49. Деонтология және биоэтиканың қазіргі мәселелері Биоэтика — биологиядағы этикалық мәселелерді қарастыратын ғылым. Адам ғұмырын ұзарту, жасанды адамдарды өмірге келтіру және бейімдеу, талантты тұлғаларды генетикалық тәсілдермен сұрыптау, тұқым қуалайтын сырқаттармен күрес, адам ағзаларын дәрігерлік мақсаттарға пайдалану, т.б. қазіргі заманның өзекті мәселелеріне айналып отыр.
Биоэтикалық зерттеулерде моральдік қасиеттер бүкіл тіршілікті қамтитын эволюция арқылы сарапталады, оның алға жылжуына септігін тигізетіні — оң құндылыққа, қарсы әрекет ететіні теріс құндылыққа жатады. Биоэтика эволюциялық этика, экологиялық этика, әлеуметтік биология сияқты ағымдармен қатар дамыды. Биоэтиканың дамуына үлес қосқан ғалымдар: Г. Спенсер, Тейяр де Шарден, К. Уоддингтон, Д. Козловский, т.б. Биоэтикалық мәселелер қазіргі ғаламдық парадигмалармен тығыз байланысты.
Бүгінде биомедициналық этика төрт түрлі формада берілген:
1. Гиппократ моделі. Бұл модельдің негізгі қағидасы – «зиян тигізбеу». Дәрігер науқастың әлеуметтік сенмділігін алады. Гиппократпен берілген дәрігерлік ету қағидалары (460-377гг.) дәрігерлік этика бастаулары мен Гиппократ антында айтылады.
2. Парацельс моделі (1493-1541 гг.) – «жақсылық жасау»,орта ғасырда қалыптасқан. Бұның негізінде дәрігер мен науқастың эмоционалды сұхбаты жатыр. Оның негізінде емдік үрдіс қалыптасады.
3.4 Деонтологиялық модель немесе дәрігерлік этика, 1840 жылы қалыптасқан. (авторы Петров). Негізгі қағидасы намыс тазалығы мен міндеттік нақты орындалуы. Ол медицнақауымымен бекітілген ар—ұят кодексіне негізделген.
Биоэтика келесі мәселелерді қарастырады:
• -эвтаназия;
• -өзін-өзі өлтіру;
• -трансплантология;
• -өлім дерегінің ұйғарымы;
• -хопсистерді ұйымдастыру;
• -адамдар мен жануарларға жүргізілетін эксперименттерді ұйымдастыру;
• -әртүрлі психикалық ауруларға шалдыққан адамдармен қарым-қатынас жасау;
• -дәрігер мен пациент арасындағы қарым-қатынас;
• -балакөтеру (сурогат аналық ,гендік инженерия, т.б.)
Сонымен қатар, биоэтиканың өзекті мәселелеріне стерилицация мен контрацепция, жүктілікті жасанды тоқтату(аборт) жатады. Олардың бәрі организмнің репродуктивтік функциясына араласатын заманауи түріне жатады.
Жасанды ұрықтану.Биоэтика жасанды ұрықтану мәселесін де қозғайды. Бір жағынан, репродуктивті жаңа технологиялар адамзаттың баға жетпес құндылықтың бірі болып келетін некенің табиғатын бұзады. Екінші жағынан қарасақ- бұл кейбір бала туа алмайтын ерлі-зайыптылар үшін жалғыз ғана мүмкіндік.
Суррогат аналық.Биоэтика қарастыратын аса даулы мәселелердің бірі-суррогат аналық. Бұл әдісте туған ата-анасынан алынған ұрықтанған жұмыртқажасушасын басқа әйелдің жатырына енгізеді. Бұл суррогат ана бала көтеру үшін қажет. Босанған кейін, суррогат ана туған нәрестені биологиялық ата-анасына береді.Бұл баланың тәндік табиғатына жасалынатын манипуляцилар болғанымен, кейбір жұптар үшін бұл- толық отбасы құрудың жалғыз амалы.
Клондау әдісі.Адамды клондау әдісі гендік инженерияның жаңа әзірлемелерін қолдану арқылы ғана жүзеге асырыла алады. Қазіргі уақытта клондау әдісі туралы екі түрлі көзқарас бар. Біріншісі- клондау әдісі абсолютті этикалық әрі адамзат пен қоғам үшін қауіпсіз. Бұл көзқарасты қолдаушылардың айтуынша, клондау әдісі өлімсіздік пен түрлі дерттерді жоятын жол. Бұған қарама-қарсы көзқарас- клондау әдісінің аморальдігі. Бұл көзқарас бойынша, бұл әдіс ғылыммен толық зерттелмегендіктен, үлкен қауіп-қатер туғызады.
Трансплантология әдісі.Аса ауыр құқықтық пен этикалық сұрақтарды қозғаған- трансплантология әдісі. Бүгінгі күні жүрек пен бауыр, өкпе, сүйек кемігі, т.б. аса маңызды органдар ауыстырылып орналастырылады. Бұл әдістің мәселелері донор міндеттері мен құқықтарына, сонымен қатар, оның туыстарына, медициналық қызметкерлерге тиеді.
Эвтаназия.Этикалық мәселердің ішінен аса көп талқыланатыны- эвтаназия. Эвтаназия — Әлдебір әрекетпен немесе құралдармен, соның ішінде оның өмірін жасанды ұстап тұрған аспаптың жұмысын тоқтату жолымен, төзгісіз аурумен ауыратын науқастың өлімін тоқтату тәжірибесі..
Деонтология – ғылым емес, белгілі бір мамандықта, белгілі бір жағдайда сөйлесу және өзін өзі ұстаудың, принциптер мен дәстүрлерді қиыстыру өнері. Деонтология – бұл термин, медицинада медцина мамандарының қарым қатынастарында, сонымен қатар диагностика үрдісі қатысушылары, емі және алдын алуда жиі қолданылады
Деонтологияның негізгі принципі - адам жеке басының қамын ойламай, өз мүддесін халық пен қоғамның қажеттілігіне саналы түрде бағындыра отырып, жеке басының мүддесін қоғамдық мүддемен гармониялық түрде үйлестіре алуында.
Медициналық деонтология дегеніміз - медицина қызметкерлерінің адам баласы алдындағы, қоғам алдындағы атқаруға тиіс кәсіптік парызы мен өтеуге тиіс борышын оқытатын ілім.