1 Деректер қорына кіріспе



Pdf көрінісі
бет8/26
Дата05.02.2024
өлшемі1.23 Mb.
#490878
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
ik 1

Сондықтан түйіннің маңызды қасиеті бір немесе атрибуттардың тобы 
бойынша олардың даналарын бір мағыналы сәйкестендіру болып табылады. 
«ФАКУЛЬТЕТ» түйінінде бұл, мысалы, факультет нөмірі, «СТУДЕНТ» 
түйінінде бұл «тегі» атрибуты болуы мүмкін, егер студенттердің барлығының 
тектері әртүрлі болатын болса, «тегі», «аты», «әкесінің аты» атрибуттарының 
топтары, немесе арнайы енгізілген бірегей идентификатор, мысалы қосымша 
енгізілген атрибут «студент коды».
Концептуалды үлгіні ұсынудың аса көп тараған тәсілі ER-диаграмма 
болып табылады. Әртүрлі дереккөздерінде ER-диаграммаларда әртүрлі 
белгілер жүйесі қолданылады. Тәжірибеде ER-диаграмма жазбаларының 
әртүрлі тәсілдерін қолдану ерекше қиындықты тудырмайды, құжаттардың 
сәйкес бөлімімен қысқаша танысу қолданылатын белгі жүйелерін жылдам 
меңгеруге мүмкіндік береді. Берілгін құралда ER-диаграммада түйіндер класын 
төртбұрыш түрінде көрсететін боламыз, төртбұрышта түйін класының бірегей 
аты (жазба әріптерімен) және атрибут аты кіші әріптермен жазылған.
«СТУДЕНТ» түйіні класының және түйіннің нақты данасының мысалы
көрсетілген (5.1 сурет).
5.1 сурет – Түйіндер класы және түйіндер данасы
Қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін оны 
қызықтыратын түйн данасын табу жеткіліксіз. Ақпараттық қажеттіліктер, 
мекемеде бар (мысалы, нақты студенттің қай факультетте оқитынын анықтау 
қажет), функционалдық өзара қатынастармен тығыз байланысты. Мұндай 
сұраныстарды (қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктерін) жүзеге асыру 
үшін пәндік аймақта бар түйіндер арасындағы өзара қатынастар қолданылады. 
Түйіндердің сәйкес өзара қатынастары байланыстармен көрсетіледі 
(Relationships). Байланыс класы және байланыс данасы деп бөледі. Байланыс 
кластары – бұл түйіндер класы арасындағы өзара қатынас, ал байланыс 
данасы – түйіндер данасы арасындағы өзара қатынас. 
Байланыс класы түйіндердің бірнеше класын қозғауы мүмкін. Байланысқа 
қатысатын, түйіндер класының саны байланыс дәрежесі деп аталады n = 2, 3, ... 
мысалы, «СТУДЕНТ» түйінінің класы «ФАКУЛЬТЕТ» түйінінің класымен 


26 
«факультетте оқу» байланысымен байланысқан. Бұл байланыстың дәрежесі 
екіге тең. n =2 болғанда байланыс бинарлы деп аталады. Байланысты екі жақты 
қарастыру қажет екендігін ескерейік: «студент факультетте оқиды» және 
«факультетте студенттер оқиды». Бинарлы байланысты жіктеуді қарастырайық. 
Бір кластың қанша түйіндер данасы басқа кластың түйіндерінің қанша 
данасымен байланысқанына байланысты байланыстарды келесі түрлерге 
бөледі:
1) Байланыс 1:1. Бір класс түйінінің бір данасы басқа класс түйінінің бір 
данасымен байланысқан. «ФАКУЛЬТЕТ» және «ФАКУЛЬТЕТ ҮШІН 
МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ОҚУ ЖОСПАРЫ» түйіндері кластарының 
арасындағы байланыс мысал бола алады (әр факультетке мамандық немесе 
бағыт бойынша өз оқу жоспары сәйкес келеді).
2) Байланыс 1:M. Бір класс түйінінің бір данасы басқа класс түйінінің 
көптеген данасымен байланысқан. «ФАКУЛЬТЕТ» және «СТУДЕНТ» 
түйіндері кластарының арасындағы байланыс мысал бола алады (бір 
факультетте көптеген студенттер оқиды). 
3) Байланыс M:N. Бір класс түйінінің бірнеше данасы басқа класс 
түйінінің 
бірнеше 
данасымен 
байланысқан. 
«ФАКУЛЬТЕТ» 
және 
«МАМАНДЫҚ» түйіндері кластарының арасындағы байланыс мысал бола 
алады (факультетте бірнеше мамандықтар болуы мүмкін және бір мамандық 
бірнеше факультетте болуы мүмкін). 
Бинарлы байланыс типтерін ( 1:1, 1:M, M:N ) сипаттайтын, сандарды 
байланыстың әр жағындағы түйіндердің максималды санымен белгілейді. Бұл 
сандар максималды өте маңызды сандар деп аталады, ал сәйкес сандар жұбы 
максималды өте маңыздылық деп аталады.
Берілген құралда ER-диаграммаларда түйіндер арасындағы байланысты 
көрсеткіш оқпен (стрелка) белгілейміз, көрсеткіш оқтың (стрелка) жанында 
байланыс атын, сонымен қатар байланыс типін көрсетеміз. «СТУДЕНТ», 
«ФАКУЛЬТЕТ», «МАМАНДЫҚ» түйіндерін ұсынатын ER-диаграммалардың 
мысалы және олардың арасындағы өзара байланыс көрсетілген (5.2 сурет).
Түйіннің әр данасы бірегей теңестірілуі қажет екенін ескерейік (бірегей 
идентификаторы болу). Бірдей тегі бар бірнеше студенттер болуы мүмкін 
болғандықтан, қосымша атрибут «студент коды» енгіземіз. «ФАКУЛЬТЕТ» 
және «МАМАНДЫҚ» түйіндерінде «нөмір» атрибуты бірегей идентификатор 
болып табылады.


27 
5.2 сурет – ЕR-диаграмма бөлігінің мысалы 
Осы ER-диаграмма бойынша, қолданушы сұраныстарын жүзеге асыру 
кезінде шығарылатын, әрекеттер тізбегін көрсетуге болады. Мысалы, «студент 
Иванов қай факультетте оқиды» сұранысын жүзеге асыру үшін келесі 
әрекеттерді орындау қажет: «СТУДЕНТ» түйіні данасының арасынан Иванов 
тегі бар дананы табу, «Студент факультетте оқиды» байланысы бойынша 
«ФАКУЛЬТЕТ» түйінінің данасына өту, осы дананың «Атау» атрибутының 
мәні ізделініп отырған факультет болып табылады. Сонымен қатар, кейде ER-
диаграммада түйіндер арасындағы екі байланысты бір екі жақты көрсеткіш 
оқпен (стрелка) немесе жай сызықпен бейнелейтінін ескерейік. Келтірілген ER-
диаграммада осы байланыстардың қандайда-бір жүзеге асыру тәсілдері 
көрсетілмеген (логикалық, тіпті физикавлық деңгейде де). Байланыстарды 
жүзеге асырудың сәйкес тәсілдері нақты ДҚБЖ деректері үлгілерінің 
мүмкіндіктеріне байланысты және келесі дәрісте қарастырылатын болады 
(«Концептуалды жобалаудың екінші сатысы (ДҚБЖ деректерінің үлгілері. 
ДҚБЖ деректерінің үлгілері құралдарымен концептуалды үлгіні ұсыну»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет