1 Деректер қорына кіріспе



Pdf көрінісі
бет1/26
Дата05.02.2024
өлшемі1.23 Mb.
#490878
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
ik 1



Коммерциялық емес 
акционерлік
қоғамы 

 
 
Инженерлік
кибернетика
кафедрасы 
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЛАРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ 
5В070200 - Автоматтандыру және басқару мамандығы студенттеріне арналған
дәрістер жинағы 
Алматы 2016

АЛМАТЫ 
ЭНЕРГЕТИКА 
ЖӘНЕ 
БАЙЛАНЫС
УНИВЕРСИТЕТІ 



ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: 
Утепбергенов 
И.Т., 
Сагындыкова 
Ш.Н.
Мәліметтер қорларын басқару жүйелері. 5В070200 - Автоматтандыру және 
басқару мамандығы студенттеріне арналған дәрістер жинағы.– Алматы: 
АЭжБУ, 2016. –
66 б.
Дәрістер жинағы «Мәліметтер қорларын басқару жүйелері» пәні бойынша 
типтік жұмыс бағдарлама негізінде «Автоматтандыру және басқару» 
мамандығының студенттері үшін құрастырылған.  
Пікір беруші: техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушысы Г.Д. 
Мусапирова 
«Алматы энергетика және байланыс университеті» комерциялық емес 
акционерлік қоғамының 2015 жылғы жоспары бойынша басылады. 
© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2016 ж. 



1 дәріс. Деректер қорына кіріспе. Негізгі түсініктердің жалпы 
сипаттамасы 
 
Мақсаты: ЭЕМ-де шешілетін есептердің түрінің өзгеруіне байланысты 
бағдарламалауда, соның ішінде деректер қоры секілді, деректерді ұсынудың 
жаңа түрлерінің пайда болатынын көрсету.
Кез келген есепетуіш үрдіс келген деректердің шығу деректеріне 
бейнеленуін (белгілі бір алгоритм бойынша) білдіреді.
1.1 сурет – Алгоритм
Өңделетін деректер мен есептеу алгоритмдерін ұсыну күрделілігінің 
қатынасы есептердің екі класын анықтайды:
1) Есептеуіш есептер – есептеу дерекетерін ұсынудың жеткілікті 
қарапайым және күрделі көп операциялық үрдісі. 
2) Деректерді өңдеудің есептері (есептеуіш емес есептер) – деректерді 
өңдеудің қарапайым алгоритмі және өңделетін деректердің күрделі ұсынылуы.
Бағдарламалауды үйренудің бастапқы сатысында есептерді шешу 
алгоритмін жасақтауға негізгі көңіл бөлінеді. Алайда, нақты есепті шешу 
мүмкіндігі (немесе мүмкінсіздігі) таңдалған алгоритмге ғана байланысты емес, 
сонымен қатар өңделетін деректерді ұсыну үшін қандай түсініктер 
қолданылатынына да байланысты.
Келесі формула бойынша есептелетін қарапайым мысалды қарастырайық: 
Y=X
2
+5X, 
мұндағы X және Y – анықталған сандар, олар мұнда деректердің 
қарапайым бірлігі (деректер элементтері) болып табылады. 
Осы есепті шешу алгоритмін бағдарламалау кезінде (формуланы 
бағдарламалау) деректердің қарапайым түрі – қарапайым айнымалылар (X және 
Y бағдарламада қарапайым айнымалылар ретінде ұсынылады) қолданылады. 
Бағдарламалау жүйесінде қарапайым айнымалы, бағдарламалау кезінде 
таңдалуға тиісті, оның мәндерінің белгілі бір типімен сипатталады. Тіпті бұл 
қарапайым жағдайда да айнымалының типін дұрыс таңдау қажет, себебі 
қолданбалы есептің нақты шешімінің мүмкіндігі немесе мүмкінсіздігі осы 
таңдауға байланысты (мысалы, нақты деректерді ұсыну үшін берілген 
разрядтар жетпейді).
Басқа мысалды қарастырайық: 
S=a
1
+a
2
+...+a
N




Бұл есептің шешімін, жалпы жағдайда тек қана қарапайым 
айнымалыларды қолдана отырып, алу мүмкін емес. Мұнда жай сан емес, ал 
сандар тізбегі өңделеді. Бұл жағдайда бағдарламалау кезінде, жиын (массив) 
секілді деректер түрі қолданылады. Жиын (массив) – элементтер жиынтығы, 
элементтердің әрқайсысы, индекс деп аталатын, реттелген бүтін сандар 
жиынымен байланысқан. Барлық элементтердің мәндерінің типі бірдей болуы 
қажет, ол жиын типі де болады. Бұл жағдайда a
1
, a
2
,..., a
N
сандары бағдарламада 
A(1), A(2),..., A(N) жиынымен беріледі.
Қарастырылған мысалдар есеп түрінің өзгеруі басқа деректер түрлерін 
қолдану қажеттілігін міндеттейді.
Бағдарламалаудың бұрынғы тілдері (ФОРТРАН, АЛГОЛ-60) ғылыми-
техникалық есептеуіш есептерді шешу үшін арналған. Бұл тілдерде тек 
жоғарыда көрсетілген деректер түрлері (қарапайым айнымалылар және 
жиындар) қолданылған.
60-шы жылдардың соңынан бастап, әртүрлі түрдегі құжаттарды өңдеумен 
байланысты, 
есептелмейтін 
деп 
аталатын 
есептерді 
шешуі 
үшін 
компьютерлерді қарқынды қолдана бастайды. Деректердің жаңа түрлерінің 
пайда болуын деректерді өңдеудің жеңілдетілген есептер мысалында 
қарастырайық.
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет