1-деңгей Бастауыш сыныптағы тәрбие процесі және оның сипаттамасы


Оқушылардың қазіргі қоғамдық бірлестіктердің мәндік сипатттамасы



бет38/63
Дата20.10.2023
өлшемі124.07 Kb.
#481226
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63
Сессия Теория Айнура

23. Оқушылардың қазіргі қоғамдық бірлестіктердің мәндік сипатттамасы.
Оқушылардың қоғамдық бірлестіктерінің мәндік сипаты-жеке адамның басқа адамдармен қарым-қатынасын оны қуанышты көңіл-күйге бөлейтіндей етіп орнату. Ұжым өмірінде яғни бірлесе жұмыс атқару кезеңінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Негізгі белгілері:
сергектік, ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру.
балалар арасында баңталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтык, бөлектенушіліктің болмауы.
• басқа ұжымдарға жолдастық көмек беруге дайын тұру.
24.Оқушылардың қазіргі қоғамдық берлестіктерінің негізгі қызметтері
Оқушылардың қазіргі қазіргі қоғамдық бірлестіктері мына кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:
1-кезенде ұжымның атқаратын жұмыстары әңгімеден басталып, шешуге тиісті мәселелер ұсынылып, талқыланып, міндеттер белгіленіп, сұрақтар қойылады. іс жобасы жасалады.
2-кезеңде ұжымдық іс жоспарланып, жалпы жиналыста талқыланады. Әр ұжым мүшесі өз пікірін айтып, мәселеге байланысты сұрақтар қойып, ұсыныстарын кіргізеді.
3-кезеңде ұжымдық шығармашылық іс анықталады және дәлелденеді. Іс жобасы әр бөлімде талқыланып, жұмыс басталады.
4-кезеқде ұжымдық шығармашылық іс өткізіліп, дайындық қорытындысы шығарылады. Мұны барлық ұжым мүшелерімен бірігіп, жетекшілері, тәрбиешілері ұйымдастырады. Бұл іске қатысушылар үшін ең бастысы — сергектік, өзі үшін, қабілетінше, жолдастарына және адамдарға қуаныш әкелуге сенімділік.
5-кезенде ұжымдық шығармашылық іс аяқталып, қорытындысы шығарылады. Ұжым: "Қандай жұмыстар жақсы атқарылды? Себебі неде?" "Не істелмеді? Неліктен?" "Келешекке нені ұсынамыз?"- деген сұрақтарға жауап алады.
6-кезенде ұжымдық іске қорытынды жасалғаннан кейінгі жиында айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру, келешектегі іс-әрекеттерінің мақсатын, мазмұнын және бағыттарын белгілеу.
Ұжымда балалардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет