттік басқарудың объективтілік қағидасы бастапқы болып табылады және барлық басқарушылық процестерде объективті зандалықтарды, қоғамдық күштердің нақты мүмкіндіктерін ескеруді көздейді. Яғни қойылған мақсаттар мен оларға жету мүмкіндіктерінің шамалас болуы. Бұл қағида мемлекеттік басқару жүйесінің: а) қоғамның ең алдымен, басқарылатын объектілердің сипатына, даму деңгейіне және заңдылықтарына, ә)белгілі тарихи уақыт аралығындағы қойылатын және қол жеткізілетін қоғамдық мақсаттарға, б) басқару барысында қолданылатын құралдар мен қорларға, в) жүйелі қоғамдық құбылыс ретіндегі басқарудың қызмет ету мен даму заңдылықтарына байланыстылығын білдіреді.

Объективтілік қағидасы сонымен қатар мақсаттарды жүзеге асырумен, объективтік жағдайлармен және қоғамның субъективті факторымен байланысты болатын мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру, оның қызмет ету және даму зандылықтарының, қатынастарының өзара байланыстарының кең ауқымын бейнелейді. Әдетте табиғи және қоғамдық зандылықтардан субъективтік, волюнтаристік ауытқулар нәтижесінде бұл қағиданың басшылыққа алынбауы қоғам өмірін көптеген шығындарға алып келеді, оның күш-қуатын негізделмеген немесе теріс бағытқа бағыттайды, дамуына кедергі жасайды, мемлекеттік-басқарушылық ықпалдарды адамдардың оң қабылдай алмауын тудырады.

Аталған мемлекеттік басқару қағидаларын сипаттау күрделі интеллектуалдық мәселе болып табылады. Ал оларды тиімді қолдану теория жүзіндегі зандылықтарды мемлекеттік билік органдарының қызметтерінде нақты іске асыруына байланысты. Оның келесідей алғы шарттары бар: біріншіден, мемлекеттік басқару заңдылықтарын субъектіге қойылатын талаптарды, қоғамдық өзгерістерді ескере отырып, тұрақты әрі түбегейлі зерттеу; екіншіден, мемлекеттік басқару қағидаларын колдану механизмін үнемі жетілдіріп, теория мен практиканы сәйкестендіру; үшіншіден, мемлекеттік басқару қағидаларын қолдануды қамтамасыз ететін ынталандыру, кепілдік беру жүйесін Калыптастыру, яғни нормативтік жағынан қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқару қағидаларын тиімді қолдану үшін әрбір қағиданы жеке қолдану мәселесін, жекелеген қағидаларды ерекше қолдану шартын, тұастай қағидалар жүйесін жалпылай ортақ қолдану шартын айқындау қажет. Қағидалардың тиімділігі ең алдымен объекті мен субъекті арасындағы тәуелділікке байланысты. Мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдары қағидалар жүйесінің талаптарына қаншалықты сай болса, мемлекеттік басқару нәтижелері де соншалықты әлеуметтік жағынан тиімді болады. Сондықтан мемлекеттік басқару қағидасын тиімді қолданудың басты шарты мемлекеттік басқару жүйелілігіне, ол арқылы қоғмдық өмірдің кешенділігіне және ұйымдастыру ісіне байланысты.

Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру тесттер



1. Саяси лауазымдарға төмендегілердің қайсысы жатады?

А. жауаптардың барлығы дұрыс;

B. ҚР Президент тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер,

олардың орынбасарлары;

C. ҚР Парламентінің палаталары және олардың төрағалары тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынба­сарлары;

D. Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік қызметшілер;

E. ҚР Жоғарғы Сотының қызметшілері, олардың орынбасарлары, орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар.

2. Басқару ақпараттарының негізгі көздері.

A. халықаралық ұйымдардың мәліметтері, заңдар, мемлекеттік органдардың жарлықтары мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің баяндамалары;

B. заң актілерінің нормалары, азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын орындау оісөнінде мемлекеттік органдар алдында мәселе қоюы,жоғары мемлекеттік органдардың нұсцаулары, бақылау барысында анықталатын фактілер, қарым-қатынастар; күрделі мәселелер, қарама- қайшылықтар, төтенше жағдайлар;

C. статистикалық жылнамалар, халық санағының мәліметтері, coт шешімдері;

D. заң актілерінің нормалары, күрделі мәселелер, фактілер, қарым-қатынастар, әр түрлі отырыстардың хаттамалары;

E. бухгалтерлік, қаржылық актілер, қызметкерлер хабарламасы.

3. Мемлекеттік басқару субъектілері қандай белгілер бойынша бөлінеді?

A. барлық жауаптары дұрыс;

B. мемлекеттік билік түрі бойынша;

C. билік пен басқаруды ұйымдастыру денгейіне қарай;

D. қызмет саласына қарай, қүрамына қарай;

E. басқару субъектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, құралына қарай.

4.Мемлекеттік билікке қатысты және басқару функциясын жүзеге асыру сипатына қарай мемлекеттік басқару субъектісі қалай бөлінеді?

A. лауазымды қызмет субъектісі;

B. азаматтық құқықтық қатынас субъектісі, авторлық құқық субъектісі;

C. әкімшілік-құқықтық қатынастар субъектісі, саясат субъектісі;

D. саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі; лауазымды қызмет субъектісі;

E. авторлық құқық субъектісі, әкімшілік-құқықтық қатынастар субъектісі.



5. Мемлекеттік басқару мақсаттарына қойылатын талаптар.

A. барлық жауаптары дұрыс;

B. объективті негізделген болуы;

C. әлеуметтік сипатта болуы;

D. қажетті қорлармен қамтамасыз етілген болуы;

E. жүйелі түрде ұйымдастырылған болуы.


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007

2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007

3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2008.



Дәріс №3.Мемлекеттік басқару үрдісінде мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесуі

  1. Мемлекеттік басқарудың негізгі әдістері

  2. Мемлекет функциялары жөніндегі ұғым және олардың жіктелуі

1 Мемлекеттік басқарудың негізгі әдістері



Басқару теориясының және оның методологиялық негізінің кешенді сипаты саяси-әлеуметтік және саяси-құқықтық өмірді зерттеудің объективтік және субъективтік, әлеуметтік, социологиялық және жалпы ғылыми, теориялық, эмпирикалық әдістердің жиынтығын айқындайды.

Объективті және субъективті саяси-әлеуметтік өмірдің көрінісі ретіндегі мемлекеттік басқарудың екі ұдайылық болмысы оны зерттеу барысында объективті және субъективті әдістерді қолдану қажеттілігін тудырады. Объективті әдіс зерттелуші объектіні — мемлекет пен оның қызметін қандай да бір көзқарас тұрғысынан бағалауды қажетсінбейтін, тарихи қажетті процесс ретінде сырттай бақылап, өзгеріссіз қабылдауды білдіреді. Ол зерттеуші субъектінің ой-пікіріне сүйенбей басқарушылық қызметтің объективті нәтижесін талдау арқылы мемлекеттік басқару жүйесін түсіндіру әдісі. Субъективті әдіс объектіні адамдардың өздері ұйымдастырған саяси-әлеуметтік, экономикалық және басқа да өмірлері ретінде қарастыруды ұйғарады. Егер объективті әдіс танып-білуші субъектіге тәуелсіз болатын объектіден туындаса, ал субъективті әдісте объект емес, керісінше, қоғамның қандай да бір мүшелерінің ол туралы түсініктері, зерттеушінің көзқарасы талдау көзі болып табылады. Субъективтік әдіс субъектінің ой-пікірі, ұстанымы, мүдделері арқылы саяси-әлеуметтік ақиқатты сипттауға және түсіндіруге мүмкіндік береді. Объективтік әдістердің ішінде нақты өмірдегі құбылыстар мен процестерді бақылау, салыстыру, қорытындылау басқарушылық қызмет пен қатынастардың сипаттама моделін әзірлеу әдісін атап өткен жөн.

Субъективті әдістерге мемлекеттік институттардың басқарушылық қызметеріне қатысты қоғамдық пікірді зерделеудің әр түрлі социологиялық әдістерін, басқарушылық эксперимент әдістерін, басқару образын қалыптастыратын нормативтік басқарушылық модельдерді әзірлеу тәсілдерінің жиынтығын жатқызуға болады.

Ғылыми-тәжірибелік эксперимент басқарушылық процестерді зерделеу мен түсіндірудің объективті және субъективті әдістері бірлігінің көрінісі болып табылады. Бұл кейбір басқарылатын және бақылауға алынатын факторлардың ықпалынан туындаған мемлекеттік басқару субъектілері мен объектілерінің қызметтері мен әрекеттеріндегі өзгерістер туралы ақпараттар алу тәсілі. Эксперимент - нақты ғылыми тұжырымдамалар мен теориялық ұсыныстардың негізделуі мен тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру әдісі. Мемлекеттік басқару практикасында бұл тиімді шешімдер қабылдау үшін қажетті эмпирикалық деректердің маңызды көзі болып табылады.

Мемлекеттік басқару мақсаттары мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әдістерді мазмұны және адамдардың мінез-құлықтары мен мүдделеріне әсер ету аспектісіне қарай моральдық-этикалық, әлеуметтік-саяси, экономикалық және әкімшілік деп бөлеміз.

Мемлекеттік басқару адамдардың әлеуметтік қызметін және соның негізінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды білдіреді. Ол әлеуметтік ортада жүзеге асатындықтан оған қоғамның әлеуметтік құрылымының тигізетін ықпалы зор. Сондықтан мемлекеттік басқаруды ғылыми танып-білуде әлеуметтік әдістер қолданылады.Себебі саяси-әлеуметтік талдау мемлекеттік органдардың атқаратын нақты міндеттерін айқындайтын басқару стратегиясын әзірлеумен және әлеуметтік қажеттіліктерді, мүдделерді, құндылықтарды анықтаумен байланысты болатын көптеген теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Саяси-әлеуметтік әдістер адамдардың еңбек, тұрмыс жағдайларымен, оларға әлеуметтік қызмет көрсету, қоғамдық және саяси белсенділіктерін дамытумен, билік процестеріне қатысуымен байланысты.

Бұл әдістер адамдардың саяси-әлеуметтік мүдделеріне, олардың қоғамдағы мәртебесіне, өзін-өзі еркін көрсету мүмкіндігіне әсер етеді. Мемлекеттегі демократизмнің дамуы көрсетілген әдістер рөлінің объективті түрде артуына әкеледі.

Әлеуметтік әдістер басқару жүйесі мен қоғамның өзара іс-әрекетіндегі кері байланысты оқып-үйренудің негізгі құралы бола отырып, көбінесе мемлекеттік институттардың қандай да бір шешімдеріне деген халықтың жеке әлеуметтік топтарының көзқарастарында көрініс табады. Әлеуметтік, оның ішінде эмпирикалық әдістердің көмегімен экономикалық, құықтық жүйенің, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік тиімділігі анықталады. Сонымен қатар бұл әдістер мемлекеттік басқару аясындағы жеке адамдардың тәртібін, іс-әрекеттерін және саяси бағдарын талдауға мүмкіндік береді.

Моральдық-этикалық әдістер адамдардың абыройы мен қадір-қасиетіне, ар-ұятына бағытталған. Оларға тәрбие жұмыстары, басқарудың мақсаттары мен мазмұнын түсіндіру жұмыстары, моральдық ынталандыру құралдары мен жаза "қолдану, адам мінезінің психологиялық ерекшеліктерін ескеру тәсілдері жатады.

Олардың мәні басқару және оны жүзеге асыру үшін қажет әрекеттерге қатысты белгілі бір сенімділікті, рухани құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді, психологиялық ұстанымдарды қалыптастыру мен қолдау

Экономикалық әдістер адамдар өміріндегі және соған сәйкес басқарушылық процестердегі экономикалық мүдделердің рөліне негізделген. Жеке меншікті дамыту, еркін кәсіпкерлікті қолдау, материалдық ынталандыруларды, еңбекақы деңгейін арттыруды және басқа да экономикалық тетіктерді қолдану арқылы мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдары мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функцияларын жүзеге асырады.

Мемлекеттік-басқарушылық қызметте әкімшілік әдістер ерекше орын алады. Бұл әдістер мемлекеттің басқарушылық құрылымдары адамдардың тәртібін, қызметін тікелей және міндетті түрде анықтайтын амалдарынан, тәсілдерінен, әрекеттерінен тұрады. Олардың белгілері: а) мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның орындаушының міндеттерін тәртіп нормаларын белгілеу және оған нақты бұйрық беру арқылы тікелей әсер етуі; ә) алдыға қойылған міндеттердің, іс-әрекеттерді шешудің бір жақты тәілін таңдау, орындалуға міндетті жағдайларды шешудің бір жақты жолын таңдау; б)өкімдер мен нұсқаулардың міндетті түрде орындалуы, орындалмаған жағдайда әр түрлі заңдық жауапкершлікке әкелу мүмкіндігі.

Кейде әкімшілік әдістер әкімшілдік түсінігімен байланыстырылады, бірақ олар әр түрлі ұғымды білдіреді. Әкімшілдік саяси режимді сипаттайды, басқарушылық процестерде күшпен бағындыру, ырықсыз көндіру, бұйрық беру секілді құралдарды қолданудан тұратын мемлекеттік басқару стилін анықтайды. Әкімшілік жүргізуде кез келген әдістерді әсіресе, экономикалық және әкімшілік әдістерді қолдануга болады. Әкімшілік әдіс­тердің қолданылуы табиғат, қоғам, адам мүддесі түрғысынан көптеген қауіпті технологияларды және қызмет түрлерін реттеу қажеттілігінен туындаған. Бірақ оларды қолдану да апатты жағдайлардың және төтенше оқиғалардың үнемі алдын алуға мүмкіндік бере бермейді.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»
umkd -> «Ақпараттық технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umkd -> 5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> «шетел тарихнамасының жаңа бағыттары»
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орындарында тарихты оқыту әдістемесі»
umkd -> Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет