1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



Pdf көрінісі
бет110/121
Дата02.01.2022
өлшемі1.05 Mb.
#452390
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   121
Егенисова Психология (1) (1)

2. Мінез  бітістері. 
Белгілі  қоғам  мүшелеріне  ортақ  мінездердің  қатарына:  Отанға 
берілгендік,  адалдық,  шыншылдық,  еңбекке  және  қоғам  мүлкіне  дұрыс 
кӛзқарас,  ұжымшылдық,  гуманизм,  борышын  және  жауапкершілігін  түсіну, 
қиыншылықтарды жеңіп шығуға дайын болу, кішіпейілділік, қарапайымдылық, 
сергектік, жолдастық, т.б. жаткызуға болады. Типтік мінездің кейбіреулері: 
1) Отан сүйгіштік кісінің бойындагы күш-қуатын, білімі мен тәжірибесін 
халық  мүддесіне  оның  игілігіне  яғни  адамның  кір  жуып,  кіндік  кескен  жеріне 
білдіретін  перзенттік  борышы  -  оның  кісілігін  танытатын  ерекше  асқақ  сезім. 
Әр  заман  ғұламалары  адамның  осынау  қасиетін  қастерлеп,  сӛздерінің  небір 
дәмді    ой  түйіндерін  осыған  бағыштаған.  Мәселен  М.  Әуезов:  "Алтын  анам, 
Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенің іркер күшім жоқ" десе, Баубек Бұлқышев: 
"Адал адам Отанын сүйеді. Адал ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін 
істеу  -  қуаныш,  мақтаныш"  деген  ғой.  Отан,  отаншылдық  қасиет  туралы 
тебіренгендегі  қаздауысты  Қазыбек  бидің:  "Алтын  ұяң  -  отан  қымбат...  туып 
ӛскен елің қымбат, кіндік кескен жерін, қымбат" деп келетін аталы сӛздерін де 
қалай еске алмассың!  
2)  Мақсаткерлік  (мақсатқа  талпынушылық)  -  бұл  адамның  ӛз  мінез-
құлқын  кӛздеген  мақсатына  алаңсыз  бағыштауы,  мұны  ӛзінің  ұстаған  бағыт-
бағдар  позициясына,  танымы  мен  сеніміне,  асыл-арманына  бағындыра  алуы. 
Алдағы  мақсатынан  ауытқу,  бос  белбеулікке  салыну  -  ар-намыс  пен  ожданға 
сиыспайтын қасиет. Мақсаткерлік -  тек бір іспен ӛнебойы шұғылдану, онымен 
ылғи да әуре болып жүру емес. Бұл соны қайткенде де орындап шығуға мықтап 
берілу,  бір  істі  нәтижелі  етіп  тындыру.  Мұндай  кісі  ӛзіне  жүктелген 
тапсырманы  да  мүлтіксіз,  сапалы  етіп  орындап  шығуды  жан-жақты 
ойластырады  осы  жолда  творчестволық  белсенділік  кӛрсетеді,  әрбір  ісін  түпкі 
кӛздеген мақсатымен байланыстырып отырады. 


 
Мақсаткерлік  -  асыл  арман,  зор  үмітпен  тығыз  байланысты.  Арманмен 
ойнауға  болмайды,  ол  күйресе  бақытсыздыққа  душар  етуі  мүмкін.  Үміті  мен 
арманы  шындыкқа  сәйкес  келген  адам  ғана  келешектін  құшағында  ӛмір  сүре 
алады.  Арман  мен  үміт  жүректі  қуанышқа  толтырады.  "Үміт  ӛрге  тартады, 
үмітсіздік  кӛрге  тартады,  үмітін  жоғалтқан  жан,  ешқашан  үміттеніп  кӛрмеген 
жан",- дейді, батыр ағамыз Б. Момышұлы. 
3)  Борыш  пен  жауапкершілік.  Бұл  адамның  үйіші,  әке-шеше,  тума-
туысқандарына  қатысты  перзенттік  парызынан  туындайтын  қасиет.  Мұның 
негізінде  ӛзін  әлпештеп,  адам  етіп  ӛсіргендердің  алдындағы  жауапкершілігін 
бар санасымен терең аңғара алып, түсіну, бұл парызы мен қарызын қалай ақтау 
жолын  ойластыру.  Бұл  кісіліктің  басты  белгісі,  терең  және  күшті  сана-сезімді 
қажет  ететін  қасиет.  Борыш  пен  жауапкершілікті  түсіне  білуден  адамның 
имандылығы  мен  адамгершілігінің  деңгейі  байқалады,  оның  қылықтарын 
жаман,  жақсы,  иманды,  имансыз  деп  бағалау  туады.  Борышты  сезіну,  оны 
орындау  ми мен жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл мен сезім 
тұрғысынан  жақсы  -  жаман  деп  бағалау  ар  мен  ұятка  келіп  тіреледі.  Ӛз 
қылығының  дұрыс-бұрыстығын  түсіне  білу  -  адамға  үлкен  қуаныш,  шабыт-
жігер, қанағат әкеледі.   
4)  Мейірімділік  пен  ізгілік.  Егіз  қозыдай  осы  екі  қасиет-басқаларға  (әке-
шеше,  ағайын,  туыс,  таныс  т.  б.)  коңіл  болу,  олардың  сеніміне  ие  болу, 
айналасындағылармен  ӛзара  дұрыс  қарым-қатынас  жасау,  адамға  эмоциялық 
жағынан тиімді. Кісінің шат-шадыман тіршілігі үшін маңызды. "Мейірімділік,- 
деп жазды  К. Бови,- мылқаулар сӛйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл". Ӛте 
тауып  айтылған  сӛз.  Әрине,  бізде  ылғи  адамға  кӛмектесуге  жағдай  бола 
бермейді,  уақыт  та  жетпей  жатады.  Ал  айналаңдағы  адамдар,  әсіресе,  егде 
тартқандар, ӛзіне коңіл аударғанды ерекше бағалайды. "Ең үлкен сән-салтанат,-  
деп  жазды  Экзюпери  -  адамдардың  қарым-қатынасының  салтанаты".  Үйде  де, 
түзде  де  кісіге  ізгілік,  имандылықпен  қарап,  оның  қамын  ойлау,  оған 
мейірімділік пен мейірбандық білдіру, жан ашырлық пен қамқорлық жасай білу 
кісіліктің,  ұнамды  мінездің  кӛрінісі.  Ізгілік  -  адам  біткенді  сүйе  беру  секілді 
күйректік, кӛңілшек сезіммен ешбір тоқайласпайды.  
5)  Адалдық  пен  шыншылдық.        Бұл  екеуі  бір-бірімен  біте  қайнасқан 
кісінін  жақсы  мінез  бітістері.  Адал    адам  шынайы  да,  шыншыл  адам  -  адал. 
Адалдық  –  сӛздің  таным  мен  сенімге  ұштасуы,  оның  іс-әрекетке  қайшы 
келмеуі. 
Шыншылдық-адамның 
азаматтық 
борышына, 
ар-ожданына 
қалтқысыздығы.  Адал  да  шыншыл,  әділетті  болу  -  еңбек  пен  білім  алуға,   
жалпы  іс-әрекетке  дұрыс  кӛзбен  қарау,  инабатты,  тіршілікте  тиянақты, 
принципті болу деген сӛз.   Адалдық пен   шыншылдық бар жерге кісі әділетті 
де,  кішіпейілдік  пен  қайырымдылық,  қарапайымдылық  етіп  жүреді,  бұлар     
кісінің аты мен абыройына дақ түсірмейді. Кӛзқарас пен мінездегі түрлі жалған 
кӛріністер  (екі  жүзділік,  жарамсақтық,  жалтақтық,  күншілдік,  іштарлық, 
мақтаншақтық,  тәкаппарлық т.  б.)  нағыз  адалдық,  шыншылдықпен  еш  сыйыса 
алмайды.  
6)  Достық.  Бұл  ортақ  кӛзқараспен  мүдде,  мақсат  бірлігі  негізінде  пайда 
болып, уақыт сынынан ӛткен адамгершілік құндылығы мол тұрақты, тек адамға 


 
ғана тән жоғары сезім. Достық адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене 
түсуіне  жәрдемдеседі. Оның маңызды белгісі  -  ӛте берік, әрі  терең эмоциялық 
жақындық.  Ол  адамның  бір-біріне  сӛз  жүзінде  де,  іс  жүзінде  де  адал  және 
шынайы  болу,  ӛзара  терең  мүдделілік,  бір-біріне  толық  сену,  кайғы  мен 
қиыншылықта  ӛзара  қол  ұшын  беру,  ӛз  ара  жауапкершілік  пен  қамқорлық. 
Достардың  мінез,  темперамент  секілді  ерекшеліктері  түрліше  болып  келуі  де 
мүмкін.  Мәселен,  олардың  бірінде  қызбалық  не  шабандық,  тұйықтық  не 
жігерсіздік  т.  б.  мінез  кемшіліктері  кездесетіні  болады.  Бірақ  достыққа  бұлар 
кедергі  бола  алмайды,  қайта  нағыз  дос  бойындағы  осындай  кемшіліктерден 
арылуға кӛмектеседі. Әрине, сатқындық, екі жүзділік, ӛтірікшілік, тәкәппарлық, 
ӛзімшілдік  достықпен  сыйыспайды.  Жалқау,  менмен,  мәдениетсіз,  самарқау, 
салдырсалақ адам да бір-бірімен дос болып кӛгермейді. "Дос болма майда тілді 
күлгенменен, бимағына сырты жылтырап жүргенменен", - дейді Шал ақын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет