1 Біріккен кәсіпорынның мәні


Қаржы инвестициясының есебі



бет4/6
Дата29.02.2016
өлшемі1.47 Mb.
#32880
1   2   3   4   5   6

2.2. Қаржы инвестициясының есебі


Біріккен кәсіпорындарда инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды.

Біріккен кәсіпорындарда инвестицияның нарықтық және қаржылық деп аталатын екі түрін бірімен-бірі бәсекелесуші емес, керісінше оларды бірін-бірі толықтыратындар деп түсінген дұрыс. Бұған, яғни бұл айтқанымызды нақтылай түсу үшін мынадай мысалды қарастырайық.

Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді. Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа біреулерге сату мүмкін. Сөйтіп, бұл мысалда кәсіпкердің құрлысқа салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады. Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни оларды халықаралық стандарқа сай етіп сыртқы рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.

Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік категорияларға жіктеледі:

Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың инвестицияларының есебі №13-Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес “Инвестициялар ”- деп аталатын бөлімшесінің 141-“Еншілес серіктестіктердегі инвестициялар”, 142-“Тәуелді серіктестердегі инвестициялар”, 143-“Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардағы инвестициялар” шоттарында жүргізіледі.

Инвестициялар №14-“Инвестициялар” – деп аталатын бас шотының тиісті бөлімше шоттарының дебетіне, сатып алынған кезіндегі сатылып алу құнының тиісті қаржылар есептелінген немесе инвестиция есебінен берілген активтер бойынша есептелінген шоттардың кредитінде көрсетіледі, яғни бұл жағдайда 141, 142, 143, 144-шоттарының тиістісі дебеттелініп, 20, 12, 43, 45–бас шоттарының тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді.

Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың таза активіндегі инвестордың үлесін қайта бағалаудан өзгеруіне байланысты инвестицияның өсуі 143, 144 – шотының тиістісінде дебеттелініп, 542 – шотта кредиттелінеді. Инвестордың субъектілердің тапқан табысынан алатын үлесінің өсуіне байланысты инвестицияның өсуі 143,144 – шоттарының дебетіне, 871 – шоты кредитіне жазылады. Егер де біріккен кәсіпорынның таза активтерінің азаюына байланысты инвестрдың үлесі азаятын болса, бухгалтерлік есепте Д-т 871 К-т 143, 144 жазуы жазылады. Инвестрдың алған немесе алуға тиісті дивидентінің сомасына 32,43,44 және 45 бас шоттарының тиісті шоттары дебеттелініп, 143,144 – шоттарының тиістісі кредиттелінеді.

Инвестиция сатылғанда немесе басқа да жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның алдағы уақыттардағы құны 143,144 – шоттарының тиітісінде кредиттелініп, 843 дебетіне жазылады. Ал сатқаннан түскен табыс 32,43,44,45 – бас шоттарының тиістісінде дебеттелініп, 708 кредиттелінеді. Егер кәсіпорын акцияны ұзақ мерзімге өзінің нақтылы құнынан жоғары бағамен сатып алса, онда өзіне тиісті табысты әр уақытта есептегенде акцияның нақтылы құны мен сатып алған құнының айырмасына акцияның баланстағы құнын азайтып отырады, бұл жағдайда Д-т 334, К-т 143,144 жазуы жазылады. Сонымен қатар Д-т 334 К-т 708 болады. Егер субъект өзінің нақтылы құнынан төмен бағамен сатып алса, онда ол өзіне тиісті табысты әр бір есептеген сайын акцияның сатылып алынған құнымен нақтылы құнның арасындағы айырмасының тиісті бөлігі акцияның баланстағы құнына қосылып отырады.

Жоғарыдағы екі жағдайда да субъектінің акциядан алынатын табыстарын есептеген уақытында акцияның сатылып алынған құнына қосылатын немесе одан кемітілетін акцияның сатылып алынған құнымен нақтылы құнының арасындағы айырмашылық табыс әкелінетін мерзімге қарай анықталады. Құнды қағаздардың өтелетін мерзімінде олардың 141 – шотындағы құны нақтылы құнға сәйкес келуі керек. Акцияларды сатқаннан алынатын табыс 303, 334, 431, 432, 441, 451, 452 және т.б. шоттарында дебиттелініп 723-шоты кредиттелінеді.


    1. Меншікті капитал, табыстар мен шығыстар есебі

Меншікті капитал есебі

Жалпы біріккен кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы, яғни қолданыстағы капиталды және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі. Кәсіпорының мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Біріккен кәсіпорынның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резервтік капитал, бөлінбеген пайда. Біріккен кәсіпорындардың өздерінің меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланылады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, аванстар және кредиторлық борыштар жатқызылады.

Жарғылық қор меншік иесі кәсіпроынның жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестицияланған қаржыларының сомасы болып саналады.

Жарғылық қорының мөлшерікәсіпорының жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, өкіметтің атқарушы органдарында тіркеледі. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

Жарғылық капиталдың жалпы мөлшері, шығарылған түрлері бойынша акциялардың сандары, бір акцияның номиналдық құны, біріккен кәсіпорындардың жалпы жиналысында бекітіледі. Жарғы тиісті мемлекеттік органдарда тіркеуден өткізіледі. Кәсіпорынның акцияны сатып алатын мүшесіне ол акцияларды кәсіпорынға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауға құқығы бар.

Біріккен кәсіпорындардағы жарғылық капиталдың есебі: 501-“Жай акциялар”, 502-“Артықшылығы бар акциялар”, 503-“Қосқан үлестер мен жарналар ”, -деп аталатын 50-“ Жарғылық қор” бас шотының бөлімше шотында есептелінеді.

Акционерлердің акцияға жазылған сомасына жарғылық қорды құрғанда, содай-ақ қосымша эмиссия жасау арқылы жарғылық қор мөлшерін өсіргенде немесе акциялардың номиналдық құнын өсіргенде жарғылық қордың өскен сомасына 511-шот дебидтелініп, 501, 502-шоттары кредиттелінеді.

Егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін ақшалай түрде салатын болса: 431, 432, 441, 451, 452- шоттардың тиістілері дебидтелініп, 511-шот кредиттелінеді.

Ал егер үлес қосушылар мен акционерлер қоғамға өз үлесін материалды емес актив, негізгі құрал, материалдық құндылықтар және т.б. салатын болса: 10, 12, 20 және т.б. бас шоттардың тиісті бөлімше шоттары дебидтелініп 511-шот кредиттелінеді.

Сондай-ақ, кәсіпорындардың қоғамдық жарғылық қорға қосқан үлестері мен жарналарының сомасына 10, 12, 20, 43, 44, 45-бас шоттардың тиісті бөлімше шоттары дебидтелініп, 503-шоты кредиттелінеді.

521-шот акционерлік қоғамның сатып алынған акцияларының есебін жүргізу үшін арналған. Бұл жағдайда, яғни субъект акционерлерден өз акцияларын сатып алған уақытында бухгалтерлік есепте 521-шот дебиттелініп, №4 “Ақша қаражаттары” бөлімі шоттары және басқа да шоттардың тиістілері кредиттелінеді.

Егер акционерлік қоғам өз акцияларын айналымнан алып тастаған уақытта 501 немесе 502-шоттарының тиістісі айналымнан алынған акцияның құнына дебиттелініп, 521-шот кредиттелінеді.

Осы айтылғандар мен қатар біріккен кәсіпорындарында 53-бас шоттың бөлімше шоттарында қоғамның өз акцияларын номиналдық бағасынан жоғары бағамен сату барысында пайда болған сомалары, ал 54-бас шотының бөлімше шотына ақшаның құнсыздануына және т.б. жағдайларға байланысты кәсіпорынның “негізгі құралдарын”, инвестицияларын, сонда-ақ басқа да активтерін қайта бағалау нәтижесінде пайда болған капиталдың осы сомалары есептелінеді. Жоғарыда айтылып өткендей қоғам өз акцияларын номиналдық бағасынан жоғары бағамен сатқан уақытында ақша қаражаттарының келіп түсуіне қарай №4 бөлімі шоттарының тиістілері дебиттелініп, 531-шоты кредиттелінеді. Бұл шоттың кредитіне 521-шоттың дебитіне акционерлерден акциларды олардың номиналдық бағасынан төмен бағамен сатып алудан пайда болған айырма сома жазылады. Кәсіпорынның негізгі құралдарын, инвестицияларын және басқа да активтерін қайта бағалағаннан алынатын сомаларға тиісті шоттарға дебеттелініп, 541, 542 және 543-шттарының тиістілері кредиттелінеді.

Сонымен қатар 541-шоттың кредитіне, 131-134-шоттарының дебитіне бұрынғы негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде өскен тозу сомасы шегінде кейінгі негізгі құралдарды қайта бағалау кезіндегі кеміген тозу сомасы жазылады.

541-шотының дебетіне жазылатындар:


  • 131-134-шоттардың кредитінен негізгі құралдарды қайта бағалау кезінде өскен тозу сомасы;

  • 561-шотының кредитінен негізгі құралдардың пайдалануына қарай оларды қосымша бағаланған сомалары және есептеп шығарылған негізгі қорлардың пайдаланылған мерзімі ішінде бөлінбеген табысқа апарылмай қалған қосымша бағасының сомасы;

  • 121-125-шоттарының кредитінен негізгі құралдардың бұрынғы қайта бағалау кезіндегі анықталған қосымша құны шегінде келесі қайта бағалау кезіндегі оның құнының азаю сомасы;

  • 542-шотының дебитіне;

  • 401-403-шоттаорының тиістілерінің кредитінен қаржылық инвестицияларды бұрынғы қосымша бағалағанда алынған сомасы шегінде инвестициялардың кейінгі кездегі құнының төмендеу сомасы;

  • 561 немесе 723-шоттардың тиістілерін кредитінен қабылданған есеп саясатына қарай есептен шығарылған ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бұрынғы қосымша бағаланған сомасы.

Акционерлік қоғамдар мен басқа да біріккен кәсіпорындар өздерінің таза пайдасы есебінен жоғарыда айтылғандай резертік капитал құрады. Бұл резервтік капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді, бірақ-та ол субъектінің жарғылық капиталының 10% кем болмауы тиіс. Ақшаның құнсыздануына, өндірістік өркендеуіне, сондай-ақ басқа да жағдайларға байланыст біріккен кәсіпорынның жарғылық капиталы көбейген уақыттарда резервтік капиталда соған сәйкес артп отыруға тиіс. Резервтік капиталдағы жинақталған сома алдын ала болжалмаған, төтенше жағдайлардан болатын шығындарды жабу үшін жұмсалынады. Жалпы резервтік капиталдағы жинақталатын сомаларды жасау тәртібі акционерлік қоғамның жарғысында бекітіледі. Резертік капиталдың жасалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында көрсетілген мөлшерге тән етіп қайта қалыптастыруды қажет етеді. Біріккен кәсіпорындарда резервтік капиталдың есебі 55-бас шотының:551, 552-бөлімше шоттарында есептелінеді.

Резервтік капитал субъектінің таза пайдасы есебінен қалыптасқан уақытта бухгалтерлік есепте: 561-шот дебиттелініп 551 немесе 552-шоттар кредиттелінеді. Ал біріккен кәсіпорынның резервтік капиталындағы жинақталған сомасы жұмсалынғанда бухгалтерлік есепте: 551 немесе 552-шоттарының тиістілері дебиттелініп, 561, 562, 566 немесе т.б. шоттарының тиістілері кредиттелінеді. Акционерлік қоғамда немесе басқадай субъектілер өздерінің тапқан таза пайдасының есебіне әртүрлі бағыттырға байланысты қорлар құруына болады. Бұндай бағытта құрылған қор сомаларын керекті уақытында босағаннан кейін қайта қалыптастыру кәсіпорын үшін міндетті болып саналынбайды. Ол аталған қорлардың есебін 552-шотта жүргізіледі.

Біріккен кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелінетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың “Бөлінбеген пайдасы” болып табылады. Біріккен кәсіпорында “Бөлінбеген табыстың” есебі 56-бас шоттың:

561 және 562-бөлімше шоттарында жүргізіледі. Бөлінбеген пайда көбейгенде 561-шоты кредиттелінеді. Ал, керісінше, бөлінбеген пайданың жұмсалуы немесе осы жылғы шеккен зиян 561-шотының дебетіне жазылады.



Мысалы: 561-шотының дебитіне:

  • 571-ші қорытынды табыс шотының кредитінен есеп беретін жылғы біріккен кәсіпорынның шеккен қорытынды зиянының сомасы;

  • 551 және 552-шоттарының тиістілерінің кредитіне біріккен кәсіпорынының жасаған резервке тиісті қордың сомасы;

  • 662, 622 немесе 687-шоттарының тиістілерінің кредитінен акционерлерге төленетін немесе төлеген дивидендтер сомасы жазылады.

Акционерлерге дивидендтерді төлегеннен есеп беретін жылдың бөлінбеген табысының сомасы 561-шотының дебитінен 522-шотының кредитіне апарылады.

Жалпы акционерлік қоғамның немесе субъектінің құрылғаннан бастап жұмсалған таза пайдасы оның капиталы болып саналады. Кез-келген біріккен кәсіпорын меншікті капиталының жалпы сомасы яғни барлық активтері сомаларының қосындысынан міндеттемелері сомаларының қосындысын алып тастағандағы қалған сомасы субъектінің немесе акционерлік қоғамның жарғысында көрсетіліп белгіленген жарғылық капиталының сомасынан кем болмауы тиіс. Егер баланс активінің нетто сомасы қоғамның жарғысында белгіленген жарғылық қордан кем болған жағдайда субъекті қызметінің рентабельділігі төмен екендігін көрсетеді. Мұндай жағдайда біріккен кәсіпорын жарғылық қорының мөлшері қайта қаралуға тиісті.

Есепті жылдың соңында барлық біріккен кәсіпорындардың бухгалтериясында жетінші “табыстар” және сегізінші “шығыстар” деп аталатын бөлім шоттары 571-шотпен жабылуы тиіс, яғни бұл шоттарда қалдық қалмаиды. Жоғарыда аталған жетінші бөлім шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте 701 мен 727 аралығындағы шоттар дебиттелініп, 571-шоты кредиттелінеді. Ал сегізінші бөлім шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте 571-шот дебиттелініп, 801 мен 845 аралығындағы шоттар кредиттелінеді. Осы операциялардың қорытындысы бойынша 571-шотының дебиті мен кредитіндегі сомалар салыстырылып, егер дебитіндегі сома артық болған жағдайда біріккен кәсіпорынның ағымдағы жылы зиян шеккендігі, ал кредиттік сома артық болған жағдайда біріккен кәсіпорынның ағымдағы жылы өзінің істеген жұмысының қорытындысы бойынша пайда тапқандығы болып табылады.

Егер біріккен кәсіпорын зиян шексе жылдың аяғында – 561-шот дебиттелініп, 571-шот кредиттелінеді. Ал егер пайда тапса: 571-шот дебиттелініп, 561-шоты кредиттелінеді.


Табыстар есебі

Біріккен кәсіпорындардың табыстарына: дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар, қызмет көрсетуден алынатын табыстар, дивиденттер, роялтилер және пайыз түрінде алынатын және тағы да басқа алынатын табыстар. Бұл аталған табыстар қатарына біріккен кәсіпорындарға келіп түскен, кіріс етілген және кәсіпорындардың төленген сомалары алдын ала аванс ретінде алынған табыстар, алынған несиелердің және қарыздардың қайтарылу жағдайлары жатқызылмайды. Біріккен кәсіпорындардың негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыстардың қосындысы оның жиынтық табысын құрайды. Ал бұл табыс сатылған өнімнен, көрсетілген қызметтен алынған немесе алынуға тиісті өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны шаруашылық субъектісімен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасындағы келісімшарт бойынша анықталады. Біріккен кәсіпорындардың табыстары табыс сомасы дұдрыс бағаланған жағдайда, субъектінің экономикалық пайдаларды алу ықтималдығы болған жағдайда, кәсіпорын, сатып алушыға меншік құқығын берген жағдайда, мәмле бойынша нақтылы жұмсалған немесе күтіліп отырған шығындар дұрыс бағаланған жағдай шарттары қанағаттандырылған кезде танылады. Ұқсас тауарлар мен қызметтерді айырбастау кезінде мәмле боынша табыс танылмайды. Ұқсас тауарлар мен қызметтерді айырбастау кезінде табыс алынған тауарлар мен қызметтердің өткізу құны бойынша танылады және бағаланады. Егер алынған тауарлар мен қызметтердің өткізу құны дұрыс бағаланбайтын болса, табыс берілген тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің өткізу құны мөлшерінде танылады.

Қаржы есеп беру кезінде біріккен кәсіпорын түсініктеме жазба хатында мыналарды ашып көрсетеді:


  1. табысты тану үшін қабылданған есеп жүргізу саясатын, соның ішінде қызметтер көрсету жөніндегі келісімдердің аяқталу кезеңдерін аяқтау тәсілі

  2. есепті кезең үшін танылған табыстардың әрбір маңызды түрлерінің сомасын, соның ішінде: тауарлар өткізу, қызметтер көрсету, пайыздар, роялти, дивидендтер нәтижесінде туындайтын табыстарды, олардың ішінде тауарлар немесе қызметтер алмасу нәтижесінде туындайтын, табыстардың әрбір маңызды түріне енгізілген табыстар сомасын.

Біріккен кәсіпорындарда табыстардың есебі субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржы шаруашылық қызметі есептерінің бас шоттары жоспарындағы жетінші “табыс” – деп аталатын бөлімнің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімнің шоттары тауарларды және басқа активтерді сатудан, қызмет көрсетуден, т.б. операциялардан алынған табыстарды, сонымен қатар сатылған тауарларды қайтару және тауарларға берілген сату жеңілдіктері мен баға жеңілдіктері туралы ақпараттарды жинақтап қорытындылауға арналған. Жыл соңында бұл бөлімнің шоттары бесінші “меншікті капитал” бөліміндегі 571-“жиынтық табыс (зиян)” шотына апарылып жабылады.

Біріккен кәсіпорындардың негізгі қызметтен алынатын табыстарының есебі 70-“Негізгі қызметтен түскен табыс”-деп аталатын бас шоттың 701-шотында жүргізіледі. Бұл шотта өнім өндіруші біріккен кәсіпорындардың өздері өндірген өнімдерін сатудан, орындаған жұмыстары мен көрсетілген қызметтерінен алынатын табыстары есептелінеді.

Біріккен кәсіпорынның негізгі емес қызметтерді атқаруы, жұмыстарды орындау барысында алған табыстары 72 (негізгі емес қызметтен түскен табыс)- деп аталатын бас шоттың бөлімше шоттарында есептелінеді, кәсіпорынның өз меншігіндегі материалдық емес активтерін сатудан түскен табыстарының есебі 721-шотта кәсіпорынның негізгі құралдарды сатуы, өткізуі, есептен шығаруы барысында алған табыстары есептелінеді. Құнды қағаздарды сатуы барысында біріккен кәсіпорынның тапқан табыстарын есептеу үшін бухгалтерлік есеп бас шоттар кестесіндегі 723-шоты қарастырылған. Кәсіпорынның пайыз және дивиденд түрінде алатын табыстары 724-шотта есептелінеді. 725-шотында валюталар бағамының өзгеруі нәтижесінде оң бағамдық айырмашылықтан алынған біріккен кәсіпорынның табысы есептелінсе, 726-шотта кәсіпорынға жоғарғы өкімет органдарынан қайтарымсыз, тегін келіп түскен заттардың, ақша қаражаттарының және мүліктердің есебі жүргізіледі. Ал біріккен кәсіпорынның осы жоғарыда аталғандардан басқа негізгі емес қызметтері болып саналатын көрсеткен қызметтері мен атқарған жұмыстары нәтижесінде алған табыстары 727-шотта есептелінеді. Кәсіпорынның мұндай табыстарына басқа заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, ақша қаражаттары, айыппұлдар, өсімақылар және т.б. төлемдер жатады.

Кәсіпорын материалдық емес активтерін, негізгі құралдары мен құнды қағаздарын басқаларға сатқанда және негізгі емес қызметінен алатын басқадай табыстарына 30, 32, 43, 44, 45-бас шоттардың тиісті бөлімше шоттары дебиттелініп, қандай мүліктердің сатылғандығына қарай 721, 722 және 723-шоттарының тиістісі кредиттелінеді. Сондай-ақ 542-шотының дебиті мен 723-шоттың кредитінде шығып қалған қаржылық инвестицияларды қайта бағалаудан алынатын табыс сомасы көрсетіледі.

Біріккен кәсіпорынның басқа заңды және жеке тұлғаларға берген қарыздары мен несиелері үшін алынатын пайыз түріндегі табыстарына, сондай-ақ дивиденд түрінде алынатын табыстарына 332-шоты дебиттелініп, 724-шоты кредиттелінеді.

725-шоты кредиті бойынша 30,32, 35, 43, 44, 45, 64, 66 және 67-бас шоттарының тиісті шоттарының дебитімен валюталар бағамының өзгеруі нәтижесінде оң бағамдық айырмашылыққа сәйкес табыстар уақытта корреспонденцияланады.

726 және 727-шоттар кредиттері бойынша 1, 2, 3 және 4-ші бөлімдері шоттардың тиістісінің дебитімен корреспонденцияланады.
Шығыстар есебі

Кәсіпорындардың сатқан өнімдерінің, тауарларының басқа да активтерінің өзіндік құны, сондай-ақ оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы кәсіпорынның шығыстары боып табылады. Біріккен кәсіпорындағы шығыстардың есебі 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86 және 87-бас шоттарының бөлімше шоттарында есептеледі.

Жоғарыда аталған “Сатылған тауарлардың өзіндік құны” бас шотына тиісті 801-шотының дебетімен кәсіпорын таурларды, дайын өнімдерді сатқан кезде 22-бас шотының бөлімше шоттары, ал жұмыстарының орындалуы, қызметтердің көрсетілуі барысында 90, 92-бас шоттарына тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді.

811 және 821 активті шотының дедитіне 6-шы бөлімнің тиісті шоттарының кредитіне кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлеріне есептелген еңбекақы сомасы, сыйақылар сомасы, демалыс уақыттарына есептелген ақылар, бюджетке салық ретінде төленуге тиісті сомалар, бюджеттен тыс мекемелерге төленуге тиісті сомалар, жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі үшін төленуге тиісті сомалар және басқадай төленетін шығындар сомалары жазылады.

Біріккен кәсіпорынның банк немесе банктен тыс мекемелерден алған несиелері үшін есептелетін пайызға 831-шоты дебиттелініп, 684-шоты кредиттелінеді.

Біріккен кәсіпорын өзінің меншігіндегі материалдық емес активтерін, негізгі құралдарын, құнды қағаздарын сатуға немесе басқадай жолмен есептен шығаруға байланысты шығындарды, сондай-ақ ақша құнының өзгеруіне байланысты бағамдық айырмашылықтан болған сомаларға, т.б. 841, 842, 843, 844 және 845-шоттардың тиістілері дебиттелінеді, 10, 11, 12, 13, 14, 30, 32, 35, 40, 43, 44, 45, 64, 66және 67-бас шоттарының тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді.

851-шоты кәсіпорынның таза табысын есептеу уақытындағы бюджетке төленуге тиісті салық сомаларына байланысты шығынды жинақтауға арналған. Бұл шот дебеті бойынша 631 дәне 632-шоттардың кредитімен корреспонденцияланады. 861, 862, 863 және 864-шоттары дебиті бойынша кәсіпорының осы шоттарының аттарына сәйкес жағдайларға байланысты шыққан шығындары мен шеккен зияндарының сомасынан ақша қаражаттары, негізгі құралдар, материалдар және т.б. тиісті активті шоттардың кредитімен корреспонденцияланады. Ал мұндай жағдайларға байланыста алынған табыс сомаларына үшінші немесе төртінші тарауларының тиісті шоттары дебиттелініп, 862-шоты кредиттелінеді.

871-шоттың дебиті және 14-бас шоттың тиісті бөлімше шоттарының кредитінде біріккен кәсіпорынның басқаларға үлестік қатысудан болған жағдайда шеккен зияндарының сомасы көрсетілсе, керісінше, мұндай жағдайлардағы субъектінің тапқан табыстарына 14-бас шотының бөлімше шоттарының тиістісі дебиттелініп 871-шот кредиттелінеді. Жылдың аяғында 8-бөлімнің шоттарында жинақталған шығынның жиыны осы шоттардың кредитінен 571-шотының дебитіне апарылады. Сөйтіп 571-шотында жыл бойы субъектінің тапқан табысы мен шығындары жинақталып, таза табысы анақталады. Осы 571-шотта анықталған таза табыс осы шоттың дебитіне 561-шотының кредитіне жазылады. Егер 571-шотының жылдық қалдығы дебитінде болса, яғни субъект жылды зиянмен аяқтаған болса 571-шот кредиттелініп, 561-шот дебиттелінеді.




    1. Дебиторлық берешектер мен міндеттемелер есебі


Дебиторлық берешектер есебі

Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі Ұлттық комиссияның 1996 жылғы №2 “Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздер туралы”-деп аталатын қаулысына сәйкес “Дебиторлық борыш” иелік ету құқықтарымен қоса заңды құқықтарына байланысты актив болып саналады. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар ұзақ мерзімді активтердегі “Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар” бабына енгізілуі мүмкін.

Біріккен кәсіпорындардың дебиторлық борыштарының есебіне мына төмендегі аталған есептілік тіркелімдер (регистрлер, құжаттар) пайдаланылады (қолданылады) №7 Журнал-ордерлер – 333-шотының кредиті бойынша, №8 Журнал-ордер – 331, 332, 334-шоттарының және 35-бас шотындағы бөлімше шоттарының кредиті бойынша, №8 Журнал-ордерге қосымша ведомость – 35-бас шотындағы бөлімше шоттарының дебиті бойынша, №10 Журнал-ордер – 31-бас шотының бөлімше шоттарының және 34-бас шотының бөлімше шоттарының кредиті бойынша, №11 Журнал-ордер – 30бас шотындағы бөлімше шоттарының және 32-бас шотындағы бөлімше шоттарының кредиті бойынша.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен регистрлерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне аналитикалық есептің карточкаларын, ажырату парақшаларын, бухгалтерлік анықтамаларды және тағы да басқа құжаттарды қолданған дұрыс болып табылады.

Дебиторлық борыштар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарындағы 3-“Дебиторлық борыштар” бөлімінің 30, 31, 32, 33, 34, 35-бас шоттарында есептелінеді.

30-бас шоттың бөлімше шоттары, сатып алушылармен тапсырыс берушілердің кәсіпорындарға деген әртүрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлім 301, 302, 303-шоттары жайлы ақпараттарды ашып көрсетеді. 301-шотта тиеліп жіберілген өнімдер, атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша төленуге тиісті сомасы есептелінеді. 30-“Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы”-деп аталатын бас шотының бөлімше шоттарына қатысты бухгалтерлік есепте сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге, тиеліп жіберілген тауарлар, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу құжаттары ұсынылғанда Д-т301, К-т 701; тиеліп жіберілген тауарлар, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер байланыста ҚҚС-ны есептелгенде Д-т 301 К-т 633; сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағала қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың пайда болуына Д-т 301, 302, 303 К-т721, 722, 723; сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша ҚҚС есептелгенде Д-т 301, 302, 303 К-т 633; шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына Д-т 301, 302, 303 К-т 725; айыппұлдар, өсімақылар есептелгенде Д-т 301, 302, 303 К-т727; сатып алушылардан оларға сатылған өнім, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер келіп түскенде Д-т 431, 432, 441, 451, 452 К-т 301; сатып алынған мен дайын өнімдер әртүрлі себептермен кейін қайтарылған жағдайда Д-т 711 К-т 301, 302, 303; кейін қайтарылған тауарларға жасалған сату және баға шегерімдерінң сомасына Д-т 712, 713 К-т301, 302, 303; қайтарылған тауарлар мен өнімдерге есептелінген ҚҚС сомасы Д-т 301, 302, 303, 321, 322, 323 К-т 633; шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары бойынша пайда болған жағымсыз бағамдық айырмашылық сомасына Д-т 844 К-т301, 302, 303 корреспонденциялар жазылады.

Тауарларды сату мен сатып алу кезіндегі барлық қатынастар, жеткізу келісімдері, консигнация жайлы келісімдер мен сату және сатып алу келісімдері, сондай-ақ келісімшарттармен және т.б. құжаттар құқықтық ресімделуі қажет. Келісімнің және соған сәйкес есептің басты объектісі – тауар. Сондықтан келісімшартта тауарлардың сипаттамасы толығымен көрсетіліп, оның бағасы мен келісілген жалпы құны аталып өтуі қажет. Келісім бағалары тұрақты, тұрақсыз және кезекті тұрақтылық (фиксация) болып көрсетіледі.

Кейбір жағдайларда жабдықтаушы сатып алушыға тиеліп жіберілген тауарлар үшін вексель алады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетілген соманы төлеуді талап етуге даусыз құқық береді. Вексельдер эмитенттер бойынша қазынашылық және жекеше; төлем түрі бойынша жай және аударылмалы; төлем кепілдігінің барлығына қарай қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген; төлеу тәртібі бойынша мерзімділік вексель және ұсынушылық вексель болып бөлінеді. Вексельдерді толтыру мен ресімдеу белгіленген ережені сақтауды керек етеді. Вексель берілген уақытынан бастап төлеу мерзіміне дейін жабдықтаушының иелігінде болуы, тауарға төлем төлеу үшін басқа заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға берілуі немесе банк мекемесінен несие алу үшін пайдаланылуы мүмкін. Вексельдің маңызды деректемесі болып төлем мерзімі саналады. Біріккен кәсіпорынның бухгалтерия қызметкерлері вексель бойынша төлем мерзімдерінің сақталуын қадағалап, оны бақылап отыруы қажет. Вексельмен есеп айырысу есебі арнайы 302-шотында жүргізіледі. Бұл шотта сатушылардың сатып алушылар және тапсырыс берушілер мен арадағы олардан алынған вексельдер бойынша есеп айырысу операциялары жайлы ақпараттар жинақталады. Сатылған тауар, дайын өнімдер үшін вексельдер алынғанда Д-т 302 К-т 301, 321, 322, 323; вексель бойынша сатып алушылардың борыштарының жабылуына Д-т 431, 441, 451 К-т 302 болады.

Қазіргі таңда сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін уақтылы есеп айырыса алмай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөгігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде жиі кездеседі. Жалпы борышкердің белгіленген мерзім аралығында төлем жасай алмау фактісі осы берешек сомма жабылмай қалады.

Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып, белгілі бір уақыт өткеннен кейін бұл қарыз сомасы өтелінсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады: Д-т 311 К-т 301. Бұрын есептен шығарылған дебиторлық қарыз сомасы есеп берудің келесі кезеңінде өтелсе, онда ол сома негізгі емес қызметтен түскен табыс есебіне танылады. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепте Д-т 431, 432, 441, 451, 452 К-т 727 жазуы жазылады. 311-шот бойынша субъектінің бухгалтерлік есебіне мынадай корреспонденциялар жазылады:



  • Күдікті қарыздар бойынша резерв құрылғанда Д-т 821 К-т311;

  • Күдікті қарыздар бойынша құрылған резервтің есебінен дебиторлық борыштың есептен шығарылуына Д-т 311 К-т 301, 302, 303

Артық жасалынған күдікті қарыздар резерв сомалары Д-т 821 К-т 311 бойынша сторно етіледі. Бухгалтерлік баланста дебиторлық қарыз күдікті қарыз бойынша жасалынған резерв сомасы алынып тасталып көрсетіледі.

Мысалы: қандай да бір біріккен кәсіпорынның дебиторлық қарызы 200 мың теңге, ал күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50 мың теңгені құрайды – деп есептейік. Сонда қаржылық есеп беру кезеңінде резерв сомасы 50 мың теңге кезең шығындары ретінде танылады да бухгалтерлік баланста дебиторлық қарыз сомасы 50 мың теңгеге азайтылып 150 мың теңге (200 –50=150 мың) көрсетіледі.

32-“Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы” бас шотының 323-“Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы” шоттарында барлық бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар көрініс табады. 323-“Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы” шотын сипттай келе, бухгалтерлік есептің №15 “Бірлескен қызмет бойынша қаржылық есеп беруде үлестік қатысудың көрсетілуі” стандартында “Бірлесіп бақыланатын заңды тұлға” сөзіне түсініктеме берілген. Айтылып өткендей “Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың” қатысушысы өзінің жеке қаржылық есептемесінде және біріктірілген (консолидациялық) қаржылық есептемеде өзінің үлестік қатысуын көрсету қажет. Ол пропорционалды біріктіру үшін есеп беретін форматтардың біреуін қолдану негізінде жүзеге асады. 32- бас шоттың бөлімше шоттарына сәйкес бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар үшін есеп айырысу шотынан және басқа субъектілердің шоттарынан төлем жүргізілген уақытта Д-т 323 К-т 441; бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға кассадан ақша қаражатары берілген уақытта Д-т 323 К-т 451; сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер және материалдардың құнына бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының пайда болуы Д-т 323 К-т 701, 702, 703, 721, 722, 727; ҚҚС сомасына Д-т 323 К-т 633; шетелдік валютадағы борыштар бойынша тиімді бағамдық айырмашылық Д-т 323 К-т 725; бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштардың жабылуы Д-т 302, 431, 441, 451 К-т 323; бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштардың салыстыру актілері арқылы кредиторлық борыштардың есебінің жабылуы Д-т 641, 642, 643 К-т323; бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борыштарын олардан ТМҚ-ды жеткізу үшін алынған аванстар есебінен жабу Д-т 661, 662 К-т 323; шетелдік валютадағы борыштар бойынша тиімсіз бағамдық айырмашылық Д-т 844 К-т 323 шоттарымен корреспонденцияланады.

Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың басқадай операциялары бойынша тиісті дебиторлық борыштары 331, 332, 333, 334-шоттарында есептелінеді.

Бұл шоттарда 30-бөлімшесінің шотарында есептелуге жатпайтын есеп айырысу операциялары есептелінеді.

331-“Алынуға тиісті ҚҚС” шоты сатып алынған негізгі құралдары, материалдары, т. б. бойынша жабдықтаушыларға төленген ҚҚС сомасы жайлы ақпараттарды жинақтауға арналған. Алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша есептелінген қосылған құн салығы сомасына Д-т 331 К-т 671, 687, т.б.

332-“есептелінген пайыздар”- шотында кәсіпорынның шартта қаралған жалға берген негізгі құралдары, берген несиелері мен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз түрінде алатын сомасы сондай-ақ салынған инвестициядан алатын дивидендтерінің сомасы есептелінеді.

Осыған байланысты 332-шотына сәйкес жалдағы негізгі құралдар, алынған бексельдер, берілген қарыздар бойынша пайыздарға Д-т 332 К-т 724; есептелінген пайыздар бойынша борыштардың жабылуына Д-т 421, 422, 431, 441, 451 К-т 332бухгалтерлік жазулары жазылады.

333-шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғаларға қарызға қызметтегі іссапарлары және басқадай шығындары үшін берілген сомалар, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерден олардың кәсіпорынға тигізген зияндары үшін ұсталынатын сомалар есептелінеді. Жалпы әкімшілік-шаруашылық қажеттілігі және қызметтегі іссапарлары үшін есеп беруге тиісті тұлғаларға берілген сомалар Д-т 333 К-т 431, 441, 451; жұмысшыларға берілген қарыз сомаларының Д-т 333 К-т431, 441, 451; есепті кезеңге жоғалған, бүлінген жетіспеушіліктерге кінәлі тұлға табылып және оның төлеуге тиісті сомасына Д-т 333 К-т 611; Есепті беруге тиісті тұлғалар өздерінің борыштарын өтеген уақытта Д-т 101-106, 121-126, 141-144, 201-206, 208, 222 К-т 333 болады.

Есеп беруге тиісті тұлғалардың аванс ретінде алған сомаларының пайдаланғаннан қалған қалдығы, жетіспеушілік бойынша кінәлі адамдардың төлеген сомалары, жұмысшылардың алған қарыз сомаларының қайтарылуы ақша қаражаттары шоттарына келіп түскенде Д-т 431, 441, 451, 681 К-т 333; есеп беруге тиісті тұлғалардың кәсіпорынның есебінен шығарған шығындарының сомасына Д-т 811, 821, 938, 948 К-т 333; жабдықтаушыларға олардан алынған ақау материалдарды қайтаруға байланысты дебиторлық борыштың пайда болуына Д-т 334 К-т202-206, 208; банктегі шоттан қателесіп есептен шығарылған сомаға Д-т 334 К-т 431, 432, 441; құны акцептелген, төленген ТМҚ, айналымнан тыс активтер қоймаға келіп түскенде олардың жетіспеушілігі мен бағалардың сәйкессіздігі нәтижесінен болған, сондай-ақ арифметикалық қателіктерге Д-т 334 К-т671; ағымдағы жыл бойынша алынуға тиісті жал төлемдері мен айыппұлға, сондай-ақ өсімақыларға Д-т 334 К-т727; төтенше жағдайлардан болған залалдардың орнын толтыру бойынша дебиторлық борыштың пайда болуына Д-т 334 К-т862 шоттаро корреспонденциясы беріледі.

Сонымен қатар 334-шотта төленуге тиісті жал төлемдері жайлы ақпараттар, бюджетке және бюджеттен тыс ұйымдар артық төленген сомалар, жабдықтаушылар мен мердігерлерге, көлік ұйымдары мен басқа да заңды тұлғаларға деген шағым талап сомалары, ТМҚ-дың жетіспеушілігі, өсімақылар, т.б. есептелінеді.

Сақтандыру полисін алу үшін есеп айырысу шотынан төленгенде Д-т 341 К-т 441, сақтандыру полисін алу барысында болған шығындар сомасы есеп беретін уақытта Д-т 811, 821, 938, 948 К-т 341 жазуы жазылады.

Алдағы кезеңдер үшін төленген жал төлемінде Д-т 342 К-т 731, 441, 451, есепті кезеңге жатқызылатын жал төлемінің есептен шығарылуына Д-т 811, 821, 937, 947 К-т 342 жазуы жазылады.

Берілген аванстар 351, 352-шоттарынан тұрады, бұларға байланысты бухгалтерлік есепте ТМҚ-ды жеткізіп беру үшін, орындалатын жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін берілген аванстар Д-т 351, 352 К-т 423, 431, 441, 451; несие есебінен берілген аванс Д-т 351, 352 К-т 601, 602, 603; шетелдік ақша бірлігі, яғни валюта түрінде берілген аванстар бойынша тиімді бағамдық айырмашылықтардың пайда болуына Д-т 351, 352 К-т 725; бұрынырақта аванс ретінде берілген соманың пайдаланылғаннан қалғаны қайтарылғанда Д-т 423, 431, 441, 451 К-т 351, 352; бұрынырақта берілген аванс есебінен жабдықтаушыларға тиісті қарыз сомаларды жапқанда Д-т 671 К-т 351, 352 шоттар корреспонденциялары жазылады.
Міндеттемелер есебі

Міндеттемелер есебі қаржы-шаруашылық қызметі бас шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп аталатын бөлім шоттарында есептелініп жүргізіледі. Бұл бөлімде 60-“несиелер”, 61-“Алдағы кезең кірістері”, 62-“Дивидендтер бойынша есеп айырысу”, 63-“Бюджетпен есеп айырысу”, 64-“Еншілес (тәуелді) серіктекстікпен есеп айырысу”, 65-“Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу”, 66-“Алынған аванстар”, 67-“Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу”, 68-“Басқадай несиелік борыштар бойынша есеп айырысу”-деп аталатын бас шоттардың тиісті бөлімше шоттары орналасқан.

Несие беру және оны қайтару тәртібі тиісті заңдарға сәйкес және субъектінің банкімен немесе басқа да несие берушілермен жасалған келісімшарты негізінде реттеліп жүргізіледі.

Біріккен кәсіпорындар банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын несие алудың қажеттілігін, оны уақытында қайтарудың мүмкіншілігін, әрбір коммерциялық банктердің несие беру, өтеу, өсім пайызы ставкаларымен және басқадай талаптармен танысып алдын ала шешіп алуы қажет.

Несие алу үшін біріккен кәсіпорын банк мекемесі басшысының атына өтініш береді. Бұл өтінішке қосымша өзіне қажетті несие сомасы мөлшерін, оның жұмсалынатын мақсаты мен бағытын, өтеліну яғни қайтару мерзімін, сонымен қатар осы несие сомасы арқылы орындалатын операциялар үшін жасалған бизнес жоспар және т.б. құжаттар табыс етуі тиіс.

Жалпы біріккен кәсіпорындарға берілетін несие сомасы, банк мекемесінің жауапты мамандары субъектінің өткізген құжаттарын тексеріп, несие бойынша борышты және пайызды қайтару, өтеу үшін кепілдікке салынған меншік туралы келісімшарттың орындалуына сәйкес беріледі.

Біріккен кәсіпорын банк мекемесінен несие алған уақытында Д-т 441, 451, 671 К-т 601 жазуы жазылады. Ал бұл алынған несие қайтарылған уақытта Д-т 601 К-т 441 жазуы жазылады. Осы алынған несиесі үшін есептелген пайыз сомасына Д-т 831 К-т 684 жазуы жазылады. Біріккен кәсіпорын бұл міндеттемені төлеген уақытта Д-т 684 К-т 441 жазуы жазылады.

Шетелдік банктерден немесе басқалардан шетелдік валюта түрінде несие алғанда субъектінің бухгалтериясында Д-т 431, 432 К-т 601 болады. Ал бұл несиені қайтарғанда Д-т 601 К-т 431, 432 жазуы беріледі.

Алдағы кезеңдер табыстарының есебі 611-шотта жүргізіледі. Біріккен кәсіпорындар орта және ұзақ мерзімді құнды қағаздарды олардың номиналды құнынан жоғары бағамен сату арқылы таратуына болады. Бұл жағдайда сату бағасы мен номиналды құнының арасында жағымды айырма 611-шотының кредиті бойынша есепке алынып, содан кейін құнның төмендеуіне қарай Д-т 611 К-т 723 жазуы жазылады. 611-шотта алдын ала сатылған айлық және тоқсандық жол жүру билеттері бойынша субъектіге келіп түскен ақша қаражаттары және жүк немесе жолаушылар таситын көлік құралдары үшін күні бұрын төленген ақы есептелінеді. Жоғарыда аталған төлемдер субъектіге келіп түскенде Д-т 431, 441, 451 К-т 611 жазуы жазылады. Қаржының төленуіне қарай есепті айдың табысы болып саналатын, бұрын яғни алдын ала алынған табыстар субъектінің бухгалтерлік есебінде Д-т 611 К-т 704, 705, 706, 724, 727-бойынша көрсетіледі. Жоғалған, ұрланған және т. .б бойынша кінәлі адамдардан өндіріп алуға тиісті мйындалған сомасына бухгалтерлік есепте Д-т 333 К-т 611 көрінеді. Бүлінген, жоғалған немесе т.б. жетіспейтін құндылықтар бойынша кінәлі адамдардан өндіріп алынуға тиісті, яғни олардың төлеуге тиісті берешек сомалары өтелуіне қарай: Д-т 431, 441, 451, 681 К-т 333 жазылады.

Акционерлер мен оларға төленуге тиісті дивидендтер брйынша есеп айырысу есебі 62-бас шоттың бөлімше шоттарында есептелініп жүргізіледі. Дивидендтер есептеген уақытта: Д-т 561 немесе 562 К-т621, 622 болады. Заңды және жеке тұлғаларға есептелініп төленетін дивиденд сомаларынан 15%-ставкасы бойынша табыс салығы ұсталынуға тиіс және одан әрі бұл сома салық салуға жатқызылмайды. Ол Д-т 621, 622 К-т 634 жазуы түрінде көрінеді. Ал салықты бюджетке аударған кезде Д-т 634 К-т 441болады.

Біріккен кәсіпорындардан – алынатын салықтар, мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне қосымша жалпы мемлекеттік әлеуметтік, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, кейінге қалдырылған табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығы және акциздік салықтары мен алымдары енгізіледі.

Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық қарыздардың есебі 643-синтетикалық шотта жүргізіледі. Ірі кәсіпорындарда талдамалық шоттарында дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысушылардың талдамалық есебінің карточкалары пайдаланылады. 641, 642, 643-шоттары бойынша карточкаларға, тізімдеиелерге немесе машинограммаға жазу үшін үлгілі түрі №280-кредиторлық хабарлама немесе шоттар негіз бола алады. Еншілес (тәуелді) кәсіпорыннан бас кәсіпорынның алған материалдары мен сатып алынған тауарларына Д-т 201,208, 222 К-т641, 642, 643 жазылады, ал алған дайын өнімдері, негізгі құралдары және материалдық емес активтеріне бухгалтерлік есепте Д-т 122-125, 101-106 К-т 641, 642, 643 болады. Бас кәсіпорын мен еншілес серіктестіктер арасындағы есеп айырысуларды салыстырып, тексеру актлері негізінде дебиторлық қарыз сомасының кредиторлық қарыз сомасымен жабылуы: Д-т 641, 642, 643 К-т 321, 322, 323 жазылады. 641, 642 және 643-шоттарда талдамалық (аналитикалық) есеп жеке серіктестіктер бойынша жүргізіледі.

Біріккен кәсіпорындар өздерінің мүліктерін және жеке адамдарын, әртүрлі қауіптен сақтандыру мекемесімен келісімшарт жасасып, белгіленген мөлшерде тиісті жарна төлеп тұрады. Мүлік пен жеке басты сақтандыру бойынша есеп айырысу 651-шотында жүргізіледі. Біріккен кәсіпорынның мүліктерін және жұмысшы қызметкерлерін сақтандыру жарнасы есептелінгенде Д-т 811, 821 К-т 651 жазылады. Зейнетақымен есеп айырысулар есебі 653-шотында жүргізіледі. Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар шарттар бойынша жұмысшы жалдайтын тұлғалар, зейнетақы қорына жарналар аударып тұруға міндетті. Зейнетақы қорына белгіленген мерзімінде жарна төленбеген жағдайларда кәсіпорын өсім сомасын төлейді, сондай-ақ кәсіпорынның лауазымды тұлғаларына мұндай жағдайда айыппұлдар салынуы мүмкін. Жарна есептелгенде: Д-т 681 К-Т 653 жазуы жазылады. Ал бұл есептелінген жарналар қорға аударылған кезде: Д-т 653 К-т 441 жазуы беріледі. 653-шотының қалдығында зейнетақы қорына аударым қаражатын уақтылы төлемегені үшін өсім сомасы көрсетіледі. Уақтылы зейнетақы аударылмаған жарна үшін төленетін өсімақы сомасына: Д-т 821 К-т 653жазуы жазылады. Ал бұл соманы төлеген кезде Д-т 653 К-т 441 болады. Зейнетақы қоры қаражаттарының қозғалысы жөнінде біріккен кәсіпорын тоқсан сайын есеп беріп отырады. Зейнетақы қорына төленетін жарналар жұмысшы қызметкердің еңбекақысынан салықтарды ұстап қалғанға дейін олардың табыстарының барлық түрлерінен 10% мөлшерінде ұсталады. Барлық жарна төлеушілер жарналарды ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде аударулары тиіс, бірақ келесі айдың10-ынан кеш қалмауы керек.

Алдын ала келешекте сатылатын тауарлар, орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебін жүргізу үшін 661, 662-шоттары қолданылады. Біріккен кәсіпорынның алынған аванс сомасына Д-т 431, 432, 441, 451, 452 К-т661, 662 жазулары жазылады. Сатып алушыларға босатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер алдын ала алынған аванстар сомасы шегерілгенде Д-т 661, 662 К-т 30, 32-бас шоттарының тиісті бөлімше шоттары жазылады. Ал алынған аванс сомасының толық падаланбағаннан қалған бөлігі қайтарылғанда Д-т 661, 662 К-т 431, 432, 441 жазуы жазылады. Біріккен кәсіпорындарының алған аванстарының талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір аванс берген субъектілер бойынша бөлек жүргізіледі.

Біріккен кәсіпорын өнім өндіруші кәсіпорындармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзін керекті материалдық құндылықтар, техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады. Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу есебі 671-шотында жүргізіледі. Бұл шотта есеп айырысу сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер, олардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептелінген қарыз сомаларының есебі жүргізіледі. 671-шоттың кредитінде тиісті материалдық құндылықтар, шығындар бойынша жабдықтаушылардың акцептелген фактура-шотына сәйкес есептелінген сомалар, ал бұл Д-т 671 К-т 43, 44, 45-бас шоттарының тиісті бөлімше шоттарынан және басқа да шоттардың кредитінен оларға төленген сомалар жазылады. 671-шоты бойынша есеп №6 журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің әрбір шот-фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі. Бұл журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігердің шот-фактураларының акцептелінуі, материалдық құндылықтардың, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы, олардың құнының төленуі жайлы мәліметтер жазылады.

Келіп түскен шот-фактураларды алдымен үлгілі түрі М-1 “Келіп түскен” журналына тіркеледі. Бұл журнал бойынша кәсіпорында материалдық құндылықтардың уақытылы келіп түсуіне бақылау жасалынады. Журналға жазылуға тиісті мәліметтерді жабдықтау бөлімі таур-көлік накладнойлары, кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілер негізінде кәсіпоры қоймасына материалдық құндылықтардың келіп түсуіне қарай жазып отырады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады. Фактураланбаған жабдықтарды жазу үшін үлгілі түрі М-7 “Материалды қабылдау туралы актілер” қолданылады, олар шот-фактуралармен ресімделген материалдар, сондай-ақ қабылдау кезінде артық шыққан ТМҚ-ға да жазылады. Фактураланбаған жабдықтардың шот-фактуралары келген уақытында оларға бұрын жазылған деректер сторно етіліп, №6 журнал-ордерге шот-фактурадағы мәліметтер жазылады. Төлем жасалған, бірақ айдың аяғына дейін кәсіпорынның қоймаларына түспеген ТМҚ-дың шот-фактуралары немесе төлем талап тапсырмалары негізінде №6 журнал-ордерге әдеттегі тәртіп бойынша жазу жазылады. Айдың аяғында жолдағы материалдық құндылықтардың сомасын журнал-ордердің “Келіп түспеген жабдықтаушы қоймасындағы жүк үшін”-деп аталатын арнайы бағанасында көрсетіледі. Журнал-ордерлер бойынша жиынтықтарды шығарғаннан кейін жолдағы ТМҚ құнын материалдық құндылықтар шоттарына жазады, олар материалдық жауапты адамдар есебіне жатқызылмаса да, жедел ескеріліп отырады.

Жабдықтаушылар және қызмет көрсетушілермен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында 671-шот бойынша талданған қалдықтар көрсетеді. Талдамалық есептің құрылымы жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасызету үшін және есеп айырысуды жедел бақылау үшін құны төленген, бірақ іс жүзінде алынбаған материалдық құндылықтар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар; фактураланбаған қалған жабдықтар бойынша есеп айырысудан; мерзімінде төленбеген есеп айырысулардан топтардан қалыптасады.

Жабдықтаубшылармен және мердігерлермен есеп айырысулар есебі бойынша алынған ТМҚ үшін акцептелген фактура-шоты сомасына Д-т 201-208, 222-223, К-т 671; оған есептелінген ҚҚС сомасына Д-т 331 К-т 671; жабдықтаушылардың фактура-шотының қай шоттан төленгеніне қарай Д-т 671 К-т 441, 431; шот-фактура бойынша жабдықтаушыларға төленген ҚҚС сомасы бюджетке төленетін осы салықтың сомасынан шегерілгенде Д-т 633 К-т331; жабдықтаушылар мен қызмет көрсетушілердің орындаған жұмыстар мен көрсеткен қызметтері үшін акцептелген фактура-шотына: Д-т 126, 811, 821, 901, 921, 931, 934, 936, 941, 944, 945, 951 К-т 671; алынған несиенің есебінен, кассадан немесе басқа да шоттардан жабдықтаушы мен қызмет көрсетушілердің шоттары төленгенде Д-т 671 К-т 422, 421, 431, 432, 441, 451, 601, 602 шоттар корреспонденциялары беріледі

Біріккен кәсіпорынның жалдық міндеттемелері есебі 683-“Жалдық міндеттеме”-деп аталатын шотта жүргізіледі. Алынған несие, жалдық келісімшарт және шығарылған бағалы қағаздар бойынша төленуге тиісті пайыздардың есебі 684-“Есептелінген пайыздар бойынша шығындар”-деп аталатын шотта жүргізіледі. Төленуге тиісті пайыздардың барлық түрлерін есептеген кезде Д-т 831 К-т 684; есеп айырысу шотынан есептелінген пайыздар сомасы төленген кезде Д-т 684 К-т 441 жазуы жазылады. Басқадай есептелінген шығындардың есебі 686-“Басқа да есептелген шығындар”-деп аталатын шотта жүргізіледі. Негізгі құралдарды жөндеу үшін арналған резервтер сомаларына 811, 821, 126, 934, 945 К-т686; жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың төлемақысымен байланысты нақты шығындар, өнімнің өзіндік құнына қосылмайды, керісінше оның жүргізілуіне қарай Д-т 686 К-т 920, 671, т.б. жазулары жазылады. Кредитолық қарыздар мен есептелген төлемдердің есебі 687-“Басқадай міндеттемелер”-деп аталатын шотта жүргізіледі. Мұнда банктегі шоттарға қате түсірілген сомаға Д-т 423, 431, 432, 441 К-т 687; қате қосылған сомаларды банкке қайтарғанда Д-т 423, К-т 423, 431, 432, 441 жазулары жазылады.

Жалпы табыстан серіктестікке қатысушыларға тиісті табыс сомасына 56, 55-бас шотының бөлімше шоттары дебиттелініп, 687 кредиттелінеді. Бұл шоттардың кредитіне тиісті шығындар есептелінетін 811, 821, 937 және 947-шоттарының дебиті бойынша есептелінген ағымдағы жалға төленетін сомалар есептелінеді. Сонымен қатар 687-шотта басқадай кредиторлармен арадағы есеп айырысу есебі жүргізіледі.





              Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет